«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу

«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу2016 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 аралығында экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының аясында «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» атты еңбек ардагерлерінің студенттермен кездесу шарасын ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кафедраның ардагер оқытушылары және студенттер қауымы қатысты. Шақыртылған қонақтар: Колина М.К., Абдреимов И.Ш., Бакеев К.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек арагерлеріне алғыс айтылып, шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі, сондай-ақ студенттер арасында «Менің Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесім» тақырыбына өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды.
1 орын – Югокпаева Дайана УА-22, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының аға оқытушы Такирова Г.А.
2 орын – Милова Анастасия УА-14с, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Коккозова А.Б.
3 орын – Омаров Айбар ГМУ-11к, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Х.

«Жібек жолы» қолөнер шеберлерінің көрмесі

 «Жібек жолы» қолөнер шеберлерінің көрмесіТуризм және мейрамхана ісі кафедрасы 30-шы қарашада «Көшпенді өркениеті мұрасы» Халықаралық Қоғамдық қорымен бірге ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізді.
Іс-шара барысында қолданбалы қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді. Келген қонақтар және де Малайзиядан келген студенттерде Жібек Жолы ғасырына тап болып, ұлттық құндылықтармен танысып, ұлттық асханадан дәм татты. Көрме нәтижесінде, қолөнер шеберлері өз туындыларын сата алады.

Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістері

Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістеріЖелтоқсанның 6-сы "Парасат" Жас ғалымдар мен тілшілер ұйымымен Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіңің 25 жылдығына байланысты "Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістері" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Баяндамашылар барлық тындарманға қазақстанның аумақтардың экономикалық дамуының жағдайы ,барлық көрсеткіштер аумақтардың арасында саралау байқалатынынды туралы жеңіл жəне түсінікті нысанда айтты. Бұл үйлемсіздікті төмендету үшің студенттер кластерді дамып,мүмкін болғанша көбірек кəсіпорындарды келтіру,аумақтық бюджетің көбейту жəне ұзақ мерзімді аумақтық мемлекеттік саясатын шығару ұсынды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мадақтамалармен жəне де алғыс хаттармен марапатталды.

«ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған ашық сабақ

«ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған ашық сабақ2016 жылы 2 желтоқаснада «Банк ісі» оқытушыларымен және қаржы топтарымен бірлесе «ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған көрініс түріндегі ашық сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік пен шығармашылық әлеуеттерін көрсете білді.
Іс-шара мақсаты: ЖИТС және АИТ мәселесін жетік білу және оған қарыс амалдарды меңгеру.
Іс-шара соңында студенттерге мақтау қағаздарды және бағал сыйлықтар табысталды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық индустрияландыру қорытындысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық индустрияландыру қорытындысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел06.12.2016 жылы Экономика және менеджмент кафедрасымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық индустрияландыру қорытындысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасы Ассоциациясының және «Даму» қорының өкілдері қатысты. Елімізді тиімді индустриаландыруға әсер ететін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел2016 жылдың 16 қазанында ҚҚЭУ «Достық» коворкинг орталығында «Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ЭҚЗ ҒЗИ, ҒЗИ ЖЭЖТ және «экономика және менеджмент» кафедрасымен бірігіп өткізілді. Дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор Сихимбаева Д.Р. болды. Өте қызықты және мәнді талқылау болды, магистранттар мен ҒЗИ басшылары ғылыми қызметті коммерциализациялау мәселелері талқыға салынып, аталмыш қызметті дамыту бойынша ұсыныстар жасалынды.

Студент жұмыстарының байқауы

Студент жұмыстарының байқауы25.11.2016 жылы «Зерде» студенттердің ғылыми қоғамы мүшелерінің жиналысы өтті. Жиналыста ЭБФ 1 курс студенттерін ғылыми қоғам құрамына қабылдады және келешекте факультетаралық конкурсқа қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстары таңдалып алынды. Факультеттің СҒЗЖ-на доктор PhD Омарова А.Т. жетекшілік етеді.

Дені сау жастар-ұлт байлығы

Дені сау жастар-ұлт байлығы2016 жылдың 03 желтоқсанында тауартану және сертификатттау кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Дені сау жастар-ұлт байлығы» тақырыбында дөңгелек үстелін өткізді. Осы іс шараға №1емхананың Жанұя Денсаулық Орталығының меңгерушісі, терапевт- дәрігер Ян Светлана Аркадьевна, физиология және салауатты өмір салты орталығының координатор дәрігері Исетова Дина Мухаметжановна, ҚЭУҚ медициналық пунктының медбикесі Жакешова Гульнура Орынбековна.келіп қатысты.

«Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны

«Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны2016 жылы 29 қарашасында «Қаржыгерлер күні» мерекесі шеңберінде «Банк ісі» оқытушысы, магистрі А.Т. Идирисованың жауапкершілігімен Ф-23 тобында «Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іскерлік ойыны соңында белсенді қатысқан командаларға құрмет хаттары мен дипломдар табысталынды.

Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы2016 жылдың 25 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 5 оқу орнынан 41 студент қатысты.

«Экология және бағалау» кафедрасы 25 жұлдызды күн шеңберінде, Тәуелсіздікке 25 жыл толуына байланысты «Отбасылық құндылық: мәдениет, жетістік, дәстүр» іс шарасын ұйымдастырды

«Экология және бағалау» кафедрасы 25 жұлдызды күн шеңберінде, Тәуелсіздікке 25 жыл толуына байланысты «Отбасылық құндылық: мәдениет, жетістік, дәстүр» іс шарасын ұйымдастырды2.12.2016 ж«Экология және бағалау» кафедрасы 25 жұлдызды күн шеңберінде, Тәуелсіздікке 25 жыл толуына байланысты «Отбасылық құндылық: мәдениет, жетістік, дәстүр» іс шарасын ұйымдастырды. Іс шараға «Жыл отбасы 2012» сайысының жеңімпаздары Рахимжанов отбасы және әлеуметтік өзін-өзі реттеу маманы Смағұлов Төлеген Мұратұлы қонаққа шақырылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL