Практикалық психология: метафоралық ассоциативті карталарды қолдану тәжірибесі
2022 жылдың 7 сәуірінде «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасында психология ғылымдарының кандидаты, Башқұрт мемлекеттік университетінің Стерлитамак филиалының психология-педагогикалық білім кафедрасының доценті Газизова Регина Расиховнаның онлайн-дәрісі ұйымдастырылды. Бұл университетпен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибесі оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шектелді. Бірақ қазір Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде психологтардың даярлануына байланысты ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл аясы айтарлықтай кеңеюде. Ресейлік университеттің практикалық психологтарды дайындаудағы тәжірибесі әртүрлі және өте пайдалы, сондықтан, «Психология және білім берудегі менеджмент» ББ 1 курс студенттері бұған сенімді болды.
Клиенттермен жұмыс жасаудағы заманауи психотехника мен технологиялар, олардың артықшылықтары мен шектеулері, әсер ету салалары мен қолдану ерекшеліктері әсіресе қызықты. Практикалық психологтың жұмысында метафоралық ассоциативті карталарды қолдану туралы болашақ психологтарға Газизова Р.Р. өз дәрісінде айтып берді. Студенттер мен оқытушылар көптеген қызықты сұрақтар қойып, пс.ғ.к, доцент Газизова Регина Расиховнаға мазмұнды кездесу мен ынтымақтастық үшін.алғыстарын білдірді.