«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының аға оқытушысы Бадел А. Б. КЭУ-дің №4 жатақханасында «Жастар арасындағы еріктілер» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еріктілер тобының мақсат-міндеттері және жастар арасында еріктілер рөлін арттыру мәселесі талқыланды.
2018 жылдың 3 қазанында «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. Абай қаласында мектеп және колледж түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасын өткізді.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп және колледж түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Өткізілген кәсібибағдарлық іс-шараның жемісі ретінде аталмыш мектептің және колледждің түлектері ҚҚЭУ қабырғасында экскурсияға келуге қызығушылық танытты. Экскурсия қазан айына жоспарланған.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар..
Қарағанды облысы Қазақстан халық Ассамблеясының ғылыми-эксперт тобының мүшелері «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының доценті Әбдіәкімова М. К. және прфессоры Клишина М.В. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР жаңа заң жобасының және ҚХА-ның «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруын талқылауға қатысты.
Отырыста қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаларды марапаттау болды. Үздік бағаланған жұмыстардың ішінде ф.ғ.к., профессор Клишина М.В. да болды.
2018 жыл 25 қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы М. А. Алпысбаеваның жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерімен бірлесіп «Кредо» кеңес беру орталығында көшпелі сабақ ұйымдастырылды (Теміртау қ.). Сабақ барысында студенттер Кеңес беру орталығының негізгі жұмыс бағыттарымен, орталықтың пациентерімен әлеуметтік қызметкердің жұмыс істеу бағыттарымен, қарт адамдар сондай-ақ Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы балаларымен психоәлеуметтік жеке жұмыс жасау негіздерімен танысты.
«Кредо» кеңес беру орталығының мақсаты – қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік жағынан демеу.
Бүгінде орталық «1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға арнайы қызмет көрсету» бойынша әлеуметтік жобаға тапсырыс аясында жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты үлкен жастағы адамдардың мүмкіншіліктерін психоәлеуметтік жұмыстарға және балалар тәрбиесінде пайдалану.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде "Маркетинг және логистика" кафедрасының шақыруы бойынша "Маркетинг" және "Логистика" ОП студенттеріне арналған Flip.kz интернет-дүкенінің маркетинг бөлімінің бастығы, КЭУ түлегі Абрамова Наталья Юрьевна платиналық лекциясы өтті.
Интернет-дүкен Flip.kz Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша логистиканың жеке жүйесі бар көшбасшы онлайн-ритейлерлердің бірі болып табылады.
Наталья Юрьевна онлайн - сауданың қазіргі заманғы трендтері, интернет ресурстары жұмысының тиімділігін бағалау әдістері туралы әңгімеледі. Студенттердің интернет - ресурстар арқылы тауарларды жылжыту, маркетинг бөлімдерінің жұмысы және осы компаниядағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселелерінде ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша КЭУ және "Flip.kz" интернет-дүкен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, студент тәжірибеден өтуге, ал оқытушылар тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

2018 жылдың 3 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғары математика кафедрасы 9–11 сынып оқушыларын университетте өтетін математикадан болатын Олимпиадаға шақырады. Олимпиадаға тіркелу уақыты сағат 10.00 де басталады. Олимпиада қатысушыларына мектептік бағдарламаның күрделі есептері беріледі.
Қатысатын оқушылар тізімін (қосымша заявка формасы) 22 қазанға дейін мәлімдеулеріңізді сұраймыз. Өтініштерді факс бойынша: 44-16-32 «Жоғары математика» кафедрасына деген белгі қою қажет немесе электронды пошта бойынша: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жіберуге болады.

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Eurasia Copper PLC» компаниясы түлектерді және соңғы курс студенттерін «Стажер» бағдарламасымен таныстырды.
«Eurasia Copper PLC» компаниясы – Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық және құрылыс салаларының көшбасшысы. Қызметкерлер саны 1 300 адам. Бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы – 200 000 теңгені құрайды.
Тағылымдама ұзақтылығы:
- диплом алған түлектерге – 1 айдан 3 айға дейін;
- соңғы курс студенттеріне – 3 айдан 6 айға дейін;
- 3 курс студентеріне – 18 айдан, диплом алғанға дейін
Тағылымдамадан табысты өту өлшемдері:
- өлшемдерді орындау бойынша жақсы орташа бағамен жұмыс жоспарын орындау (бесбаллдық бағам бойынша 4,0 кем емес);
- Жетекшінің мінездеме-ұсынысы;
- HR қызметінің жазба пікірі;
- компанияның, тәжірибеден өтушілерді тартумен, өткізетін барлық білімдік және қоғамдық шараларға қатысу міндетті;
- тәжірибеден өтушінің рационализациялау бойынша ұсынысы немесе диплом/магистрлік жұмысында көрсетілетін, компанияның қызметін жетілдіруге арналған тәжірибеден өтушілер тобының бірлескен жобасы.

Алматы қаласында Нархоз университетінде 2018 жылдын 17 - 19 қыркүйегінде «Білім берудегі жаңа тәсілдер: жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамыту үдерісі ретінде» атты қорытынды халықаралық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Германия, Греция, Словения, Латвия, Ресей, Қазақстан елдерінің келген серіктестері қатысты.
Конференцияның бірінші бөлігінде Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының әріптес университеттері «COMPLET жобасының тәжірибесі: нәтижелер, тарату және синергетика» сонымен қатар Болон процесінің орындау орталығының өкілі Скиба М.А. және «Құзыреттілік орталықтарының дамуына арналған үздік тәжірибелер: қолма-қол ақша Нова Банкі мен Нархоз» атты презентациялар жұмыс берушілермен көрсетілді.
Халықаралық конференцияның пленарлық отырыстарында тренингтер өткізілді, олар:
1. Студенттер, түлектер - «Командалық - табысты мансап», баяндамашы - Конотопов Алексей Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор (MIIGAIK, Ресей, Мәскеу)
2. Студенттер, магистрантар - «4,0 Технологиясы және жаңа идеялар» баяндамашы - Койчубаев Александр, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қаласы)
3. Мұғалімдер, қызметкерлер - «Оқушылардын оқыту барысындағы қалыптастырушы бағалау технологиясы» тренинг-спикері - Добрынин Наталья, Пермь мемлекеттік университеті
Тренингтер аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.
2018 жылдың қыркүйектің 21-ші күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді.
Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты.
Қорытындылар:
Жеке есепте (қыздар):
I орын – Лисичкина Варвара
II орын – Шаязданова Дана
III орын – Катаева Виктория
Жеке есепте (ұлдар):
I орын – Бондарь Андрей
II орын – Әбдір Жарас
III орын – Алимхан Еламан
Командалық есепте (қыздар):
I орын –Экономика, бизнес және құқық колледжі
II орын –Экономика және басқару факультеті
III орын – Бизнес және құқық факультеті
Командалық есепте (ұлдар):
I орын – Бизнес және құқық факультеті
II орын – Экономика, бизнес және құқық колледжі
III орын – Есеп-қаржы факультеті

22-23 қыркүйек аралығында Enactus KEUK командасының құрамындағы 12 студент «Astana Bastau Территория Бизнеса» үлкен бизнес-форумын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Біздің команда Нетворкинг зонада еріктілер ретінде жұмыс істеді. Сондай-ақ сатылым, масштабтау және инвестиция тарту салаларындағы жетекші с сарапшылардан үлкен тәжірибе жинадық. Enactus KEUK командасы ұйымдастырушыларға осындай кең ауқымды іс-шара үшін және пайдалы байланыстар орнату мүмкіндігі барына алғысын білдіреді.