2017 жылдың 29 қарашасында Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне арналған Бухарест Экономикалық ғылымдар университеті (Румыния) халықаралық бизнес және экономика факультетінің PhD докторы Роксана Войку-Доробанту білім теледидарының мамандандырылған дәрісханасында «Бизнес-аналитика құралдары» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.
2017 жылдың 25 қарашасында сағат 11-00 Тур-32, Рд-24с тобының студенттері үшін тез тамақтрану мейрамханаларының бірі KFC-де сабақтан тыс семинар сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» пәнінің шегінде теориялық білімдерін бекіту мақсатында өткізілді.
Мейрамхана қызметкерлері мейрамхана асханасына қызықты және танымды экскурсия өткізді, тамақтарды тағайындаудағы технологиялық процеспен, тағамдарды сақтау процестерімен, оларды өндеу, және алдын ала және дайындық алды процестермен таныстырды.
Студенттер фаст-фуд өнімдерін дайындауда қолданылатын әдістерді біліп, сонымен қатар компанияның қызметкерлерімен ұсынылған өте дәмді тағамнан татты.
Жалпы сабақтың мақсаты – тез тамақтану кәсіпорынының технологиялық проуестермен танысу өз мақсатына жетті.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Туризм» мамандығы Тур-12 тобының студенттері Богданов Павел және Курганская Елизаветаны «2020 бизнестін жол картасы» кәсіпкерлердің Бірыңғай бағдарламасын қолдауда «Жас кәсіпкер мектебі» проектісінің шегінде өткен «Бизнес идеялар жәрмеңкесі» конкурсында 1 орын алуымен құттықтайды. Конкурста 20 жоба жарысқа қатысты, және Павел мен Елизаветаның «СахарОК» кондитер өніміның бизнес – жоспары үздік деп табылды. Конкурс Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында 2017 жылдың 25 қарашасында өткізілді.
2017 жылдың 21 қарашасында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының аға оқытушысы Флек А.А. «Интерактивті техгологияларды еңгізу — туризмді дамытудың тұрақты факторы ретінде» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарында «Туризмдегі электронды сатуды дамытудың негізгі тенденциялары» атты баяндамамен қатысты. (нәтижесі - сертификат). Семинар «Туран-Астана» университетінде өткізілді. (қ. Астана).
Семинарға қатысқандар: ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы Мурзамадиева М С., «Туран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Г.А., аймақтың әкімшіліктің өкілдері, туристік агенттіктердің және еліміздің алдыңғы қатарлы туроператорларың өкілдері, туризм саласына мамандарды даярлайтың ЖООның оқытушылыары, студенттер мен магистранттар.
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы №101 мектеп-лицейінің, Теміртау қаласының №31 орта білім беру мектебінің, Қарағанды банк колледжі мен Экономика, бизнес және құқық колледжінің түлектеріне ашық есіктер күні өткізді. Студенттер мен оқушылар квест-ойынына қатыса отырып, студенттердің мәдениет сарайында, мұражайда, кітапханада, «Вдохновение» театрында, химия лабараториясында және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында болды, осы жерлердің жұмысынмен және университеттің материалды-техникалық базасымен танысты. Түлектердің аралаған әрбір орында волонтер күтіп алды. Олар білім алушыларға университет жайлы, студенттік өмір жайлы ақпараттар беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындауды сұрады. Түлектер Есеп қаржы факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Г.С. Серикова, «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Мадиева және «Студенттер кеңесінің» мүшелерімен кездесіп университет туралы толық мағлұмат алды.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті магистрлік дайындықты насихаттау мақсатында, кәсіби коуч шақыра отырып, бітіруші курс студенттері үшін ҚЭУ іске асыратын магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша имидждік презентация өткізді. Студенттер үшін «Самоактуализация. Профессиональное становление. Life long learning» атты интерактивті кадрларды іріктеу және бағалау бойынша сарапшы-кеңесші, Isaac Pintosevich Systems бизнес-тренері, оқыту бойынша дағдылар сарапшысы Тасбулатова Балсулу Кувандыковна жүргізді. Өзінің интерактиві аясында Балсулу Кувандыковна, жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы процесінің құндылық-мағыналық аспектісін аша отырып, нақты мысалдарда, білім беру – заманауи адамның жетістіктері құрылатын мүмкіндіктер, өзіңе деген ресурс пен инвестиция екендігін жеткізді; «Туризм» мамандығының түлегіне өзінің коуч-сессиясын ұсынды.
2017 жылы 24 қарашада, сағат 10.00 Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқуды бітірдін шығвтын курстардың студенттері үшін «Түлек-2018» Мансап күні» өтті. Оған мемлекеттік мекемелерінің, банк аясының, сақтандыру компаниялардың, туристік компаниялардың және т.б. басшылары және жетекші мамандары қатысты (95 әлеуетті жұмыс берушілері). Жыл сайын ҚЭУ түлектерінің 80% ең қажетсінген мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылады.
«Мансап күні» шеңберінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен «Әділет кеңсе береді» атты бірлескен шара өтті. Оның барысында құқықтық сұрақтар бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігі берілді. Акцияға Қарағанды облысының Әділет департаментінің, Нотариалдық кеңсенің, Заңгерлер бірлес тігінің, АЖАТ өкілдері қатысты.
ҚЭУ ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы оқыту және ғылыми қызметтерінен басқа белсенді профбағытталған жұмысын жүзеге асырады. Оқытушылар біздің университеті туралы айтуға, білім беру бағдарламасымен түлектерін таныстыру мақсатында қала және аймақ мектептері мен колледждерін аралайды.
Осы мақсатта ҚЭУ АЕЖ кафедрасының магистрі, оқытушысы Цицина А.А. қараша айында Қаражал қ. Мектептерінің қатысушылары арасында профбағытталған жұмысын откізді.
Оқушылар біздің ЖОО-ма қызығушылық танытты, ҚЭУ-не оқуға түсу және білім алу шарттарына қатысты барлық сұрақтарға жауап алды.
2017 жылы 22 қарашада кәсіптік бағдар шеңберінде «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы ҚЭУ Жастар бастамалары орталығының қолдауымен «Қаржыгерлер күніне» арналған мерекелік концерт өткізді.
Мерекелік концерт шеңберінде «Қаржыгер – қазіргі және болашақтың мамандығы» тақырыбында ең үздік бейне құттықтау конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды – № 92 гимназия, 2 орынды –№ 39 ЖБМ, 3 орынды –№ 68 ЖБМ алып, қалған қатысушылар отандық валюта тарихын білгендері үшін өткізілген әр түрлі конкурстарға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

2017 жылдың қараша айының 10 мен 19 аралығында "Алматы Арена" Мұз Сарайында футзалдан Ұлттық Студенттік Лигасының (ҰСЛ) финалдық кезеңі өтті. Чемпионат күмісін біздің университеттің құрама командасы жеңіп алды:
Кнауб Арнольд – МО-21с
Черномордов Владислав – Лог-12с
Болбаков Али – Лог-22с
Каримов Амир – Тур-31с
Әлин Мейіржан – МО-41
Әлин Асылжан – УА-42
Мадияров Агедиль – Ю-41к
Барашев Чингиз – Ю-42
Байзахов Алшын – МЭ-12
Акимжан Аскар – Ю-22к
Таласбаев Абунияз – Э-23с/к
Кырыкбаев Серикболсын – Ю-32
Ракишев Марат – Ю-23с
Хабибуллин Тимур – Ф-11НП
Өкінішке орай, ақтық сында 4-6 есебімен "Каспий" (Алматы) командасына біздің балалар жол берді.
Осылайша, ҚЭУ футзалдық командасы ҰСЛ-ның күміс жүлдегері атанып, екінші рет тарихта қалды.
Біздің командамызды тамаша табыспен құттықтай отыра, оларға келесі жылы футзалдан ҰСЛ-ның чемпионы атануына тілектеспіз!