«Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен кездесу

«Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен кездесуҚазақстан президенті Н.А. Назарбаев өзінің жылдағы халыққа жолдауында, еліміздің аймақтарында ішкі және сыртқы туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтеді. Қазақстан Республикасының туризм саласының тиімді жобаларының бірі, ғылым, мемлекет және бизнестің дамуына арналған аймақ Шортанды-Бурабай курорттық зонасы болып табылады. Аталған жобаны іске асыру қазақтандық туризмнің жаңа денгейге шығуына және ішкі және сыртқы туризмнің көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік береді.
2018 жылдың 02 ақпанында «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы студенттеріне арналып ҚР Президенті істерінің Басқармасы «Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Ұйымның мақсаты Шортанды-Бурабай курорттық аймағының тартымды туристік имиджін қалыптастыруға бағытталған. Кездесу өзара тиімді серіктестікті жоспарлайтын тәжірибелі сипатта өтті.
Кездесу барысында студенттер өңірлік деңгейдегі туризмді дамыту және қызмет саласын кадрлық қамтамасыз етуге қатысты проблемалық сұрақтар қойды.

Қысқы мектеп – 2018

Қысқы мектеп – 2018Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша шартты жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 10-28 қаңтар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қысқы мектебіне Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындары: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті қатысты. Қысқы мектеп шеңберінде «Юриспруденция», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Психология» мамандығының студенттері «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық емес тәсілдері» (лектор – Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Ю.Н.Еремин) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Құқықтық және экономикалық аспектілері» (лектор – з.ғ.к., доцент Б.У.Сейтхожин) пәндері бойынша дәрістер курсын тыңдады.
Университет факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитеттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Музейі – Карлагқа экскурсия ұйымдастырды. Осы экскурсия біздің қонақтарымыздың бойында ұмытылмастай әсер қалдырды. Біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтары оларды ойландырғаны сөзсіз.

Көптілді оқытушы

Көптілді оқытушы2018 ж. 24 қаңтарда шетел және орыс тілдері кафедрасы «Көптілді оқытушы» атты конкурс ұйымдастырып, өте қызықты өткізді. ҚЭУ – нің әрбір факультеті қазақ, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгерген, 5 оқытушылар тобынан құралды.

Қарағанды қаласының орта білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында футзал бойынша «Ректор кубогына» таласу жарысы

Қарағанды қаласының орта білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында футзал бойынша «Ректор кубогына» таласу жарысыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде спорттық іс-шараларды жылдың алғашқы айында өткізу жақсы әдетке айналған. 2018 жылдың алғашқы айыда әдеттен қалған жоқ. 11 қаңтарда ҚЭУ «Ректор кубогына» футзал бойынша Қарағанды қаласының орта білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларыны және колледж студенттері арасында футзал бойынша «Ректор кубогына» таласу жарысы өтті. Біздің университетіміздің қабырғасында жарысқа қатысуға келген құрамалар (№101 мектеп-лицей, ЖБОМ №63, ЖБОМ №68, ЖБОМ№6, Н. Нұрмақов атындағы мектеп, Абай атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі, Абай қаласының политехникалық колледжі).
Біздің қонақтар жарысқа тұрарлықтай дайындалған. Оқушылар өтті көрікті футбол, жақсы техника мен тактика көрсетті. Осыған қарап, олардың оқу орындарында спорттың осы түріне өте үлкен көңіл бөлінетіні байқалады.
Жарыстың тартымды нәтижесін қорытындылай келе, бірінші орыннан үшінші орындар аралағында №101 мектеп-лицей құрамасы, Н. Нұрмақов атындағы мектеп құрамасы, Абая колледжінің құрамалары алды.
Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары осы турнирді жоғары деңгейде өткізді. Жүлдегерлер Кубоктармен, мақтау қағаздары мен грамоталармен, сыйлықтармен, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Оқытушы-бапкерлердің барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Баскетболдан жасөспірімдер мен қыздар арасында (2000 ж. және одан кіші) Ректор кубогы

Баскетболдан жасөспірімдер мен қыздар арасында   (2000 ж. және одан кіші) Ректор кубогыМектеп каникулы кезінде университетіміздің спорттық-сауықтыру кешенінде баскетболдан мектеп түлектері арасында жарыс өтті.
Бұл жарыс дәстүрлі болғандықтан, ҚҚЭУ-де бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, жыл сайын үлкен сұранысқа ие.
Сондай-ақ, биыл бұл турнирге Қарағанды облысының 10 аймағынан 20 команда (240 оқушылар) Жезқазған қаласы; Балқаш; Сарань; Шахтинск; Теміртау қ.; Қарағанды қ.; Абай, Нұра, Бұқар Жырау, Осакаров аудандарынан қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды, оларға кубоктар мен дипломдар берілді, ал әрбір ойыншы мадақтамамен марапатталды.
Ұлдар арасында:
1 орын – Жезқазған қ.;
2 орын – Шахтинск қ.;
3 орын – Балқаш қ.;
қыздар арасында :
1 орын – Теміртау қ.;
2 орын – Саран қ.;
3 орын – Абай ауданы.
Сонымен қатар университетте оқу үшін 10% жеңілдікпен үш сертификат тапсырылды:
- Болысбеков Елхан (Жезқазған қ. № 8 гимназия),
- Солдатов Александр (Осакаровка кенті № 12 ОМ),
- Деренько Валерия (Осакаровка кенті № 12 ОМ).

Биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2018» атты аймақтық пән олимпиадасы

17 қаңтарда 2018 ж. Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2018» атты пән олимпиадасын өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 165-ке жуық мектеп оқушылары қатысты. Кәсіби бағдар беру аясында кафедра болашақ түлектермен университет бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырды. «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды 16 ақпанда салтанатты түрде марапаттайды.

«TOP TO FUTURE TOP FORUM» Аймақаралық ENACTUS KAZAKHSTAN бизнес-форумы

 «TOP TO FUTURE TOP FORUM» Аймақаралық ENACTUS KAZAKHSTAN бизнес-форумыАлматы қаласында «TOP TO FUTURE TOP FORUM» халықаралық бизнес-форум өтті. Оған «Enactus-KEU» командасының мүшелері Стацюк Анастасия, Макатов Серикжан, Худоиев Амин қатысты. Олар «Enactus Kazakhstan» халықаралық бағдарламасы аясында «Стартаптар мен иннновациялардың студенттік кәсіпкерлігінің ұлттық кубогына» қатысу үшін өтініш берген болатын.
ҚЭУ студенттері республикалық семинар-тренингке және «RAIMBEK GROUP» компаниясынан «Қазақстанды қалай тамақтандырамыз – 3» арнайы байқауының қорытындылауға қатысып, соның нәтижесінде алғашқы ондыққа енді.

Құттықтаймыз!

«Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының ұжымы э.ғ.д., профессор Таубаев Аяпберген Алданаевичті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Жыл адамы-2017» атағына ие болуымен құттықтай келе, шығармашылық жетістіктер, отбасына амандық және деніне саулық тілейді.

ЭТ және МЖБ кафедрасының ұжымы.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ23. 12. 17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды және Қарағанды облыстарының мектептері арасында Ашық есік күнін өткізді: КММ Көкпекті ОМ; №25 мектеп; Лицей № 101. Оқушылармен студент-волонтерлар мастер-класс өткізіп, университетке экскурсия жасап және викториналар өткізілді.

«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ӨЗГЕРТ» практикалық семинары

«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ӨЗГЕРТ» практикалық семинарыСҒЗЖ 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2017 жылғы 15 желтоқсанда сағат 14:30-да «Достық» коворкинг орталығында «Өзіңді өзің өзгерт» тақырыбына практикалық семинар өтті. Семинарды ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық, ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі А. Амантай өткізді. Семинарға құқықтану мамандығының студенттері қатысты.
Сана жаңғыруы, дұрыс ойлау тетіктерін қалыптастыру мен жетілдіру талқылаудың басты тақырыбы болды. Бүгінгі экономикалық жағдай, әлемдік дамудың заманалық үдерістері, білім беру және ғылым мәселелері сөз болды. Ойлау сатылары, өз бетінше білім алу және білімді іс жүзіне пайдалану туралы тезистер қызу талқыланды.

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»ҚЭУ-дің Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Минжанов Н.А., Манасова М.М университет студенттерінің қатысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты Тәуелсіздік түніне арналған ашық танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер біздің Тәуелсіздігіміздің жолында арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, елім – жерім деп шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекен елі үшін жанын пида еткен ата – бабаларымыз туралы өлең жолдарымен және танымдық видеолармен паш етті. Сонымен қатар сабақ барысында Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев және С.Мұхаммеджанов туралы көрініс қойылды. Көрініс бойынша студенттер Желтоқсан оқиғасы ең ауыр және ең әділетсіз оқиға болғандығына көз жеткізді.
Танымдық сабақ барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының біздің Тәуелсіздігімізге тікелей қатысы бар екендігін, бұл Желтоқсан оқиғасы бір күндік емес бір жылғы наразылықтың көрінісі екендігін түсінді.
Сабақтың қорытындысын оқытушылар студенттерге алғыс білдіре отырып, ел іргесі тыныш, халқымыздың қуатты болсын деген жалынды тілегін білдірді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL