Абай ауданы бойынша өңірлік-мобильдік тобының ЕҚФ деканы мен студент-волонтерлардың қатысуымен ММ «Абай ауданының білім бөлімінде» кәсібибағдарлық жұмысы.

Абай ауданы бойынша өңірлік-мобильдік тобының ЕҚФ деканы мен студент-волонтерлардың қатысуымен ММ «Абай ауданының білім бөлімінде» кәсібибағдарлық жұмысы.Аталмыш кәсібибағдарлық шарада «Абай ауданының білім бөлімі» ММ-де мектеп бітірушілер алдында ҚҚЭУ-нің ЕҚФ деканы э.ғ.д., профессор Накипова Г.Е., «Жоғарғы математика» кафедрасының аға оқытушысы Омарова М.Т., «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары Кульбаева Б.М., Исанов А.С. және студент-волонтерлар Аманжолова Айсұлу, Карина Анар, Темирханов Имам, Есинбекова Асия, Жиембаева Мадина және Бекетаев Аліби ҚҚЭУ және оның артықшылықтары жайлы ойлармен бөлісті. Шараны өткізу барысында мектеп бітірушілерге оқу орнын толық сипаттап беретін бейне-роликтар, буклеттер ұсынылды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИПДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИПДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Ағымдағы жылдың 7-8 сәуір күні аралығында, Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері арасында VІІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы Республика бойынша 8 команда қатысуға ие болған. Аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша, «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Абдакимова М.К. жетекшілігімен қатысқан «ОПЭК-11к» және «ОПЭК-41к» тобының студенттері Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Қуанбықов Сырымбет жүлделі 2 орынға ие болды. Жүлдегер командаға диплом мен сертификаттар, жүлдегер кубогі мен бағалы сыйлықтар және университет ректоры э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов атына алғыс хат берілді.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы байқаулар мен ғылыми ізденістерде мол табыстар тілейміз!

Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл» инвестиция» атты форум өтті.

Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл»  инвестиция» атты форум өтті.«Экология және бағалау» және «Экономика және менеджмент» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «ЭКСПО-2017: бизнес мүмкіндіктері мен «жасыл» инвестиция» атты форум өтті. Онлайн режимде Башкирия қатысты.
Форумға қатысқандар Қарағанды облысы экология департаментінің сарапшысы Әлиев Ж.И., Қарағанды облысы экология департаментінің сарапшысы Ибраева М.Б., Қалдықтарды қайта өңдеу зауыты директоры ЖШС TTC Мұқаев Е.К., ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

ҚАРМУ базасында өткен шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиада

ҚАРМУ базасында өткен шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиада2016 ж. сәуір айының 6-8 аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті базасында «Қазіргі қоғамның әлеуметтік—мәдени трансформациясы жағдайында тілдік білім беру» халықаралық ғылыми форум өтті. Форумда 8 елден және 26 таяу және қиыр елдердің ЖОО өкілдері шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты.
Біздің университеттің атынан МО-32 тобынан Шевченко Оксана, Смағұлова Жанар, УА-41к тобынан Абдакимова Әсел, МО-41 тобынан Оразбекова Әйгерім және МО-42 Майдабекова Мәдина. 3 турдың қарытындысы бойынша УА-41к тобының студенті Абдакимова Әсел ағылшын тілінен 3 орынға ие болды. (Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Жунусова А.К.).
Құттықтай отыра, алда басқа да табыстарды тілейміз !!!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында!2016 жылдың 8-ші сәуір күні «ӘЖ және ӘСП» кафедрасы Қарағанды облысының дін істері басқармасы мен Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дін: этникааралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты, соның ішінде: Стерлитамак, Астана, Павлодар, Орал, Алматы қалаларының жоғары оқу орындары.
Қарағанды аймағы бойынша ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚММУ, ОҚА, ҚҚЭУ-нің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары қатысты.
Модератор т.ғ.д., профессор, ҚҚЭУ-нің Әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Абилов К.Ж. ҚҚЭУ-де өтіп жатқан конференцияның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу жұмысының қысқаша мәнін ашып берді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.2016 жылдың 30 наурыз және 8 сәуір аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050800 «Есеп және аудит», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М090800 «Бағалау» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында «Актуальные вопросы учетно – финансового и информационного обеспечения современных предприятий и оценки их бизнеса» атты ғылыми тағылымдама аясында ҚЭУ магистранттарына бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және бизнесті бағалау бойынша өзекті тақырыптар талқыланды. Жеке алғанда статистикалық сараптауда, және болжамдауда қолданылатын компьютерлік әдістердің негізгі аспектілерін, басқару есебіне, заманауи есебіне және сараптауға, сыртқы қаржы бақылау жүйесіндегі аудиттің компания құнына әсер етуі, инвестициялық – инновациялық және қаржылық сараптау, инвестициялық жобаларды бағалау, кәсіпорынның құнын бағалау тәжірибесі және т.б., тақырыптар қарастырылды.
Тағылымдаманың ғылыми жағы Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында өтті және де магистрлік зерттеулер тақырыбына сай келетін шетел және ғылыми әдебиетпен танысты.

«.NET Framework —Microsoft бағдарламалық платформасы» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді.

«.NET Framework —Microsoft бағдарламалық платформасы» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді.7 сәуір 2016ж. АЕЖ кафедрасы ЖШС «Еpam Kazakhstan» бірлесіп «.NET Framework —Microsoft бағдарламалық платформасы» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді. ЕРАМ Systems – халықаралық ірі компаниясы. Ол тұтынушыларына корпоративті АТ-жүйелерін құрастыру мен дамыту бойынша толық қызметтер спектрін ұсынады. Мастер-классқа Айнур Жапарова – қызметке қабылдау маманы, Александр Гунгер – .Net. аға құрастырушысы, Алексей Слепенков – .Net. құрастырушысы, «Ақпараттық –есептеу жүйелері» кафедрасы және «Математика және информатика» ЭБҚК оқытушылары және «Ақпараттық жүйелер» және «Есепетеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.

«Әлемді өзгертетін идеялар»

«Әлемді өзгертетін идеялар»Бүкіл факультеттердің ең үздік студенттерінен, белсенділерінен іріктелген университет делегациясы 2016 жылдың 28-нен 30-на дейін «ҚР Тұңғыш Президентінің - Ұлт Лидерінің Кітапханасы» ММ базасында өткізілген, «Әлемді өзгертетін идеялар» екі күндік семинарлар-тренингтеріне қатысты.
Семинардың мақсаты - Жас ұрпақтың бойындағы Қазақстан тарихы туралы білім шеңберін кеңейтетін және олардың бойында қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыруға оң ықпал ететін, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерделеу.
Бағдарлама оқу сабақтары мен мәдени іс-шараларды қамтыды.
Ұлт Жоспарын - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде семинардың таңдаушыларына:
«Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру»,
«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсу», «Болашағы бір ұлт», «Ашық есеп беретін мемлекет» тақырыптарында дәрістер оқылды, интерактивті үстелдерде практикалық сабақтар өткізілді.
Мәдени іс-шаралар ҚР Ұлттық Мұражайын және ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайларын аралап көруді қамтыды.

Кәсіпорында менеджмент жүйесін енгізу» семинары

Кәсіпорында менеджмент жүйесін енгізу» семинары14.03.2016 ж. Қазақ стандарттау және сертификаттау институты Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Кәсіпорында менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға тауартану және сертификаттау кафедрасының ОПҚ қатысты. Казахский институт стандартизации и сертификации проводил семинар АО --- АҚ «АрселорМиталл Темиртау» көмір Департаменті - ЖШС «Нәтиже Сүт Фабрикасы» - ЖШС «Акнар» фирмасы

Университеттің 50 жылдық мерейтойының қарсаңында өткізілген «Бизнес және Құқық факультетінің Аруы - 2016» Сұлулар сайысы

Университеттің 50 жылдық мерейтойының қарсаңында өткізілген «Бизнес және Құқық факультетінің Аруы - 2016» Сұлулар сайысы2016 жылдың 1 сәуір күні Бизнес және Құқық факультетінде «Бизнес және құқық факультетінің Аруы -2016» сайысы өтті.
Бұл сайыс жылда Бизнес және Құқық факультетінің Студенттер конгрессі ұйымымен ұйымдастырылады. Сайысқа факультеттің 10 ару студенті қатысты: Олар:
1.Аманжол Алуа группа Тур-11к
2.Аниева Айтжамал группа ТПП-11
3.Райзаева Гульзира группа Ю-15к
4.Черныш Юлия группа Ю-12
5.Жарылгасинова Жансая группа Ю-11к
6.Касымова Айсулу группа -11к
7.Садвокасова Нина группа ТД -12
8.Бокова Айза группа РД-12
9.Искакова Даяна группа РД-12
10.Картай Мадина группа Ю-12.
Қатысушы арулар келесі сайыстық кезеңдерден өтті: «Видеотаныстыру», «Ақыл – ой сайысы», «Шығармашылық сайысы», «Дефиле».
Қатысушы аруларымыздың өнерін, дайындығын құзыретті әділ-қазылар бағалады, оның ішінде атап өтетін болсақ: «Roteck» компаниясы, «A-one» модельдік агенттігі, Снэккафе «Молодежка», «Sushi love» жеткізу қызметі, «Топчан» кафе жүйесі, «Инкогнито» клубы, «Шугаринг Пёрфект» студиясы, «Арткосметик» компаниясы және «ИдеалЛешез» компаниясы, «Штаб-Квартира», «Sky Walkers» би студиясы және т.б. Сайыстың демеушілері «Атланта 404» компаниясы, «Аспан», балмұздак зауыты, «Eastside» би студиясы, Мега Мюзик Фестиваль, Карағандының танымал фотографы Мирали Садықов, және «7Skay» караоке клубы.
Концерттік бағдарламада өз өнерлерін университетіміздің келесі студенттері көрсетті:
1.Нугуманова Улжан (УФФ)
2.Исаев Айтуар (ОПЭК-11к), Сапаргали Айнур (Ю-11к)
3.Тасбалта Нұрсұлу (ТПП-12к)
4.Рамазан Фариза (Тур-11к)
5.Науменкова Ксения (ТПП-32)
6.Силенок Карина (Тур-24с)
7.Тусупова Назерке (Ю-11к)
8.Амантаева Дидар (Ф-11с/к) және университетіміздің «GreenLight» и «B-block» секілді би командалары.
Қатысушы әр ару белгілі номинация бойынша сыйлықтарға ие болды
Сайыста «Бизнес және құқық факультетінің Вице-Аруы -2016» атағына ие болған Ю-11к тобының студенті Жарылгасинова Жансая, ал сайыстың жеңімпазы «Бизнес және құқық факультетінің Аруы - 2016» атағына ие болған Тур-11к тобының студенті Аманжол Алуа.

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел28.03.2016 ж. «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы» «Алаш Орда» партиясының жарқын лидерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 150-жыл толуына арналған іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Дөңгелек үстел кафедра оқытушылары мен университеттің барлық мамандықтарының студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында «Великие тайны великих людей» атты бейнеролик көрсетілімге ұсынылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL