9-шы қазан 2015 жылы КЭУК базасында МОЖНО» Рестобардың шеф-аспазшысы Максим Михеевпен мастер-класс өтті.
Мастер-класс «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша теоретикалық білімді бекіту үшін сабақтан тыс уақытта өткізілді.
Максим Михеев «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының студенттеріне өзінің кәсіби қызметі жайлы, аталмыш кәсіпорындағы жұмысының ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Студенттер тәжірибе өтеді, РД-41 тобының студенті специальности Ресторанное дело и гостиничный бизнес проходят практику, Коцур Константин жұмысқа шақырылды, ол аталмыш мастер-классты өткізуге көмектесті.
«Можно» рестобарының шеф-аспазшысы Михеев Максим Италиядағы Турин каласында орналасқан аспазшылар шеберлігін аспазшылар мектебінде оқыған. Италиядағы аспазшылар Ассоциация мүшесі болып табылады.

1-ші және 8-ші қазан 2015 ж. РД-41, РД-24с, РД-33с және РД-32 топтарының студенттерімен мекеме базасында «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша «Қонақжай индустриясындағы қызмет көрсетуші персоналдардың сипаттамалары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ «Рестро - тур» түрінде өткізілді. Сабақ барысында студенттері бизнес класс деңгейіндегі асханаларда болды: «Rational», «Sky», «Dolche» кафелері. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берген:
Стригунов Александр - «Rational» бизнес класс асханалар торларының бас директорының орынбасары;
Судари Виктория - «Dolche»;
Кинаят Тархат - «Sky» кафесінің администраторы
Сабақ Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілінің қатысуымен өткізілді. Сабақ нәтижесінде «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында эссе жазды.
«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары Б.Т. Матаева және Е.И. Шабанова «Туристік-өлкетану жұмыстары» курсын игеру барысында «Туризм» мамандығының 1,3 курс студенттерімен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы базасында сабақ ұйымдастырды. Онда студенттер ғалымдардың өлкетанушылық зерттеулерінің нәтижелері және мұражайдың экспозициялық залдарының коллекцияларымен танысу мүмкіндігін алды.
25 қыркүйек 2015 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Бедельбаева М.В. және Гарипова А.А. кафедра мамандықтарының студенттерімен бірге Астана қаласындағы көрме орталығында өткен туристік көрмеге барды. Аталмыш көрмеге 25 елдің 65 компаниясының өкілдері қатысты. Сапар барысында студенттер Тұңғыш Президенттің мұражайында болды.
22-ші қыркүйек 2015 жылы Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге орай туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Теміртау қаласында орналасқан Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырду. Экскурсияға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша біздің университетте оқып жатқан БелМУ және Көкшетау мемлекеттік университеттінің студенттері қатысты.
21 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы оқытушылары Тутинова Н.Е., Исина С.С. тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты: Ю-11к, СР-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к, Лог-11к, МК-11к, УА-11к,Э-11к, ГМУ-11к, Эко-12к. Іс-шара екі кезеңнен өтті: концерттік бөлім және интеллектуалды ойын. Концерттік бөлімінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен арнайы шақырылған қонақтар мен бірінші курс студенттері өлең айтып, домбырада ойнады.
Интеллектуалды ойынға 5 топқа бөлінген топ студенттері қатысты:
1топ. «Тәуке хан»
2топ. «Әбілхайыр хан»
3топ. «Керей мен Жәнібек»
4 топ. «Абылай хан»
5 топ. «Қазақ хандығы»
Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Әбілхайыр хан» тобы жеңімпаз атанды. Қалған топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.
17-ші қыркүйек 2015 жылы БелМУ-дің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келген «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының студентері Астана каласына экскурсияға барды. Онда Қазақстан Республикасы астанасының көрікті жерлерімен, қонақжайлылық индустриясы нысандарымен танысты. Студенттерімеен аталмыш экскурсияға барған туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Т.Н. Алексеенко.
Студенттерге аса қызығушылық тудыртқан ҚР Ұлттық мұражайы. Экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдени, саяси дамуы туралы айтып берді. Және де олар мұражайдың тарихи залына, этнография залына, заманауи өнер залына, тәуелсіздік залдарын аралады.
2015ж. 18 қырқұйекте ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ЖАОК онлайн-оқыту» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинарын ұйымдастырып, «Жаппай ашық онлайн-курстары» туралы ақпаратты таратуға бағытталған материалдың тұсаукесерін өткізді. Семинардың мақсаты: университетте ЖАОК туралы ақпарат беру, дүние жүзінің қандай университеттері қазіргі уақытта ақысыз оқытып, осы курстар ЖОО оқу процессіне қалай көмек көрсете алады және т.б.
Жинақталған тәжірибеге шолу жасалып,осы білім беру ресурсының даму болашақтарының мүмкін үрдістері белгіленді. Семинарға университеттің проректорлары мен декандары, кафедралардың меңгерушілері, Қашыктықтан оқыту орталығының мамандары қатысты.
Сөйлегендер: ҚОО директоры – Аманов И.А., ҚОО директорының орынбасары – Дрозд В.Г., «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі – Емелина Н.К..
Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айының 16 күні кітапхананың ақпараттық-білім беру орталығында «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына университет пен ҚЭБҚ колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қоса академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен арнайы шақырылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсембекова Нұрсахан Ахметқызы және ф.ғ.к., доцент Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы қатысты. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақ хандығының пайда болуы, хандықтың құрылуына зор үлесін қосқан тарихи ұлы тұлғалардың үлесі төңірегінде мәселелер қарастырылып, Қазақстанның мәдениет саласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырылды. Аталған шараның соңында қонақтақға құрмет көрсетіліп, университет атынан әдеби кітаптар сыйға тартылды.
15-ші қыркүйек күні 105-ші аудиторияда Дүниежүзілік туризм күніне араналған кафедраның халықаралық ынтымақтастығы туралы прзентациясы өтті. Аталмыш іс-шараға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша келген Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеттінің студенттері қатысты. Оларда өз университтері туралы айтып берді.
Бірінші болып, іс-шараны бастаған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.К. Жуспекова құттықтау сөз сөйледі.
Және де кафедра мамандықтарының өткен оқу жылында халықаралық тәжірибе, ішкі және сыртқы акдемиялық мобильділік, қысқы және жазғы мектеп бағдараламаларына қатысқан студенттері қатысты. Олар өздерінің өткен тәжірибелері мен тағылымдамалары туралы, алған әсерлерімен бөлісті. Бірінші курс студенттері оларлы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарды белсенді койды.
Аталмыш іс-шара студенттерге университет пен кафедраның шетелдік ЖОО –мен халықаралық ынтымақтастығы туралы білуге мүмкіндік береді.
Талқыланған сұрақтар университеттегі
Талқыланған сұрақтар бірінші курс студенттеріне біздің университеттегі жаңа оқу жылына дайындық береді.