• Blog news

Тілдер күніне арналған іс-шара

Тілдер күніне арналған іс-шара2017 жылдың 22 Қыркүйек күні КЭУК ғылыми-білім беру орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай зияткерлік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб және қытай тілдеріндегі қызықты тапсырмаларды қамтыды . Ойын барысында қатысушылар әрбір тілден бірнеше жаңа сөздер мен осы халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлерінен көптеген қызықты деректерді үйренді. Іс-шараның соңында шетелдік әдебиет залында студенттерге экскурсия ұйымдастырылды.

"Жер тагдыры - Ел тагдыры" атты кітап көрмесі.

"Жер тагдыры - Ел тагдыры"  атты кітап көрмесі.ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ҚЭУК кітапханасында Қазақстан тарихы,мәдениеті,салт-дәстүрлері жазылған кітаптардан жабдықталған кітап көрмесі қойылды. Көрмеде негізінен Қазақстанның тарихи тұлғаларына ерекше көңіл бөлінді.

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде" театрландырылған қойылым

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылымҚазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арнап КЭУ кітапханашыларының ұйымдастыруымен арнайы кеш өтті. Ұлы шешен, қоғамдық және саяси қайраткер, халықтың ханға бергісіз дана биі болған ,халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ,ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген Қазыбек бидің аты біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылған. «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру барысында біз тарихымызды,мәдениетімізді,тарихи ескерткіштерімізді қайта жаңғыртамыз.
Кештің өту барысында Ұлы шешеннен өсиет боп қалған шешендік сөздер айтылып,Қазыбектің туылған кезінен қойылым қойылды.Сондай-ақ тарихта маңызды орын алған жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезде Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барып қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдына «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз»деген кезеңнен қойылған қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеште ЭҚҚР кафедрасының магистранты,аға оқытушы А.Амантай Қазыбек бидің Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атауға ие болған заңдар жиынтығының жазылып, қабылдануына қосқан елеулі еңбегіне тоқталды.

Құрметті әріптестер мен достар! Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Сізді Халықаралық туризм күнімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер мен достар! Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Сізді Халықаралық туризм күнімен құттықтайды!Бүгінде туризм көлемі бойынша үшінші экспортты сала болып табылады. Тек өткен жылда xалықаралық шекараны 1,2 миллионнан астам адам өткен. Болжамдар бойынша 2030 жылы бұл көрсеткіш 1,8 миллиард адамды құрайтын болады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылды даму мақсатында тұрақты туризмнің Халықаралық жылы деп жариялады. Бұл барлығымыз бірге жиналып, туризмді адамның XXI-ғасырдағы ұлы қызмет-әрекеті ету және адамдар, планетамыз, бейбітшілік үшін жарқын болашақ құру үшін үлкен мүмкіндік береді. Халықаралық туризм күні саяхаттау кезінде келесіні естен шығармауға шақырады:
ТАБИҒАТТЫ ҚҰРМЕТТЕУ,
МӘДЕНИЕТТІ ҚҰРМЕТТЕУ,
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ.
Сіз жарқын болашақтын елшісі бола аласыз.
Саяхаттаңыз және шаттыққа бөленіңіз!
Бақытты Халықаралық туризм күнімен!

Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу

Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу11-14 қыркүйек 2017 ж аралығында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Erasmus + Cactle жобасы аясында «Ортаазиялық оқыту, білім беру жіне кәсіпкерлік орталығы» атты 6-шы координациялық кездесу өткізді. Кездесуге Европалық Одақ елдерінен (Австрия, Германия, Чехия) және Орталық Азия елдерінен (Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан) серіктексер қатысты. Қарағанды экономикалық университетінен кездесуге экономика және құқық кафедрасының аға оқытушысы. Байбосынов С.Б., ҚСС кафедрасының э.ғ.к., доц. Улаков Н.С., ҰЭ және ХҚ кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбек Е.С., МИ кафедрасының доценті, PhD Омарова А.Т. және АЕЖ кафедрасының аға оқытушысы Муканова Ж.А. қатысты. Кездесу барысында жоба координаторлары мен байланысатын тұлғаларға арналған сессиялар және бизнес-тренерлер мен электронды құрастырушыларға арналған семинарлар өткізілді.
CACTLE жобасы аясында экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін Кәсіпкерлік экономикасы Департаменті базасында «Кәсіпкерлік пен бизнес» курсы құрастрылды. Курс кәсіпкерлік рух пен кәсіпкерлік ойлауды тәрбиелеуге, кәсіпкерлік мінез-құлықтың дамуына, алған білімдерін жеке бизнесті ұйымдастыру барысында қолдана білуге ықпал етеді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL