Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен кәсіби-бағдарлық жұмысы

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен  кәсіби-бағдарлық жұмысы2017 жылы 11 қаңтарда Абай аудандық мобилді тобы құрамында «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасы аға оқытушысы, магистр Марқатаева Г.М., «ЭҚҚР» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. және «Банк ісі» кафедрасы магистрі Исанов А.С. оқытушылары Топар кентінде кәсіби-бағдарлық жұмысы шеңберінде жас түлектермен кездесу ұйымдастырды. Жалпы жиналыс Топар кентінің Абай атындағы орта мектебінің акті залында өтті.
Жас түлектер келесідей қызықты ақпараттар алды: оқу бағдарламалары жайлы, оқыту әдістер, оқу орынның жетістіктері, түрлі студенттік бірлесітктері мен шығармашылық топтары туралы және т.б.
Жиналысқа Абай, Корниенко және Б.Момышұлы атындағы мектеп түлектері қатысты. Кездесу барысында түлектер алдына ҚҚЭУ жайлы бейне-ролигі ұсынылды. Түлектермен анкеталар толтырылды. Қолдарына ҚҚЭУ туралы буклеттер таратылды және оқытушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу оқытушылар үшін және түлектер үшін пайдалы әрі жүйелі өтті. Көптеген сұрақтар қойылды. бейне-роликтер көрсетілді. Аталмыш кездесулер келешекте де ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Ректордың алғыс хаты

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Е.Б.Аймағамбетов Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институтының ұжымына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында өткен республикалық акция аясында ЭҚЗ ҒЗИ ұжымы бірқатар ғылыми семинар мен дөңгелек үстелдерді табысты өткізді және басқа да шараларға белсенді қатысты. Оларға мемлекеттік органдардың, ЖОО, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып, студенттердің, магистранттардың және докторанттардың үлкен тобы қамтылды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы СР-31 к тобын «Ең үздік академиялық топ» номинациясындағы жеңісімен құттықтайды!
Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы педагогика және психология магистрі, кафедраның аға оқытушысы Исина Салтанат Серікқалиқызын «Топтың үздік кураторы» номинациясындағы жеңісімен құттықтайды!
Сіздің алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Муликова Салтанат Алтаевнаны «ЖЫЛ АДАМЫ» атағын иеленуімен құттықтайды!
Сіздің алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт ті

«Жыл ашылуы» және «Үздік студент» номинация иегерлерін құттықтаймыз

«Жыл ашылуы» және «Үздік студент» номинация иегерлерін құттықтаймыз 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Үздік студенті» атағына ие болған экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының «ГМУ-32к» топ студенті, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы Жүсіпов Абылайханды және «Жыл ашылуы» номинациясының иегері Экономика және басқару факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Юсупов Мұхамеджанды кафедра ұжымы атынан құттықтаймыз. Мұхамеджан Тұрсынбайұлына қызметте мол табыс, шығармашылықта биік белестерді бағындыруды, ал Абылайханға білім алу үдерісінде үздік нәтиже, спорттық мансабында биік белестерге қол жеткізуді тілейміз.

«Үздік ғылыми мақала-2016» халықаралық байқауы

«Үздік ғылыми мақала-2016» халықаралық байқауыМәскеу қаласында орналасқан «Олимп» халықаралық білім орталығы ТМД елдерінің ЖОО арасында «Үздік ғылыми мақала-2016» байқауын ұйымдастырды.
Бұл байқауға ҚҚЭУ келесі өкілдері: Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, профессор Ханов Т.А., осы ғылыми зерттеу институттың қызметкерлері Баширов А.В., Сыздык Б.К. және Бизнес және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының студенті Оразметов Н.С. қатысып, «Бөлімшенің ақпараттық қауіпсіздігінің тәуекелін бағалау» мақаласымен көптің ішінен топты жарып шығы отыра, 1 орынға иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Нұр-Сұлтан

Нұр-СұлтанКітапхана және ҚҚЭУ оқу теледидар орталығымен 2016 жылдың 14 –інші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «25 жұлдызды күндер» келесі іс-шаралар өткізілді:
1. "Дөңгелек үстел "Астана – табыс стратегиясы" Алпысбаев А –мәслихат депутаты, Теміртау қ., домна пешінің көрікшісі, Нарынов Е., Жексенбай Н..– жас ақындар, студенттер және кітапхана мен оқу теледидар қызметкерлерінің қатысуымен. Дөңгелек үстелдің қатысушылары және қонақтары егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелерді, қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі мен тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Астананың рөлін талқылады.
2. Колледж оқушылар мен университет студентердің арасында өткен «Отанның кепілі - Елбасының жетістіктерінде» атты эссе байқауына қатысқан үшін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттау.
3. Кітапхана оқу залдарында және оқу теледидарда «Н. Назарбаевтың феномені» деген фильм көрсетілді.
4. Кітапхана холлында «Астана менің жүрегімде» қыстырғыш фотокөрмесі ұйымдастырылды, фотосуреттерді студенттер мен университет қызметкерлері ұсынды .

5. Кітапхана инфокиоскілерде «Астана – біздің Отанымыздың жүрегі» тұсаукесері ұсынылды.

2016 жылғы 21 қарашадаң бастап оқырманның назарына кітапханада  «Н.Назарбаев - адам және саясаткер» және «Қазақстандық жол – тұрақтылық – жаңарту арқылы – өркендеуге»атты иллюстрациялық кітап көрмелері безендірілген.

«Тұтынушылар құқығын қорғау» дөңгелек үстел

«Тұтынушылар құқығын қорғау» дөңгелек үстел20 желтоқсан күні Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында «Тұтынушылар құқығын қорғау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
Шараға шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер мен «Маркетинг және логистика», «Экономика және менеджмент» кафедраларының оқытушылары қатысты.

Болгария және Германиядағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тәжірибесі

Болгария және Германиядағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тәжірибесіАяганова М., Кернебаев А., Куттыбаева Н. и Муратбекова Ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттары 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 15 желтоксанға дейін еуропаның жетекші жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерде шетелдік ғылыми тәжірибе өтті. Бұлар: Болгарияның София қаласындағы Техникалық университеті, «Святой Климент Охридский» атындағы Софиялық университеті, Германиядағы Еуропаның Шығыс және Оңтүстік-Шығысты зерттеу институты.
Жұмыс кезінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар талқыланды. Докторанттар «Развитие высокотехнологичных предприятий» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысқты, «Технические науки. Индустриальный менеджмент» атты Х халықаралық жастар арасындағы ғылыми конференцияның пленарлық отырысының қатысушысы болды, Еуропаның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс зерттеу институттің базасында өткен «Steps of contract enforcement: The Lawyer's Guide for the Applied Economist» атты ғылыми-зерттеу семинарына қатысты.
Ғылыми тәжірибенің нәтижесі бойынша докторанттар шетелдік ғылыми кеңес берушілерінен жақсы пікірлер алды.

«Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде ақпараттық технологиялар және процестерді модельдеу» конференциясы

«Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде ақпараттық технологиялар және процестерді модельдеу» конференциясы2016 жылдың 15-17 желтоқсан күндері өткен Ақпараттық есептеуіш жүйелер кафедрасының студенттері және магистранттары «Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде ақпараттық технологиялар және процестерді модельдеу» І халықаралық жастар мектебі – конференциясына қатысты. Мектеп – конференция фундаменталды зерттеулер Ресей қоры және Астрахань мемлекеттік архитектура – құрылыс университетімен бірігіп ұйымдастырылды.
Мектеп – конференция мақсаты – қазіргі заман актуалды мәселелерін шешу үшін инновациялық іскерлік нәтижелігін жоғарылату, сонымен қатар жас ғалым, инженер және ұстаздар пәнаралық симпозиумды қамтамасыздандыру, ақпараттық технологиялар және модельдеу әдістерін жасау және қолдану аясында пайда болатын практикалық мәселелер және соңғы тенденциялар жайлы тілдесу.
Студенттер және магистранттар жасаған баяндамаларын он-лайн режимде баяндады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL