Кәсіптік бағдарлау жұмысы

Кәсіптік бағдарлау жұмысы2015 жылдың 11 ақпанында Кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор Мештаева Б.С. кездесті, Қарағанды экономикалық университеті буклеттерін оқушылар арасында таратты. 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысты. «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. Г.Мұстафин атындағы №83 ОББМ стенділеріне жарнамалық буклеттерді орналастырды.

ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

2015-2017 жылдарға ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздары болуымен ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
Ғылыми-зерттеу қызметінде онан арғы табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз.

«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі

«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі 2015 жылдың 28 қаңтарында салалар бойынша 0519000 «Экономика» мамандығының пән аптасы шеңберінде Оспанова Г.С. және Несипбаев Р.Е. оқытушыларымен Э-31к, Э-32 студенттік топтары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Экономикалық кафе» ойыны өткізілді. Аудиторияда кафе көрінісі жасалынды. Бес айналым ұсынылды: "Дәмтатымдар", "Бірінші тағамдар", "Екінші тағамдар", "Десерт", "Сусындар". Қатысушылар кезектесіп тағамдарды таңдады, сұрақтарға жауап берді. Тағамдар ассортименті алуан түрлі. Ұсынылды: экономика деңгейіндегі бутербродтар, "Қажеттілік" атты кесіліп қуырылған нандар, ақшадан жасалынған винегрет, сұраныс пен ұсыныстан дайындалған щи, "Берекелі" торты және тағы басқалар.
Жюри қорытындысын жасады. Әрбір топ өз капиталын жинады. Дегенмен, ең рентабельді болғандар Э-32 тобы. Белсенді қатысқан студенттер: Досов Адиль, Жунуспеков Азат, Садвокасова Гульмира, Гурский Стас.

«Менің мамандығым – заңгер: Сочи- 2015»

«Менің мамандығым – заңгер: Сочи- 2015»2015 жылдың 26 қаңтарынан 2 ақпанына дейін РХДУ Сочи институтында (филиалында) заң жоо-ның оқытушылары мен студенттеріне арналған «Менің мамандығым – заңгер: Сочи - 2015» атты халықаралық Қысқы академия өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары заңгерлік жоо Ассоциациясы (Мәскеу қ.), РХДУ (Мәскеу қ.), Үш елдің өкілдері, 50-ден астам қатысушылар.

Қысқы академияның жұмыс шеңберінде, «Юриспруденция» мамандығының студенттері Ю-22 Блялова Д., Ю-31с/к Толегенова Д. халықаралық оқу және өндірістік тәжірибеден өтті, профессор Весельская Н.Р., доцент Нурпейисова А.К. «Заңгердің кәсіби құзыреті – қалыптастыру әдістемелері» атты халықаралық квалификацияны жоғарылату курстарынан өтті.

БСҚА ұсыныстарын жүзеге асырудың жоспары

5В051300 Әлемдік экономика, 5В070400 Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 5В090500 Әлеуметтік жұмыс, 5В090800 Бағалау, 5В090200 Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі білім беру бағдарламалыры бойынша инстутционалды/мамандандырылған аккредиттеуден тиімді нәтижелер алу мақсатымен сыртқы эксперттік бағалау (аудит) топтарының ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын орналыстырып жатырмыз.

Информатика бойынша олимпиада

Информатика бойынша олимпиада2015 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды экономикалық университетінің «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы Қарағанды қаласы мен серіктес қалалардың 10-11 сыныптары оқушылары арасында информатикадан олимпиаданы табысты өткізді.
Олимпиадаға 12 орта оқу орындарынан 72 оқушы қатысты. Олимпиаданың басты мақсаты болып: орта білім беру орындары оқушыларының информатика өрісіндегі білімдері деңгейін анықтау және шығармашылық біліктілігін дамыту, оларды оқу-зерттеу әрекеттеріне ынталандыру, кәсіби бағдарлау және білімін кеңейту.
Ашылуы, олимпиаданың өткізілуі, қорытындыларды жасау мен қатысушыларды марапаттау «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасымен жасалынды. Марапаттау салтанатты түрде жүргізілді.

Выезд в ра«Ашық есіктер күні» шеңберінде № 1 Гимназияға жасалған сапар

 Выезд в ра«Ашық есіктер күні» шеңберінде № 1 Гимназияға жасалған сапарСтратегиялық даму департаментінің маманы Краснощекова Елена Александровна мен «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары Борисова Елена Ивановна, Ермекова Кульмария Абдуалиевна «Ашық есіктер күні» шеңберінде № 1 Гимназияға сапар шекті.
«Банк ісі» кафедрасының оқытушысы, доцент Борисова Елена Ивановна № 1 Гимназияның директоры Рябова Иннамен жүздесті .
«Банк ісі» кафедрасының доценті Борисова Е.И. бітіруші сынып оқушыларын Қарағанды экономикалық университетінің білім беру бағдарламаларымен таныстырды.
Оқушылар және олардың ата-аналарына арналып № 1 Гимназияның фойесінде жарнамалық-ақпараттық плакаты ілінді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!УА-13 тобының студенті Хузина Ляйсанды Жоғарғы математика пәні бойынша Университетаралық олимпиадада II жүлделі орынды иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Ашық есіктер күні

Ашық есіктер күні«Банк ісі» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Талимова Лязат Азимовна, э.ғ.к., доценттер Гусманова Жанара Ахмеджаровна, Сайфуллина Юлия Магдатовна және аға оқытушы Ермекова Кульмария Абдуалиевна Қарағанды облыстық білім басқармасының КММ «№ 1 Қазақ-түрік лицей - интернатында» «Ашық есіктер күні» атты кездесуін өткізу мақсатымен барды.
«Банк ісі» кафедрасының оқытушылары э.ғ.д., доценттер Гусманова Жанар Ахмеджаровна, Сайфуллина Юлия Магдатовна университет өмірі жайында бейнежазбалар көрсетіп, университет мамандықтары туралы баяндады.

Университет мамандықтарымен таныстыру

Университет мамандықтарымен таныстыру2015 жылдың 19 қаңтарында № 2 Н.Н.Нұрмақов атындағы Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінде ҚЭУ Ашық есіктер күні өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты университет мамандықтарымен таныстыру (университет жөнінде бейнежазба көрсетілді, ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылды, ақпараттық сұхбаттасу өткізілді).
Оқушылар сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, шығарушы кафедралардың жетекші оқытушыларымен сөйлесті, олар мамандықтардың ерекшеліктерін анықтап берді.

Семинар

Семинар2015 жылдың 14 қаңтар күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы «ҚЭУ-дегі мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша орындалып жатқан іс-шаралар» атты семинар өткізді. (Жауаптылар: К.Т. Қабатаева, М.Ш. Тойжигитова).Семинарға проректорлар, бөлім басшылары, декандар, олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.Семинарда мемлекеттік тілдің қолдану және дамыту әдісін жетілдіру туралы тың ойлар айтылды. Семинарға қатысушылар белсенді түрде өз ойлары мен көзқарастарын білдірді. Олар: Ұлақов С.Н, Ханов Т.А., Гимранова Г.И, Кернебаев А.С, Жақсыбаева Г.М, Хауия С. т.б.Семинар соңында орта және жоғары деңгейлерге арналған курстардың оқулықтары мен сөздіктеріне презентация өткізілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL