Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілдіАғымдағы оқу жылының 28 қазан күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп, гимназия және лицей оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың жалпы білім беру мектептері, гимназия және лицейлерінің 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі.Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 6 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар университет ректорының шешімімен тағайындалған, 5%, 10%, 15% оқу ақысына жеңілдік қарастырылған сертификаттармен марапатталынды.
Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Марксова Ж (СОШ №77) , 2 орын – Маркс А. (СОШ №77) , 3 орын – Нарикбай Н. (КСШ №41)
Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын Раздеваев А. (СОШ №61); 2 орын - Бородин И. (СОШ №52), орын – Умаров Г.(СОШ №77)
Дипломдармен марапатталынғандар: Асанова М.(СОШ №77), Мейржанова А.(СОШ №41), Таскараев Н. (СОШ №61), Жанабай А. (СОШ №17), Ондасынова А.(СОШ №61), Хон В. (СОШ №52).

КӨПТІЛДІ ТҮЛЕК - 2017

КӨПТІЛДІ  ТҮЛЕК - 20172017 жылдың 28 қазанында ҚҚЭУ-нің шетел және орыс тілдер кафедрасы қала мектептерінің түлектері арасында «КӨПТІЛДІ ТҮЛЕК - 2017» атты жыл сайынғы дәстүрлі олимпиаданы өткізді.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі лексика-грамматикалық тест, екінші кезең - үш тілде презентация ұсыну болып табылады . Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды:
1-ші орын Аукен Акниет №36 орта мектебі және Болат Аслан № 57-ші мектеп, Балтабекова Адия №57 орта мектебі, №58 Тауық Әйгерім орта мектебі
2 - ші орын Спанбетова Арайлым №36 орта мектебі
3 - ші орын Азаматова Наргиз № 36 орта мектебі.
Сонымен қатар, «Көптілді сауаттылық» номинациясы бойынша № 57 Тұрсын Наркеш және«Жеңіске жету» номинациясымен № 88 Қашанов Адель марапатталды.
Мына оқушылар мақтау сертификаттарымен марапатталды:
1. Балтабекова Адия №57 орта мектебі.
2. Тауик Айгерим атындағы №57 орта мектебі
3. Аукен Акниет №36 ОБМ.
Бұл сертификаттар оқушыларға біздің университетке түскен жағдайда оқу жеңілдіктерін алуға мүмкіндік береді.

ҚММ «Қоғамдық келісім» «Достық» үйіндегі сыртта өткізу сабағы

ҚММ «Қоғамдық келісім» «Достық» үйіндегі сыртта өткізу сабағы «ӘЖ және ҚХА» кафедрасы «Мәңгілік ел» пәні аясында «Достық» үйінде «Этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында ГМУ-12 группасы студенттеріне сабақ өткізілді. Сабақ барысында «Мәңгілік ел» идеясы аясында халық бірлігі, азаматтық бірлік, әлеуметтік тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, тіл мәселесі, мәміле және төзімділік турасында, мағлұмат беріп, оларды жастардың бойына сіңіру. Студенттердің бойына жалпыадамзаттық қалыптарына, ұлттық дәстүрлерге негізделген, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелейтін рухани құндылықтарды бекіту мақсат етілді.

Семинарлар Springerlink

Семинарлар Springerlink2017 жылдың 27 қазанында Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің бастамасымен және тапсырмаларымен ұйымдастырылған және өткізілетін бірқатар тегін семинарларға қатысты. Семинарлардың мақсаты мұғалімдер мен зерттеушілердің дерексіз дерекқорлармен және ғылыми құралдармен жұмыс істеудегі құзыреттіліктерін және дағдыларын дамыту болды. Семинарлардың тақырыптары Springerlink жүйесінде келесі негізгі бағыттар бойынша жұмысқа арналды: 1. «Ғылыми зерттеулер үшін Springerlink жүйесін пайдалану»; 2. Зерттеу тақырыбы бойынша журналдар мен мақалаларды іріктеу; 3. «Сапалы мақаланы қалай дайындауға және оны шетелдік журналдарда жариялауға болады». Семинарлардың шеңберінде жүйенің іздеу мүмкіндіктері белгілі бір мысалдармен көрсетілді, оған жұмыс ұйымдастыру туралы түсініктер берілді. Сондай-ақ семинарларға қатысушылар ғылыми және ғылыми басылымдардағы ағымдық үрдістер туралы жалпы ақпарат берді.

«Психоәлеуметтік жұмыс мазмұны және әдістемесі» пәні бойынша «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттерімен сабақ өткізу

«Психоәлеуметтік жұмыс мазмұны және әдістемесі» пәні бойынша «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттерімен сабақ өткізу2017 жылдың 24 қазанында КГКП «СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу бойынша Қарағанды облыстық орталығы» ынтымақтастық шеңберінде «Психоәлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістері» пәні бойынша «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттерімен СР-33с/к және СР-41топтарында аға оқытушы Алпысбаева М.Б. сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының негізгі қызметімен танысты: АҚТҚ-жұқтырған адамдармен психоәлеуметтік жеке құрылымы бар; СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының науқастарымен әлеуметтік жұмыскердің консультативтік жұмысының негізгі бағыттары; АҚТҚ-жұқтырған адамдарға арналған әлеуметтік көмек нысандары және т.б. КГКП «СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу бойынша Қарағанды облыстық орталығы» қызметкерлері студенттермен экскурсия өткізді.

«Enactus-KEU» клубының отырысы

2017 жылғы қазанның 24-жұлдызында «Достық» коворкинг-орталығында «Enactus-KEU» клубының кезекті отырысы өтті.
Кездесуде «Enactus-KEU» халықаралық бағдарламасыынң эдвайзері э.ғ.д., профессор Д.Р. Сихимбаева, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., доцент Ю.И. Осик, КЭУ командасының жетекшісі мен өкілдері болды.
Кездесуде республиканың және аймақтың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалары талқыланды. Доцент Ю.И. Осик «Enactus-Kazakhstan» байқауларына өтінім даярлау және қатысу үшін ұсыныстар мен, тілектер мен ұсынымдар жасап сөз сөйледі.

Құттықтаймыз !!!

Құттықтаймыз !!!2017 жылдың 17-20 қазан аралығында Астана қаласында конькимен жүгіру спортынан жеке қашықтықтар бойынша ҚР чемпионаты өтті.
ҚР чемпиондары атанғандар:
Екатерина Айдова, Ю-23ж/о тобы– 500 м, 1000 м, 1500 м,
Станислав Палкин, С-11ж/о тобы – 1000 м
2 орынды алды:
Станислав Палкин, С-11ж/о тобы– 500 м
Алена Стапстова, Лог-22 тобы – 500 м
3 орынды алды:
Артем Крикунов, РД-24с тобы– 500 м
Жарыс қорытындысы бойынша құрамасы құрылады, олардың міндеті әлем Кубогының кезеңдерінде қатысу мен олимпиадалық лицензияға күресу.

Астана ақылды қала

Астана ақылды қалаҚарағанды экономикалық университетінің командасы үш күн бойы 2017 жылдың 20 қазанынан 22 қазаны аралығында алғаш рет Startup Weekend Astana жобасына қатысты. Бұл –Астана қаласы әкімшілігімен, АҚ «Астана Innovations», МОST Бизнес-инкубаторымен жүргізіліп отырған Astana Innovations Challenge жобасының алтыншы іс-шарасы. ҚҚЭУ ко-мандасы «Meet and Cuidе» жобасын бірінші рет презентациялағаннан кейін ең күшті ондықтар қатарына ілігіп, екінші турға жіберілді.
Еліміздің әр түрлі ЖОО келген 30 астам стартап-командалары осы іс-шара аясында туристік қызмет көрсету және қалалық ақпараттар жүйесі сала-сындағы енгізуге дайын инновациялық жобаларына презентация жа-сады.
Формалды емес іскерлік қарым-қатынастар жүргізу барысында осы іс-шара аясында менторлар өздерінің жеке кәсіпкерлігін жүргізу тәжіри-бесімен бөлісіп, жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге ақылдарын ай-тып өздері-нің жеткен жетістіктерінің кейбір қырларын ашты.

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайысКафедраның кәсіби бағыттағы жұмыс жоспарын орындау мен әлеуметтік қызметкерлер күнін атап өту шеңберінде 2017 жылы 20 қазан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы тарапынан «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайысқа қатысушылар әлеуметтік жағдайларды шешу, әлеуметтік жобаларды презентациялау мен өңдеу бойынша өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:
- «Үздік бейнеролик» ҚҚЭУ-нің студенттерінен құралған «Ақ тілек» тобы;
- «Интерактивті плакат» Қарағанды банк колледжі студенттерінен құралған «Аялы алақан» тобы;
- «Үздік презентация» Орталық Қазақстан Академиясы студенттерінен құралған «Лучи добра» тобы.
І - ші дәрежелі диплом - Орталық Қазақстан Академиясы студенттері «Лучи добра» тобы; ІІ - ші дәрежелі диплом - ҚҚЭУ-нің студенттері «Ақ тілек» тобы; ІІІ - ші дәрежелі диплом - Қарағанды банк колледжінің студенттері «Аялы алақан» тобы.

2017 жылдың 19 қазан айында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ҒАЛАМДЫҚ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК» атты экономика бойынша...

2017 жылдың 19 қазан айында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ҒАЛАМДЫҚ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК» атты экономика бойынша...

Олимпиада ұлттық экономика саласындағы, түрлі іс-әрекет салаларын басқару, экономикалық мамандықтар мәртебесін арттыруда студенттердің, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу, студенттік жастардың шығармашылық бастамасы мен ғылыми белсенділігін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Олимпиадада ел ЖОО-н таныстыратын түрлі қалалардан 8 топ қатысты. 3 тур нәтижесі, таза бәсеке нәтижесінде алғашқы орындар келесідей бөлінді:
3-ші орынды 3 топ иеленді:

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мұхтар Шаханов – белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Университет және колледж студенттері М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды, оның шығармаларын тыңдап, өздері де халықтың көңілінен шыққан таңдаулы өлеңдерді оқыды: «Төрт ана», «Желтоқсан алаңы», «Мені неге Мұхтар қойған», ақынның сөзіне жазылған белгілі «Әке туралы жыр», «Туған күн кешінде» және т. б. әндерді орындады. Мұхтар Шахановтың шығармалары елдің болашағының өркендеуіне қандай үлес қосатыны барлық адамдарды толғандырады. Майдан алаңында ғана емес күнделікті өмірде де, мысалы оқуда, тұрмыста, жұмыста да ерлік жасауға болады. Кеште студенттердің назарына «Ұлт тілін ұлықтаған» және «Қайсар рухты ақын» атты көрмелер ұсынылған. Кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL