2018 жылдың 30 маусымында Қарағанды экономикалық университетінің Этнографиялық сән театры Астана қаласында өткен «Kөшпенділер әлемі» атты түркі халықтарының бірінші халықаралық фестиваліне қатысты. «Kөшпенділер әлемі» дәстүр, тарих, бірлік пен көшпелі мұра рухын сақтауда маңызды рөл атқарады. Фестивальға көшпенділердің бірегей мәдениетін көрсетуге Венгрия, Болгария, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия мен Қазақстан топтары келді. Қыздарымыздың ерекше және әсем бейнелері әртүрлі елдерден келген қатысушыларға, БАҚ, «Qazaq Geography» және «Kazakh Tourism» ұйымдарына, фестиваль қонақтары мен іс-шара ұйымдастырушыларына керемет әсер қалдырды. Қазақстандық БАҚ біздің костюмдеріміз туралы «Қазақстандық сұлулардың қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ұлттық түс элементтерімен әзірлеген дизайнерлік көйлектері сол уақыттың рухын жеткізе алды», - деп жазады. Таңқалған шетелдік және қазақстандық қонақтар әр киімнің дизайны мен тарихына қызығушылық танытты және суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты.
2018 жылдың маусым айының соңында Көптілді білім беру орталығында көптіліді оқытушылар үшін «Пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы CLIL әдіснамасы мен практикасы» тақырыбы бойынша семинар өтті. Бүгінгі таңда көптеген елдердегі білім беру мекемелері CLIL әдіснамасын іс жүзінде қолданады. Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары ағылшын тілінде белгілі пәндерді жүргізеді, бұл тек кәсіби мамандарды емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді. Семинарда біріктірілген пәндік-тілдік оқытуды қолданудың негізгі мәселелері, оның қағидалары, аспекттері мен артықшылықтары талқыланды. Тәжірибелік бөлімде пәлсапаны ағылшын тілінде оқыту әдістемесі көрсетілді.
2017-2018 оқу жылының соңында Көптілді білім беру орталығы ағылшын тілі тындармандарына - ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері - емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті деңгейде оқып шыққан туралы сертификаттар тапсырды. Тілдерді үйрену үшін көп уақыт пен шыдамдылық, күш пен жігер талап ететінін ескере отырып, ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері өздігінен тәртіп және жауапкершілік танытып жеңіске жетті. Орталық сондай-ақ «Үздік тындарман» атты марафонды жариялаған болатын, нәтижесінде 11 оқытушы мен қызметкерлерге үздік сертификат берілді. КБО барлық тыңдаушыларды құттықтайды және жаңа оқу жылында күтеді!

6D050600 «Экономика» және 6D050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша докторанттар Спанова Багдат, Шугаипова Жанна және Құттыбай Мирас Сент Иштвана университетінде (қ. Гёдёллё, Венгрия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттар жетекші ғалымдар мен зерттеушілердің семинарлар-тренингтері мен ғылыми талқылауларына қатысты. Атап айтқанда, олар: Rural development infrastructure, Workshop on Value Analysis and Value Engineering, Sustainable Regional Development-Challenges of Space & Society in the 21st Century. Ғылыми тағылымдаманың қорытындысы бойынша диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің библиографиялық тізімдер және басқа да материалдар жасалды.

6D050600 «Экономика» мамандығының докторанттары Безлер Оксана мен Тулебаева Айжан Әулие Климент Охридски атындағы София университеті (София, Болгария) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттар Әулие Климент Охридски атындағы София университетіндегі Экономика және іскерлік әкімшілік факультетінің (Стопанск) ғалымдары мен ғылыми жетекшілердің пікірталастарына қатысты, атап айтқанда - әкімшілік басқару және экономика факультетінің деканы Седларски Теодор; профессор, PhD докторы Димитр Стефанов; Халықаралық қатынастар, қаржы департаментінің және бухгалтерлік есеп жөніндегі деканының орынбасары, профессор Йовогана Марцеллина; Статистика департаменті және эконометрика кафедрасының профессоры Боряна Богданова, «Жаңа ЕО мүше мемлекеттердің ұлттық еңбек нарықтары арасындағы ынтымақтастық тетіктері» бойынша профессоры Алида Ризова.
2018 жылдың 23 маусымында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Эразмус+ "Құзыреттілікті дамыту жəне жұмысқа орналастыру орталықтарын құру" жобасы бойынша қорытынды мониторингі өтті.
«Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясымен жасалған меморандум шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті базасында 2018 жылдың 29-30-шы маусымында: «Қауіпсіз қала» және «SMART ТКШ» тақырыптарында Хакатон өткізілді. Форумда 24 жоба таныстырылып, студенттер мен жас бизнесмендер оның әзірлеушілері болып қатысты.
Хакатонның екі күнгі жұмысында, 200-ден 550 мың теңгеге дейін сыйлық алған жеңімпаздар анықталды.Ол жеңімпаздар:
1-ші орын Ахунжанов Темур. Алматы қаласы. «Ақылды домофон»;
2-ші орын. Рудольф Виктор. Қарағанды қаласы. «Юнион»;
3-ші орын. Сулейманов. Сейдамет. Қарағанды қаласы «Smart quest»
Аталмыш іс-шараны өткізу ғылым мен өндірістің ықпалдасуындағы, университет пен «Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының жемісті байланыстарын ұстап тұрудағы және алдағы уақыттағы бірлескен нәтижелі жұмыстар үшін ынталандыруларды қалыптастырудағы тағы бір қосылған үлес болды.
2018 жылдың 26 мен 29 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Менеджмент бойынша аккредиттелген жаттықтырушы» атты біліктілікті арттырудың төртінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында облыс бойынша алдыңғы қатарлы жоо оқытушылары атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.
2018 жылдың 18 мен 22 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттырудың үшінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында 9 Қарағанды облысының ірі бизнес–ортасының кәсіпкерлері қатысушы атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.
2018 жылдың 11 мен15 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттырудың екінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында 28Қарағанды облысының шағын және орта бизнестің ірі субъектілері қатысушы атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.