Болашақ лидер

Болашақ лидер03.03.2016 жылы № 62 ОЖБМ-де кәсіптік бағдар жұмысы бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары К.Қ. Ибитанова мен А.А. Букенова және студенттер Шевченко Оксана мен Ким Марина 11 сынып оқушылары арасында интеллектуальдық ойын өткізді.

Кәсіби бағдарлық жұмыс

Кәсіби бағдарлық жұмыс03-ші наурызда 2016 ж. Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К.Жуспекова, А.А. Маймурунова және Банк ісі кафедрасының оқытушысы А.Т. Идирисова Қарағанды банк колледжінде кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізді. Директордың орынбасарымен Т.Я Литвиновамен кездесіп, бітіруші курс студенттерімен әңгіме жүргізілді. Университет мамандықтары туралы анықтама беріліп, сұрақтарына жауап берілді және ҚҚЭУ буклеттері таратылды. Және де Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының ашық есіктері күніне шақырылды.

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл» атты іс-шара ұйымдастырды.
Конференция кафедраның ПОҚ мен барлық мамандық студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ардагер оқытушыларының дайындаған «ҚҚЭУ: кеше, бүгін, ертең» және «50 жыл: ӘЖ және ӘСП кафедрасына арналады» атты бейнероликтер көрсетілді.

Жастар дауысы – ел болашағы!

Жастар дауысы – ел болашағы! 2-ші наурыз 2016 жылы ҚР-ң Парламенті сайлауына алғаш қатысатын бірінші курс студенттері үшін ҚР-ң Президенті шәкіртақысының иегерлері
Рыстай Айсулу және Наутбаева Уміт «Сенің даусың – сенің болашағың!!!» атты тақырыпта презентация дайындап өткізді. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Тур-11к, Тур-13 с\к, РД-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к жуырда болатын сайлау туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, елдің болашағы әрбір сайлаушыға байланысты екенін атап айтты.

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел2016 жылдың 1-наурызында Экономика және басқару факультеті мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылауға арналған «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» атты дөңгелек үстел пікірсайысы болып өтті.
Дөңгелек үстел пікірсайысына:
1. №39 гимназиясының 11 сынып оқушылары
2. №76 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары
3. №77 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Платиналық дәріс

Платиналық дәріс29.02.2016ж сағ 11:00де 303Б аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ибитанова К.К. тәжірибе өту базасынан тәжірибелік қызметкерді, яғни Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-кеңесшісі Жумашев Тлепбек Мазимовичтің қатысуымен«АӨК кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс жүргізді.

Алғыс айту күні болып.

Алғыс айту күні болып.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары тағдырдың жазуымен Қазақстанға тұтастай халықтар жер аударылған болатын. Оларды вагондардан тура айдалаға әкеліп түсірді. Өздері де аш-жалаңаш қиын жағдайда өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары, оларды өздерінің сазбалшықтан соғылған үйлеріне паналатып, соңғы үзім нандарынан бөліп берді.
Жүз мыңдаған әр түрлі ұлт адамдарына бұл жер өз отанына айналып, Қазақстан олар үшін туған үйлеріндей болып кетті.
Алғыс айту күнін Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнінде, бүкіл ұлыстардың бір-біріне және мейірімділік танытып және осы адамдарды өздерінің туған бауырларындай қабылдаған қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтуге шешім қабылданған еді.
Осы мерекенің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Өйткені бүгін, көпұлтты Қазақстан халқы алдында «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру аса зор міндеттері тұр және бейбітшілікті, тыныштықты сондай-ақ тұрақтылықты сақтау алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың аса маңызды кепілі болып саналады!

1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада

1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиадаШетел және орыс тілдер кафедрасының ұйымдастырылуымен 29.02.2016 күні сағат 10.00 1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздары ( «МО» студенттер арасында):
1 орын- Оспанова Әйгерім МО-11к
2 орын - Жапаров Саян МО-13
3 орын- Лисичкина Варвара МО-13
Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздары (барлық мамандықтар студенттер арасында)
1 орын- Советова Қымбат УА-12
2 орын - Әбен Ардақ РД-11к
3 орын- Мищенко Анастасия УА- 12
Алжебаева Әйгерім, МО-13; Жакупова Райхан, УА-11к; Қолдаспаева Динара,УА-11к және Воротилина Алина, MK-12 алғыс хаттармен марапатталды.
Орыс тілі бойынша жеңімпаздары:
1 орын- Хасенова Светлана Ф-11к
2 орын- Зейнуллина Диана УА-11к
3 орын - Аманбек Жәнібек МО-11к
ЭКО-12к студенттері Мағауия Нұржан және Нәбиева Арайлым алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпмада қатысқаны үшін бүкіл студенттерге алғыс айтамыз !!!

««ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмеге дайындалу барысында гид-экскурсия жетекшілерін дайындау бойынша курстар ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел

««ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмеге дайындалу барысында гид-экскурсия жетекшілерін дайындау бойынша курстар ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел25.02.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы тәжірибелі қызметкерлерімен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмеге дайындалу барысында гид-экскурсия жетекшілерін дайындау бойынша курстар ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қатысушылардың келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
1. Д.Б Альжанов (Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасының туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің жетекшісі) «ЭКСПО-2017 дайындық үрдісіне Қарағанды облысының туристік бизнесін тарту»;
2. А.К Жуспекова («Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.к., доцент) «ЭКСПО-2017 дайындық үрдісіне «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасын қосатын үлесі мен алатын орны»;
3. М.В. Бедельбаева (Археология және этнография мұражайының меңгерушісі, т.ғ.к.,) «Білікті экскурсия жетекшілері –тарихи-танымдық туризмнің маңызды бөлігі ретінде»;
4. Г.С. Кударинова (Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайының экскурсиялық-әдістемелік бөлімінің жетекшісі) «Қарағанды қаласы бойынша экскурсияларды ұйымдастыру»;
Аталмыш іс-шараларға келесі ұйымдар қатысты: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасының туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі, «Nomadic Travel Kazakhstan» туроператоры, «Павлин Тур» туроператоры, «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы», Қарағанды облысының бейнелеу өнер мұражайы», «Аяла Тур» турагенттігі, «MAX TOUR» туроператоры, «Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы», «MASTER отдыха» турагенттігі, "BDT-TRAVEL" турагенттігі, Қарқаралы ұлттық мемлекеттік саябағы, Рамина тур және т.б.

Логистика бойынша Республикалық пәндік олимпиада.

Логистика бойынша Республикалық пәндік олимпиада.2016 жылдың 26 ақпанында ҚазККА негізінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында көлік мамандықтары тобы бойынша төмендегідей пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді:
1) Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
2) Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
3) Логистика (сала бойынша).
4) Көлік құрылысы.
Аталған олимпиадаға Лог-22 тобының студенті Басыров Ш., Лог-32 тобының студенттері: Баланеску Е., Денисенко О., Фомин Д. логистика пәні бойынша қатысып, нәтижесінде Басыров Шамиль 3 орынға ие болып, ІІІ дәрежелі ҚР Білім және ғылым министрінің дипломымен марапатталды.

Университетаралық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Университетаралық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні, сағат 14.00-17.00 аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік салаға инновциалық қадам» атты Қарағанды қаласының ЖОО (ҚарМУ, ҚарМТУ, Болашақ, ҚҚЭУ) студенттері арасында өткен әлеуметтік жобалар байқауында «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ОПЭК-11к» тобының студенттері (Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Ержан Мақпал) 2 орын және «СР-21к тобының студенттері (Жосалбаева Гүлім, Асқатқызы Назым, Ыбырай Аяулым) 3 орын иегері атанды. Байқауға барлығы 16 команда қатысуға ие болған.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы ғылыми ізденістерде мол табыстар тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL