• Blog news

«Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясына қатысу

«Туризм және болашақ энергиясы: СО2  қалдықтарын қысқарту»   халықаралық конференциясына қатысу 2017 жылы 26- 27 маусым аралығында Астана-Экспо конгресс-орталығында «Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К. Жуспекова, С.У. Жетписов, З.А. Абдурахманова қатысты.
Конференцияға 150 мемлекеттің өкілдері және 22 халықаралық ұйым, 46 елден волонтерлар қатысты. Конференция бағдарламасы үш сессияға бөлінді: Сессия 1: «Тұрақты көлік және туризм туризмдегі мобильділік», Сессия 2: «Қонақүй ісіндегі және тұрмыстық саладағы энергия болашағы», Сессия 3: «Тұрақты туризм дамуы үшін төменгі көміртекті моделі».
Сонымен қатар іс-шараға, оның ұйымдастырушысы болып табылған ДТҰ бас хатшысы Талеби Рифаи қатысты. Және де конференцияның ұйымдасуына үлес қосып, қолдау көрсеткен ҚР премьер-министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі, Экспо-2017 АҚ ұлттық компаниясы, және MEGA Center Managment», Самрук-Казына компаниялары.
Конференция барысында тұрақты туризм дамуы туралы сұрақтар қарастырылып, туризмнің басқа да бағыттарына тоқталды – бұл инновациялық тәсілдерді енгізуді талап ететін әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, авиациялық, медициналық, ғарыштық туризм және т.б.

ТУРИСТЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САПАРЫНАН ОРАЛДЫ

ТУРИСТЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САПАРЫНАН ОРАЛДЫ«Туризм» мамандығының 1 курс студенттері 05.06.2017 ж. - 10.06.2017 ж. аралағында Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи аумағында орналасқан «Кооператор» ССЛ-нде оқу-жаттығу тәжірибесін өтті.
Тәжіриби нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру әдістері мен өткізу дағдыларын меңгерді. Университтен тәжірибе жетекшісі ретінде Королев В.В. және Маймурунова А.А. барды.
Тәжірибе нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру және дайындық жүргізу ерекшеліктерімен, өткізу әдістерімен танысты.Және жетекшілермен бірге туристік аумақ бойынша экскурсияларға қатысты.
Студенттер университет ректоры Е.Б., Аймагамбетовке және ҚБФ деканы Ф.С. Момышеваға және туризм және мейрамхана ісі кафедра меңгерушісі Б.Т. Матаеваға аталмыш тәжірибені өтуге көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіреді.

«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі

«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігіСаяхат жасау арқылы арқылы адам жан-жақты байи түседі. Ал жаңа білім алу мақсатындағы саяхаттау екі есе сәттілікке бағытталады. ҚҚЭУ-ң «Туризм» мамандығының студенттері 25.06.2017 жылы Будапеште (Венгрия) өткен халықаралық тәжірибеден оралды. Тәжірибе Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті базасында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында Венгриядағы дамыған жеке туризм түрлерінің ұйымдастырылуы ерекшеліктерімен және турөнімдердің құрастыру әдістері зерттелінді. Тур-31к тобының студенті Шәкенова Айшаның айтуы бойынша «Біз көптеген ұмытылмас әсер алдық, мұнда көргендеріміз келешектегі тәжірибелік жұмыстарымызда қолдануға, яғни шетелдік туристер үшін туристік машруттарды ұйымдастырудың жаңа әдіс-құралдарын енгізуімізге мүмкіндік береді. Осындай тәжірибе өтуге мүмкіндік жасаған университетке және әсіресе ректорЕ.Б.Аймагамбетовке өз алғыстарымызды білдіреміз».

Академиялық мобилділік

Академиялық мобилділік«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының СР-23 с/к тобы студенттері 06.02.2017-30.06.2017 ж. аралығында Белгород қаласы, «НИУ» Белгород Мемлекеттік Университетінде академиялық мобилділік бойынша оқудан өтті. Академиялық мобилділік уақытында БелМУ «НИУ» жетекшілігімен 2-ші халықаралық ШҰ елдері жастарының форумы өткізілді. Студенттердің айтуынша, оқу үрдісінде студенттердің логикалық ойлауы мен талдау жасауына, өзіндік қорытынды шығаруға үйрететін қазіргі заманғы оқу әдістері қолданылды. Сонымен қоса, БелМУ-дегі оқу студенттер өмірін мәдени-спорттық шаралармен толықтырды.
Біздің студенттер ҚҚЭУ ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараевичке және Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасына академиялық мобилділік бойынша шетелде оқуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді! Басқа жаңа тәжірибе іздеуші студент қауымына академиялық мобилділік қатысушысы болуға шақырады.

Краков экономикалық университетінің (Польша) PhD, профессорының қонақтарға арналған дәрістері

Қарағанды экономикалық университеті Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойған Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Біздің университет бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, атап айтқанда: Халықаралық Университеттер Ассоциациясы, Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы, EdNet білім беру мекемелерінің Ассоциациясы, ТМД елдерінің кооперативтік жоғары оқу орындарының кеңесі және басқалары.
ҚЭУ халықаралық ұйымдар мен олардың Қазақстандағы өкілдіктерімен белсенді ынтымақтасады. Атап айтқанда, Erasmus + Еуропалық Одақ бағдарламасы, Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD), Ұлыбритания Кеңесінің Ньютон Әл-Фараби атындағы Серіктестік бағдарламасы. Жыл сайын біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық географиясы кеңейтілуде, бұл сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағытына, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне, халықаралық бағдарламаларға қатысу бағытына қатысты.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік профессорлар магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды. 5-і мен 17-ші маусым аралығында Краков экономикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Януш Тэчке ҚЭУ шеңберінде дәріс оқиды. Ғалым Болон процесі контекстінде және біздің университетпен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда ғылым мен білімнің дамуына зор үлесі бар.
Профессор Януш Тэчкенің біздің университетте бірінші сапары емес екенін атап өткен жөн. 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті профессоры атанды. Краков ғалымы – қазіргі заманның түрлі жаһандық экономикалық форумдардың міндетті қатысушысы. Профессор бүкіл әлем студенттерімен өз білімімен бөліседі, ол Еуропа мен Американың жетекші жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. ҚЭУ студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға профессор «Қазіргі қоғамдағы менеджмент» пәні бойынша дәріс дайындады. Оның дәрістері тыңдаушылар арасында өте танымал болып табылады және оның ақжарқындығы мен тіл тапқыштығы біздің магистранттар мен докторанттар ішінде өз қабілеттілігін ашуға және тақырыпты терең оқуға мүмкіндік береді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL