2015 жылғы қазан айының 22-23 күндері аралығында университет кітапханасының ғылыми-білім беру орталығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиаданы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
12-ші қазан 2015 ж. РД-41 тобының студенттерімен мекеме базасында «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Г.К. Замбиновамен сабақ өткізілді.
14-ші 2015 жылы жастарға мәдени-адамгершілік және саяси тәрбие беру мақсатында туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» КарЛАГ мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Аталмыш экскурсияға мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан БелМУ студенттері мен кафедра мамандықтарының 1-ші курс студенттерінен тұратын 50 студент қатысты.
9-шы қазан 2015 жылы КЭУК базасында МОЖНО» Рестобардың шеф-аспазшысы Максим Михеевпен мастер-класс өтті.
Мастер-класс «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша теоретикалық білімді бекіту үшін сабақтан тыс уақытта өткізілді.
Максим Михеев «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының студенттеріне өзінің кәсіби қызметі жайлы, аталмыш кәсіпорындағы жұмысының ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Студенттер тәжірибе өтеді, РД-41 тобының студенті специальности Ресторанное дело и гостиничный бизнес проходят практику, Коцур Константин жұмысқа шақырылды, ол аталмыш мастер-классты өткізуге көмектесті.
«Можно» рестобарының шеф-аспазшысы Михеев Максим Италиядағы Турин каласында орналасқан аспазшылар шеберлігін аспазшылар мектебінде оқыған. Италиядағы аспазшылар Ассоциация мүшесі болып табылады.

1-ші және 8-ші қазан 2015 ж. РД-41, РД-24с, РД-33с және РД-32 топтарының студенттерімен мекеме базасында «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша «Қонақжай индустриясындағы қызмет көрсетуші персоналдардың сипаттамалары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ «Рестро - тур» түрінде өткізілді. Сабақ барысында студенттері бизнес класс деңгейіндегі асханаларда болды: «Rational», «Sky», «Dolche» кафелері. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берген:
Стригунов Александр - «Rational» бизнес класс асханалар торларының бас директорының орынбасары;
Судари Виктория - «Dolche»;
Кинаят Тархат - «Sky» кафесінің администраторы
Сабақ Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілінің қатысуымен өткізілді. Сабақ нәтижесінде «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында эссе жазды.
«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары Б.Т. Матаева және Е.И. Шабанова «Туристік-өлкетану жұмыстары» курсын игеру барысында «Туризм» мамандығының 1,3 курс студенттерімен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы базасында сабақ ұйымдастырды. Онда студенттер ғалымдардың өлкетанушылық зерттеулерінің нәтижелері және мұражайдың экспозициялық залдарының коллекцияларымен танысу мүмкіндігін алды.
25 қыркүйек 2015 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Бедельбаева М.В. және Гарипова А.А. кафедра мамандықтарының студенттерімен бірге Астана қаласындағы көрме орталығында өткен туристік көрмеге барды. Аталмыш көрмеге 25 елдің 65 компаниясының өкілдері қатысты. Сапар барысында студенттер Тұңғыш Президенттің мұражайында болды.
22-ші қыркүйек 2015 жылы Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге орай туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Теміртау қаласында орналасқан Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырду. Экскурсияға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша біздің университетте оқып жатқан БелМУ және Көкшетау мемлекеттік университеттінің студенттері қатысты.
21 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы оқытушылары Тутинова Н.Е., Исина С.С. тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты: Ю-11к, СР-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к, Лог-11к, МК-11к, УА-11к,Э-11к, ГМУ-11к, Эко-12к. Іс-шара екі кезеңнен өтті: концерттік бөлім және интеллектуалды ойын. Концерттік бөлімінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен арнайы шақырылған қонақтар мен бірінші курс студенттері өлең айтып, домбырада ойнады.
Интеллектуалды ойынға 5 топқа бөлінген топ студенттері қатысты:
1топ. «Тәуке хан»
2топ. «Әбілхайыр хан»
3топ. «Керей мен Жәнібек»
4 топ. «Абылай хан»
5 топ. «Қазақ хандығы»
Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Әбілхайыр хан» тобы жеңімпаз атанды. Қалған топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.
17-ші қыркүйек 2015 жылы БелМУ-дің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келген «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының студентері Астана каласына экскурсияға барды. Онда Қазақстан Республикасы астанасының көрікті жерлерімен, қонақжайлылық индустриясы нысандарымен танысты. Студенттерімеен аталмыш экскурсияға барған туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Т.Н. Алексеенко.
Студенттерге аса қызығушылық тудыртқан ҚР Ұлттық мұражайы. Экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдени, саяси дамуы туралы айтып берді. Және де олар мұражайдың тарихи залына, этнография залына, заманауи өнер залына, тәуелсіздік залдарын аралады.