Оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға және жас ғалымдарға арналған «Қалалар 2030: Пандемиядан кейінгі кезеңдегі тұрақты даму технологиялары» V Халықаралық жобалар байқауы

Оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға және жас ғалымдарға арналған «Қалалар 2030: Пандемиядан кейінгі кезеңдегі тұрақты даму технологиялары» V Халықаралық жобалар байқауы9 қарашада Свердлов облысы Екатеринбург қаласында "2030 қаласы: пандемиядан кейінгі дәуірдегі тұрақты даму технологиялары" атты мектеп оқушылары, студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдардың V Халықаралық байқауы өтті.бұл байқауға Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының студенттері, Тур-20-2 тобының студенттері Каул Марк және Мазанкова Алевтина қатысты. Біздің студенттер 1 орынға ие болды және дипломмен, сондай-ақ қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

"ШОУМИР ДОМ СОЛНЦА ЕГИПЕТ" халықаралық онлайн-шығармашылық фестивалінде сән театрын 1 орынмен құттықтаймыз!

"ШОУМИР ДОМ СОЛНЦА ЕГИПЕТ" халықаралық онлайн-шығармашылық фестивалінде сән театрын 1 орынмен құттықтаймыз!

"Восток" коллекциясымен сән театры Хургада қаласының "Шоумир дом солнца Египет" атты бірінші халықаралық онлайн-шығармашылық фестиваліне қатысты, оның нәтижелері бойынша 1 дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Фестиваль Хургада қаласындағы (Египет) Бас консулдығының қолдауымен өткізілді.
Қатысушылар:
1. Эккерт Кристина гр.МК20-2
2. Серікова Дильнияз гр.Р Д 20-1 к
3. Тимофеева Настя гр.РД19-3
4. Аринова Алина гр.Тур 20-2
Жетекшісі Ангелова А. А.

Сән театрының қатысушыларын құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз!

"City Voice" вокалдық байқауында БАС ЖҮЛДЕ

"City Voice" вокалдық байқауында БАС ЖҮЛДЕ

2021 жылдың 7 қарашасында Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында "City Voice" караоке –конкурсы өтті, конкурс қорытындысы бойынша біздің "Мэлоди" вокалдық студиясының әншісі Меней Жұлдыз (ТД-18-1к тобынын студенті) Гран При жеңіп алды! Жеңісіңізбен құттықтаймыз, Жұлдыз!

Студенттік Парламенттің жаңа құрамы таңдалды

Студенттік Парламенттің жаңа құрамы таңдалды

Студенттік парламент студенттік өзін-өзі басқарудың өкілді органы болып табылады.

Студенттік Парламент депутаттары не істейді?
-студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, соның ішінде олардың мүдделерін қозғайтын білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешуге белсенді қатысады;;
- білім беру және ғылыми міндеттерді шешуге, бос уақытты ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі;
- Жастар бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етеді;
- республикалық және облыстық жастар ұйымдарымен және қозғалыстармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Университеттегі оқудан тыс өмір саласында жаңа идеялар бар, бірақ оларды қалай жүзеге асыруды білмейсіз бе? Парламент депутаттарына батыл жүгіне аласың!

Студенттік ортадағы құқық тәртібі

Студенттік ортадағы құқық тәртібі2021 жылдың 02-03 қарашасында Михайловский ПБ ЖПҚ МӨБ МПҚБ УПИ инспекторлары Д. Такенова, А. Кулейменова және полиция капитаны Ж. Балагазин Михайловский ПБ УПИ-мен бірлесіп, №1,3,4 университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында темекі шегудің, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың, былапыт сөздердің алдын алу, кәмелетке толмағандардың кейінірек көшеде және көңіл көтеретін орындарда ата-анасының еріп жүруінсіз болуы және т. б. мәселелер бойынша әңгіме өткізілді. Студенттердің назарына қоғамдық тәртіпке қол сұғатын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін әкімшілік заңнаманың нормалары жеткізілді.

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі туралы" ғылыми семинар

04.11.2021 ж. сағат 16-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна "Zoom" платформасында "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау тәртібі туралы" тақырыбында он-лайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ оқытушылары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми стипендияға үміткерлер үшін ҚР БҒМ құжаттарды ресімдеу және тапсырудың ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелері, ғылыми стипендиялар алуға үміткерлерді іріктеудің өлшемдері мен тәртібі қаралды.
Семинарда оқытушылар ғылыми стипендияларды алуға арналған ғылыми жұмыстарды қарау критерийлері, құжаттаманы ресімдеу және жұмыстарды ҚР БҒМ-ге беру және қарау мерзімдері бойынша сұрақтар қойды.

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

НАУЧНЫЙ СЕМИНАР ДЛЯ МАГИСТРАНТОВ И ДОКТОРАНТОВ КарУК

02.11.2021 ж. сағат 13-00-де бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна ҚҚарУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Zoom" платформасында "Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚарУ магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері, Қазақстандағы инновациялық қызметтің өзектілігі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде магистрлік және докторлық диссертацияларды жазудың практикалық мәселелері қаралды.
Семинарда ғылыми және инновациялық қызметтің міндеттерін құрайтын негізгі мақсатты сипаттамалар, ғылыми жұмыстардың мәні, мазмұны мен құрылымы, ғылыми және статистикалық ақпарат көздерін іздеу бойынша мәселелер талқыланды.

Мамандық тандау оңай жұмыс емес!

Мамандық тандау оңай жұмыс емес!

29 қазанда 2021 жылы біздің университеттің аға оқутышысы (Нуркеева Б.А., кафедра ШжОТ) Қарқаралы қаласындағы №1 мен №44 орта мектебіне барды.
Кездесу барысында университет қызметкерлеріне балаларға кәсіби бағдар беруге және оқу бағдарламасын таңдауға көмектесуге бағыталған сауалдама жүргізілді.
Мектеп түлектері, Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы университетінің жетістіктері туралы, оның мамандықтары мен университетіміздегі артықшылықтары (жеңілдіктер, гранттар, ұтқырлық, спорттық және мәдени бағыттар және т.б.) туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады. Онлайн іс-шара кезінде университет туралы демонстрациялық бейнеролик шынайы әсер жасауға көмектесті,. 11-сынып оқушылары қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Университетке түсуге қатысты сұрақтарыңыз болса, 8/7212/44-15-72 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

Шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп оқушыларының арасында шет тілдері бойынша тілдік олимпиада өткізді.

Олимпиадаға Қарағанды ​​және Саран қалаларының мектептерінен 57 оқушы қатысты. Олимпиада онлайн режимде өтті. Жеңімпаздар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Жеңімпаздар:

1-ші орын  – Маханова Лаура, №16 мектеп

1-ші орын  – Урумбаева Анель, гимназия №1

2-ші орын  – Сергиенко Вадим, гимназия №1

2-ші орын  – Серик Табигат, №57 мектеп

3-ші орын  – Иманбаева Инжу, №57 мектеп

3-ші орын  – Нурдылда Канагат, №23 мектеп.

         Олимпиадаға қатысқандары үшін барлық оқушыларға алғыс айтамыз!!!

Сонымен қатар, п.ғ.к, профессор Г. Т. Әубәкірова мектеп мұғалімдеріне «Оқушылардың түрлі деңгейлік топтарының шет тілдерін оқытудағы заманауи үрдістері мен тәсілдері»  тақырыбында семинар өткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Шет және орыс тілдері кафедрасы

 

ERASMUS DAYS 2021 КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ERASMUS DAYS 2021 КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті Erasmus Days 2021 аясында ұйымдастырылған викторинаның жеңімпазы – Елена Володченконы, Ю-18-4 тобының студентін құттықтаймыз.
Біз сіздің Еуропалық Одақ бағдарламаларына және академиялық ұтқырлыққа, білім мен тәжірибеге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Еленаға оқуда сәттілік тілейміз!

Мәнерлеп оқу сайысы

Мәнерлеп оқу сайысы27 қазан күні Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен кітапханада «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты - студенттер жастар арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген және өз ана тілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Байқау қатысушылары қазақ тілінде және өз ана тілдерінде поэзиялық шығармаларды жатқа оқып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL