• Blog news

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мұхтар Шаханов – белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Университет және колледж студенттері М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды, оның шығармаларын тыңдап, өздері де халықтың көңілінен шыққан таңдаулы өлеңдерді оқыды: «Төрт ана», «Желтоқсан алаңы», «Мені неге Мұхтар қойған», ақынның сөзіне жазылған белгілі «Әке туралы жыр», «Туған күн кешінде» және т. б. әндерді орындады. Мұхтар Шахановтың шығармалары елдің болашағының өркендеуіне қандай үлес қосатыны барлық адамдарды толғандырады. Майдан алаңында ғана емес күнделікті өмірде де, мысалы оқуда, тұрмыста, жұмыста да ерлік жасауға болады. Кеште студенттердің назарына «Ұлт тілін ұлықтаған» және «Қайсар рухты ақын» атты көрмелер ұсынылған. Кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Стандартты және сапалы

Стандартты және сапалы

13.10.2017 ж. «Тауар және сертификаттау» кафедрасы «Стандарттау және халықаралық стандарттау күні» тақырыбына арналған «Стандарт және сапа» оқу-кәсіби бағдарлау қызметін өткізді, іс-шара 3 тілде өткізілді. Конкурс «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттері мен KEBiP тобының түлектері болды.

Аспаздық өнер фестивалі

Аспаздық өнер фестивалі

17.10.2017 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының студенттері, «Тауар зерттеулер мен сертификаттау» кафедрасы XVII Халықаралық аспаздық студенттер фестивалінің On-line конкурсына қатысып, «ECO-Cooking» қызметіне ANO VO-да өткізілген «Белгород ынтымақтастық университеті, экономика және құқық ».

«Enactus KEU» клубының алғашқы отырысы

«Enactus KEU» клубының алғашқы отырысы

2017 жылдың 13 қазан күні университетіміздің «Достық» коворкинг-орталығында «Enactus KEU» клубының алғашқы отырысы  өткізілді.

Осы кездесуде жаңа құрылған команда «Enactus KEU» халықаралық бағдарламасының жетекшілері және өкілдерімен – э.ғ.д., профессор, эдвайзер Д.Р. Сиқымбаевамен, командасының үйлестірушісі М.Т. Юсуповпен кездесті.

«Enactus-KEU» эдвайзері, э.ғ.д., профессор Сиқымбаева Д.Р. «Enactus Kazakhstan» конкурстарына қатысу үшін өтінімді дайындау және «Бизнес-жоспарды қалай әзірлеу керек» тақырыптар бойынша баяндама жасады.

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АКЦИЯСЫ !!!

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АКЦИЯСЫ !!!2017 жылдың 12 қазанында «Экология» мамандығының 1 курс студенттері Орман күніне орай «Жасыл белдеу» акциясына қатысты, Акция Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау музейінің қолдауымен өтті.
Қарағанды қаласы № 102 мектеп-лицей аумағында 100 көшет отырғызылды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL