Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!2016 жылы 1-ші қараша мен 20-шы желтоқсан аралығында Тур-22 тобының студенттері А.В. Сероухова мен С.К. Судоплатов сырттай формада өткен туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты. Нәтижесі бойынша олар келесі турға өтіп, ары қарай финалға қатысуға шақырылды. Қорытынды этап 2016 жылы 20-шы сәуірде Казан қаласында, Поволжск дене шынықтыру, спорт және туризм мемлекеттік академиясында өтті. Онда біздің студенттер қатысып, қорытыны турдың нәтижесі бойынша, А.В. Сероухова, бесінші орынға иеленіп, диплом алды.
Студенттер университет ректоры Е.Б. Аймагамбетовке Казан каласындағы туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатыстуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Қарағанды экономикалық университеті «Номад» командасын 2016 жылы 21-22-ші сәуір аралағында өткен VIII-ші Республикалық туризм бойынша студенттің олимпиададан 3-ші жүлделі орын алғандарымен құттықтаймыз!  
«Туризм» мамандығы бойынша Тур-32 тобының студенттері Алдангаров Казбек, Корытников Павел және Тур-35с тобының  студенті Каримов Азат,  Тур-22 тобының студенті Беднова Ангелина және Тур-24с тобының студенті  Трупякова Светлана қатысты.
Жарыс «Жосалы» санаторий-шипажайы базасында өтті, қатысушылар туризмнің белсенді түрлері бойынша сайысты.
Және де Тур-32 тобының студенті Алдангаров Казбекті олимпиадының  3-ші туры «EXPO-2017 көрмесі өткізу алдында туристік дестинация ретінде ҚР-ң BrandBook-ын» құрастыруда ең үздік ретінде танылып, «Пулково» авиакомпаниясының сыйлық сертификаты ұсынылды. 

Венгрияға іс-сапар

Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының А.А. Гарипова 11-15-ші сәуір аралығында Будапешт қаласындағы Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдары университетіндегі 6-шы халықаралық апталық және ERASMUS+international credit mobility конференциясына қатысып, «Туризм» мамандығы бойынша Венгрия және т.б. елдеріндегі студенттерінің қатысумен 8 сағаттық көлеміндегі дәріс оқыды.

Адам, Әлем, Атом

«Қазақтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Болат СЫЗДЫҚПЕН арадағы әңгіме негізінен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы болғанымен, Адам, Әлем және Атом атты ұлы ұғымдар арасындағы шым-шытырық байланыстың ауылына да ат шалдырылған еді.
http://egemen.kz/2016/04/14/34548

«Менің екінші үйім»

«Менің екінші үйім»Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсанында бизнес және құқық факультетінің деканатымен және студенттер Конгрессімен, университет жатақханаларының арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ережесі бойынша сайысқа университеттің № 1, 3, 4 жатақханаларында тұратын студенттер ғана қатысты. Сайыс 4 тур бойынша өткізілді. Жарыс барысында студенттер шынығу дәрежесін, төзімділігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Ең бастысы, олар алға қойылған тапсырманы бірігіп шешуді және берілген тапсырманы креативті орындауды танытты.
1-тур - ПЕЙНТБОЛ. Әр жатақханадан 10 (жігіттер мен қыздар) студенттен тұратын құрама топ қатысты.
2-тур «MORTAL-KOMBAT» және 3-тур – «ТВИСТЕР» қалада орналасқан «Некафе, тайм-кафе» мекемесінде өткізілді. Әр жатақханадан бір-бір ойыншы қатысты.
Сайыстың қорытындысы университетте Студенттердің мәдениет сарайында өтті. 4 тур барысында студенттер шығармашылық қабілеттерін шындай түсіп, өз өнерлерін концерт барысында көрсетті. Әр жатақханадан бір ән, бір би орындалып, студенттер келген қауымды тамсандыра білді.
Әділ қазылардың ортақ шешімі бойынша жеңімпаз болып №4 жатақхананың құрама командасы таңдалды.

Сары-Арка әуежайына шығу сабағы.

Сары-Арка әуежайына шығу сабағы.2016ж. 18 сәуір 11.00-ден 14.00-ге дейін Лог-22 Лог-23c, ТД-11к, MK-31, ТД-12, ТД-21к, ТД-22c, ТД-23, ТД-31к топтарының студенттері «Маркетингтік логистика», «Көтерме-бөлшек сауда», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары» пәндері бойынша, «Маркетинг және логистика» кафедрасының т.ғ.к., доценті Жандильдин T.E., аға оқытушы Валеевa В.З.,. «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы С.А. Сыздықовамен Сары-Арқа әуежайында шығу сабағын өткізді.

ХІІ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ХІІ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының меңгерушісі А.К.Сембеков 14-15 сәуір аралығында Алматы қаласында (ұйымдастырушы «Евразия» Сақтандыру компаниясы) әлемнің жетекші қайта сақтандырушыларының, ҚР Ұлттық банкінің, Ресей мен ЕурАО басқа елдерінің, ТМД, ҚР Сақтандыру ассоциациясының, халықаралық рейтингтік агенттіктердің, ҚР сақтандыру компанияларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен, ХІІ тәуекел менеджмент бойынша халықаралық конференциясына қатысты. Спикерлер санында Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев, «Высшая школа экономики» (Мәскеу қаласы) профессоры С. Медведев, Халықаралық теңіз сақтандыру кеңісінің Бас хатшысы Ларс Ланж, Герман Сақтандыру кеңесінің төрағасы Франк Тирольф және басқалар сөз сөйледі.

Дөңгелек столға

Дөңгелек столға2016 жылдың 19 сәуірінде Экономика және менеджмент кафедрасы Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының базасында «Бизнес-қауымдастық пен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің тиімді өзара әрекеттесуіндегі Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатысының ролі» атты дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столға бизнес өкілдері мен қаржы секторының өкілдері - «СП Silk Road City» ЖШС атқарушы директоры, «Аманат Иншуранс» АҚ директоры, «Дельта банк» АҚ директоры, сонымен қатар кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кафедраның ПОҚ, ҚҚЭУ студенттер мен магистранттары шақырылды.

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ КҮНІ-2016» ӨТТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ КҮНІ-2016» ӨТТІ14 сәуір 2016 жылы бизнес және құқық факультетінде Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойына арналған «Студенттік ғылым күні-2016» шарасы өтті. Барлығы 10 шара жоспарланып өткізілді.
«Ашылымдар көкжиегі: студенттердің зерттеу және жобалық қызметі» тақырыбында ашық дәріс аға оқытушы Боранбаева А.Е. және Шошаева Л.С. өткізді. Дәріс студенттердің жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналып, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттар мен нысандары жайлы айтылды.

Ғылымға қадамдар

Ғылымға қадамдар2016 жылдың 15 сәуірінде бизнес және құқық факультетенің студенттері Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен «Ғылымға қадамдар» атты республикалық ғылыми студенттік конференцияға қатысып келді. Әр бір жыл сайын өтетін бұл конференцияда ғылыми докладтар құқық, экономикалық, психологиялық басқада гуманитарлық ғылыми мәселелер қаралады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Республикалық ғылыми студенттік конференция нәтижесі бойынша:
ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталғандар – Сахатаева Назым (ӘЖ-22) және Моткова Екатерина (ТУР-12), ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент Кенжебаева С.К.; Абиев Ержан (Ю-41к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ. ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған – Сапарғали Айнұр (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Белсенді қатысушы «Қисынды ойлау» марапаттау қағазына ие болғандар – Қасымова Айсұлу және Қанатбаева Әйгерім (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Университетіміздің ғылыми қауымдастығын лайықты деңгейде көрсетіп келген студенттерімізді құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу бағытында жасаған қадамдарының жемісті болуын тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL