Құрметті әріптестер мен достар! Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Сізді Халықаралық туризм күнімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер мен достар! Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Сізді Халықаралық туризм күнімен құттықтайды!Бүгінде туризм көлемі бойынша үшінші экспортты сала болып табылады. Тек өткен жылда xалықаралық шекараны 1,2 миллионнан астам адам өткен. Болжамдар бойынша 2030 жылы бұл көрсеткіш 1,8 миллиард адамды құрайтын болады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылды даму мақсатында тұрақты туризмнің Халықаралық жылы деп жариялады. Бұл барлығымыз бірге жиналып, туризмді адамның XXI-ғасырдағы ұлы қызмет-әрекеті ету және адамдар, планетамыз, бейбітшілік үшін жарқын болашақ құру үшін үлкен мүмкіндік береді. Халықаралық туризм күні саяхаттау кезінде келесіні естен шығармауға шақырады:
ТАБИҒАТТЫ ҚҰРМЕТТЕУ,
МӘДЕНИЕТТІ ҚҰРМЕТТЕУ,
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ.
Сіз жарқын болашақтын елшісі бола аласыз.
Саяхаттаңыз және шаттыққа бөленіңіз!
Бақытты Халықаралық туризм күнімен!

Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу

Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу11-14 қыркүйек 2017 ж аралығында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Erasmus + Cactle жобасы аясында «Ортаазиялық оқыту, білім беру жіне кәсіпкерлік орталығы» атты 6-шы координациялық кездесу өткізді. Кездесуге Европалық Одақ елдерінен (Австрия, Германия, Чехия) және Орталық Азия елдерінен (Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан) серіктексер қатысты. Қарағанды экономикалық университетінен кездесуге экономика және құқық кафедрасының аға оқытушысы. Байбосынов С.Б., ҚСС кафедрасының э.ғ.к., доц. Улаков Н.С., ҰЭ және ХҚ кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбек Е.С., МИ кафедрасының доценті, PhD Омарова А.Т. және АЕЖ кафедрасының аға оқытушысы Муканова Ж.А. қатысты. Кездесу барысында жоба координаторлары мен байланысатын тұлғаларға арналған сессиялар және бизнес-тренерлер мен электронды құрастырушыларға арналған семинарлар өткізілді.
CACTLE жобасы аясында экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін Кәсіпкерлік экономикасы Департаменті базасында «Кәсіпкерлік пен бизнес» курсы құрастрылды. Курс кәсіпкерлік рух пен кәсіпкерлік ойлауды тәрбиелеуге, кәсіпкерлік мінез-құлықтың дамуына, алған білімдерін жеке бизнесті ұйымдастыру барысында қолдана білуге ықпал етеді.

Маркетологтар клубының ІІІ-ші кездесуі аясындағы «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі»

Маркетологтар клубының ІІІ-ші кездесуі аясындағы «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі»2017 жылдың 21-ші қырқүйегінде Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында маркетологтар Клубының ІІІ кездесуі аясында «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының э.ғ.к., доценті М.И. Арыстан қатысты.
Онда келесідей мәселелер қарастырылды: маркетингтің қазіргі кездегі үрдісі, тұтынушылық базамен байланыс және өзара әрекеттесуді орнатудың негіздері, тұтынушыларды келтірудің шығындарын оңтайландыру, қазіргі тұтынушының «бейнесі», бизнестегі бейілділік жүйесінің рөлі және оның тиімділігін қамтамасыз ету, Қарағанды қаласының кәсіпкерлерінің тәжірибесі, бизнестің нақты түріне шығармашылық маркетингтік шешімдер.
Қарағанды қ. білікті кәсіпкерлері IT-технологияның кәсіби мамандарының бизнестегі бейімділігі мен маркетингттік инновацияның құралдардың пайдаланудағы тәжирибелерімен алмасты.
Бұл семинар іскерлік құрылымдардың өкілдері үшін де, Қарағанды қаласының ЖОО-ның ғылыми және педагогикалық қызметкерлері үшін де үлкен танымдық қызығушылықты көрсетті.

ECOLIFE КОМАНДАСЫ «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ECOLIFE КОМАНДАСЫ  «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 22 қыркүйекте Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайынғы «Таза тазалық кубогы: студенттік лига» атты қалалық турнир өтті, онда «Эколайф» командасы екінші орынды иеленді. Турнирге университеттің 12 командасы 90 адам қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары: т.ғ.д., профессор К.Ж. Абилов, п.ғ.к., доцент М.К. Абдакимова, доцент С.М. Адамбекова, PhD доктор, оқытушы М.М. Манасова, магистр., оқытушы Б.Р. Бекмухамбетова, оқытушы Г.Н. Тусупова 2017 жылдың қыркүйек айының 11 мен 19 аралығында ҚР Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласынның талаптарын талқылау мен түсіндіру бойынша университеттің барлық мамандықтарының студенттерімен дөңгелек үстелдермен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан ҚР Елбасы ұсынған әлеуметтік жобалармен қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттары мен талаптары талқыланды:
- «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру»
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
- «Туған жер»
- «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»
- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»
- «Қазақстандағы 100 жаңа есім»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»2017 жылғы 9 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды экономиқалық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде «Денсаулық фестивалі» өтті және фестиваль өткен уақытта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Университет пен колледждің студенттері теннистен, футболдан, волейболдан, баскетболдан жарыстарға белсене қатысты, жаңартылған спорт залда жаттығулар жасады. Осы фестиваль кезінде оларға «Дене тәрбиесі» кафедрасының тәжірибелі оқытушылары көмектесті.

Білім күнін

Білім күнінҚұрметті бірінші курс студенттері!
Біз сіздерді 2017 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 10.00-де Студенттер мәдениет сарайында өтетін «Білім күнін» мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста күтеміз.
Сіздерді ҚЭУ студенттік ұйымдарының мүшелері - факультеттердің белсенділері қарсы алады.

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армян мырза бастаған румын делегациясының іс-сапары

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армян мырза бастаған румын делегациясының іс-сапары  2017 жылы 24 тамызда Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армяну мырза басшылығымен ықтимал ынтымақтастық жобаларын талқылау мақсатында румыниялық делегацияның іс-сапары өтті. Делегация құрамында Румынияның Қазақстандағы Елшілігінің сауда және экономикалық мәселелер жөніндегі бірінші хатшысы Николае Павалука, «Спиру Харет» университетінің зерттеу және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Рамона Михайла-Штефанеску, Ush Pro Business кластерінің өкілдері Костина Лиана және Кристина Илие, Хевеко компания өкілдері Костин мен Габриела Трандафир және ЭКСПО-2017 көрмесіндегі румындық павильонның директоры Кристиан Куташ болды. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық бағыттары мен тәжірибе алмасуды жылғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді және Қарағанды экономикалық университеті мен «Спиру Харет» университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

24 маусымның 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Азиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі болды

24 маусымның 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Азиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі болдыАзиялық университеттер қауымдастығы өз мүшелерінің тиімділігін арттыру, жоғары білім беру жүйесін Азия аймағына енгізу, озық білім беру тәжірибесін іске асыру мақсатында құрылды. Халықаралық білім шеңберінде кооперациалық жетістіктерге әсерін беру, қоғамдастық ынтымақтастықты кеңейту және серіктестік байланыстарды білім беру Азия мемлекеттерінің аймағы арасында жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда қауымдастық құрамының саны 65-тен астам жоғары оқу орындары кіреді, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Тәжікстан, Тайланд, Армения мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындары.

Прага экономикалық университетінің PhD, профессоры Мартин Пелуханың сапары

2017 ж. 19 мен 30 маусым аралығында Қарағанды экономикалық университетіне «Еуропалық интеграция процесінің контексінде аймақтық басқару, аймақтық саясат және Чех Республикасында әлеуметтік-экономикалық қайта құру» атты лекциясын Прага экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Мартин Пелуха жүргізеді.

Прага экономикалық университеті – Прага қ., Чехияда орналасқан жоғары оқу орны. Университет 1953 жылы құрылған Чех Республикасындағы ең ірі экономикалық университеті болып табылады. Экономика университетінің «doktorhonoriscausa» құрметті атағына Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Мунделл, Милтон Фридман және Гари Беккер, соның ішінде белгілі чех және шетелдік экономистер ие болды .

Прага экономикалық университетінде  6 факультет, 50 кафедра бар және студенттерге 79-дан астам білім бағдарламалары ұсынылады.  Қазіргі уақытта университетте  20 мың студент бар. Университетте 700-ден астам білікті оқытушылары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың бірқатар сарапшылары - экономикалық, өнеркәсіптік, саудалық, аудитрлік және консалтингтік компаниялар саласы бойынша жұмыс істейді. Университеттің қызметінде маңызды орынды халықаралық ынтымақтастық алады. Университет бүкіл әлемде 200-ден астам жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы, LondonSchoolofEconomics, UniversitätzuKöln немесе UniversitaDegliStudidiBologna атты университеттерімен қарым-қатынас жасайды.

Сент Иштван университетінің PhD, профессоры Лазло Васаның Қонақтарға арналған дәрістері

Сент Иштван университеті (Венгрия) профессоры, докторы Ласло Вас 2017 жылдың 29 маусым мен 1 шілде аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «АӨК әлеуметтік инфрақұрылым: теориясы, практикасы және келешегі» атты дәріс оқиды.
Сент Иштван университеті - Венгрияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі және жалпы саны 15 000 астам студенттер оқитын 8 факультеттен тұрады. 8 факультетте білім беру бағдарламаларында бакалавр, магистрлік және докторлық дәреже жоғары деңгейде жаратылыстану ғылымдары, бизнеске машина жасау және ветеринария, экономика, әлеуметтік ғылымдар, денсаулық ғылымдар және педагогика салалары бойынша оқытылады.
Сент Иштван университеті барлық интернационалдандыру бағыттарын қолдайды және халықаралық іс-шаралар жүргізілуіне белсенді ықпал етеді, олардың бірі Қарағанды экономикалық университеті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL