«Жастар діни экстремизмге қарсы»

«Жастар діни экстремизмге қарсы»2017 жылдың 1 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Е.Ж. Назаровтың жетекшілігімен МО-21к тобы «Маманданған елдің сыртқы саясаты мен дипломатиясы (Таяу Шығыс)» пәнінің және ҚР Президентінің халыққа жолдауының шеңберінде, «Жастар діни экстремизмге қарсы» студенттік-ғылыми жобаны іске асыру мақсатында дінтанушы, Қарағанды облысы әкімінің дін бойынша кеңесшісі, «Нұрлы білім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету Орталығы төрағасының орынбасары Сыздықов Рүстем Мәлікұлының дәрісіне қатысты.
Студенттер қазіргі таңдағы діни экстремизм мен терроризм туралы елдегі және әлемдегі жағдай жөнінде жан-жақты ақпарат алып, жобаға қатысты қажетті кеңестерде алды.

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні1 наурыз 2017 жылы есеп-қаржы факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары мен студенттер Кеңесінің белсенді студенттері қаламыздың №2 қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесіне Алғыс айту күнімен құттықтау мақсатында кездесуге барды. Кездесу барысында асыл қазынамыз үлкендерге деген игі тілектер мен жылы лебіздер айтылып, ұйымдастырылған мерекелік дастархан жайылды.
Мекеме әкімшілігі университет басшылығына үлкен ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

«Палермо» мейрамхана базасында өткен тәжірибе сабағы

«Палермо»  мейрамхана базасында өткен тәжірибе сабағы28-ші ақпанда 2017 ж. РД-21.к, РД-23с\к, РД-13с\к және Тур-31к топтарының студенттерімен «Палермо» мейрамханасы базасында «Туризм инфрақұрылымы» пәнінен «Тамақтану базасы» тақырыбында және «Мейрамхана-қонақүй сервисі мәдениеті» пәнінен «Мейрамхана және қонақүй бизнесіндегі қызмет көрсету негіздері» тақырыбы бойынша тәжірибе сабағы өтті. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы мейрамхана басқарушысы Жибак Зарина айтып берді.

«Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті28 ақпанда «Экология және бағалау» кафедрасы «Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» мемлекет басшысының жолдауына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жахандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп келесі қонақтар шақырылды: РМБ «Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» - Ибраева Маруа Базилкаримовна; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Мусатаева Айсұлу Болатбекқызы; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Олишевец Надежда Константиновна; Қоғамдық бірлестік «Экомұражай» - Сәдыбек Нұрболат Талғатұлы; Қоғамдық бірлестік «Экообраз» - Плискачева Елена Михайловна

«Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумы

«Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумы2017 жылы 27 ақпанда «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары Абеуова С.Т., Арыстан М.И., Сыздыкбеков Е.С., Талимова Г.У., Байгожина Г.М., және «Халықаралық қатынастар» мен «Әлемдік экономика» мамандықтарының 3 курс студенттері Қарағанды облысы әкімі Н.К.Абдибековтың қатысуымен өткен «Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» атты халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумына қатысты. Форумға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Тэгу (Оңтүстік Корея) қаласы мэрінің орынбасары Ким Ён Чан мырза бастап келген делегация қатысты.

Қарағанды қаласының ЖОО оқитын студенттердің арасында «Әлеуметтік салаға инновациялық қадам» әлеуметтік жоба байқауы

Қарағанды қаласының ЖОО оқитын студенттердің арасында «Әлеуметтік салаға инновациялық қадам» әлеуметтік жоба байқауы24 ақпан 2017 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік салаға инновациялық қадам» атты Қарағанды қаласының ЖОО (ҚарМУ, Болащақ, ҚҚЭУ) байқау өтті. Байқауға қатысуға 16 әлеуметтік жоба қатысты, іріктеу кезеңінен 9 жобы өтті. ҚҚЭУ-нің ӘЖ және ӘСП ПОҚ мен ОПЭК-21к, СР-31к студенттерімен бірге байқауға 2 әлеуметтік жоба жіберілді. Байқау қорытындысы бойынша ОПЭК-21к тобы Қанатұлы Ж., Берікбай Ә., Ержан М. 2 жүлделі орынға ие болды, СР-31к студенттері Асхатқызы Н., Кәрімхан Ә., Ыбырай А. байқауға белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» мамандығының студенттері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына шығу сабағы

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» мамандығының студенттері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына шығу сабағы 22-ші ақпан 2017 жылы сағат 13-00-15.00 аралағында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» мамандығының Тур-24с, Тур-31к, Тур-21к, Тур-22 тобы студенттері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Мұражайтану» пәні бойынша кәсіпорын базасына шығу сабағын ұйымдастырды. Бағдарлама тақырыбы 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына арналды.
Қарағанды облыстық мұражайы ұйымдастырған іс-шарада мұражай өкілдері «Мұражай туризмдегі әлеуметтік-медени кеңістік феномені ретінде» тақырыбында жоба-презентацияларын, Қарағанды облысы бойынша туристік-маршруттарын көрсетті. Аталмыш іс-шарада Қарағанды облысының мәдениет-мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Е.Ж. Агимбаев, және де ҚҚЭК «Туризм» мамандығының түлегі, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасы туризм және сыртқыэкономикалық байланыс бөлімінің жетекшісі Д.Б Альжанов қатысты. Сонымен қатар, іс-шарада қаланың және облыстың туристік фирмаларының өкілдері де болды.
Жалпы, іс-шараға қатысу барысында, студенттері жаңа дағдылар мен білімдерді игеріп, қажетті тәжірибе алды. Турфирма және мұражай өкілдері біздің «Туризм» мамандығы студенттеріне қызығушылық танытты, келешекте базаларында тәжірибе өтіп, ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз.

«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыны

«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыныҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 25 ақпан 2017 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді.

«Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша cкалодромда өткен шығу сабағы

«Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша cкалодромда өткен шығу сабағы 23.02.2017 «Туризм» мамандығының Тур 12 және Тур 14с, студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гариповамен «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша «Белсенді туристік қызметке физикалық дайындық» тақырыбы бойынша кәсіпорын базасында сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ мақсаты студенттерді туристердің белсенді туристік саяхаттарға физикалық дайындықтар қағидалары және әдістерімен таныстыру. Студенттерге сынақ интруктаж жасалынып, қабырғаға өрмелеу техника қауіпсіздігімен, қажетті құрал-жабдықтармен таныстырылды. Студенттер өздерінің физикалық дайындықтарын айқындап, өрмелеу қабырғасының шыңын бағындырды.

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды.
Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.

«Биология білгірі-2017»

111 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань
2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48
2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77
3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68
3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77
10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL