2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ ) Қарағанды облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 300-ден адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен оқу орындарының студенттері, яғни Қарағанды Экономикалық Университеті, Экономика, бизнес және құқық Колледжі «Болашақ» Академиясы, Қарағанды Мемлекеттік Политехникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті «Экономика» факультеті «Қаржы» кафедрасының, Қарағанды Медициналық Университеті, студенттер арнайы шақырылды. Филиал директоры Мордвинцев Андрей Валентинович атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры 100idea.kz сайтында Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық байқауына материалдар жинау өткізілетінін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталатын күн – 5 желтосан.
ҚҚЭУ-дің «Менеджмент» мамандығының студенттері Сергебаева Айгерим, Турумтаева Мадина және «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Жубекова Амина Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында ІІ деңгейдегі дипломмен марапатталды.
Топтың және ғылыми жұмыстың жетекшісі PhD доктор., «Менеджмента және инновациялар» кафедрасының доценті Омарова А.Т.
Байқау 3 кезеңде өтті:
І кезең (ЖООішілік, 2017 ж. қазаны – 2018 ж. қаңтары)
ІІ кезең (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ОӘС базасында, 2018 жылдың қаңтары мен сәуірі арасында)
ІІІ кезең (республикалық, 2018 жылдың сәуірі мен маусымы арасында)
СҒЗЖ байқауына жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдарының басым бағыттары мен өзекті мәселелелері бойынша студенттердің өз бетінше орындаған аяқталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстары ұсынылады.

2018 жылдың 13 қарашасында «Достық» Коворкинг орталығында «Сауда» ақпараттық-сауда платформасының негізін қалаушы, «International Mentors Group» ЖШС құрылтайшысы Ж.Е. Әшірбековпен кездесу өткізілді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге кәсіпті қалай ашу және оны одан әрі қарай дамыту жолдарын баяндап берді. Сондай-ақ, ол тыңдаушыларға жаңа кәсіпкерлердің бастапқы кездегі қиындықтары туралы айтты.
Талқылауға студенттер қызығушылықпен араласты. Олар кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты туындайтын барлық мәселелер және оны айналып өту жолдары туралы сұрақтар қойып, жауаптармен қанағаттандырылды.
Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына араналған республикалық байқауд Гарафутдинова Эльмира ІІІ орын алған үшін құттықтаймыз.

2018 жылдың наурыздың 28-і күні Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Менеджмент» мамандығының студенттері 5В050700 – «Менеджмент» мамандығының студенттері арасында өткен Х Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында ІІ орын алды.
2018 жылдың қарашасында біздің студенттер ҚР БжҒМ дипломдарымен марапатталды.
Олимпиаданың қатысушылары: Турумтаева Мадина, Сергебаева Айгерим, Жубекова Амина. Ал оларға жетекшілік еткен PhD доктор., «Менеджмента және инновациялар» кафедрасының доценті Омарова А.Т.
12 қараша 2018 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті қабырғасында Enactus KEUK құрамасына іріктеу мен презентация өтті. Студенттерге Әлем кубогынан және Ұлттық жарыстардан флешбэктер көрсетілді, Enactus KEUK спикерлері студенттерге біздің мақсатымыз бен құндылығымыз жайлы баяндады. Команда әр студентті жетік тану үшін жеке әңгімелесу жүргізді. Команда қатарына қосылу үшін студенттер 7 күн бойы арнайы курстан өтеді, олар онда Enactus немен айналысатыны жөнінде және оларды болашақта не күтетіні жайлы білетін болады.
2018 жылдың 3 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Қарағанды облысынан Олимпиадада 36 мектептен 284 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.
Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.
08.11.2018ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Юриспруденция» мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымының докторы Унзила Шапаккызы «Конституциялық құндылықтар – мемлекет және қоғамның жаңғыртылуының тұғыры» атты өзінің «платиналық дәрісінде» АҚШ және Европа елдерінің конституциялық бақылау және қадағалау органдарының қызмет етуінің жаңа қадамдарын сондай-ақ, ҚР заңдарының ҚР Конституциясына сәйкестігін қараудың отандық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.