Халықаралық бағдарламалар және жобалар
Орталық директоры
Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы университеттің халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, халықаралық байланыстарды дамытуға ықпал етеді, ғылыми және білім беру қызметі саласында шетелдік әріптестерді іздестіреді, бірлескен жобалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестірумен айналысады.
Орталық университеттің ПОҚ мен білім алушыларының халықаралық және ішкі алмасулар бойынша, форумдарға, конференцияларға, кездесулерге қатысуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, халықаралық ынтымақтастық саласындағы нақты бірлескен бағдарламаларды үйлестірумен айналысады (біліктілікті арттыру, магистрлік бағдарламалар, докторантурада оқу және т.б.), университетте шетелдік мамандардың болу бағдарламаларын жасайды, іскерлік кездесулерді ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандармен кеңеседі.
Байланыс деректері: 100009 Қарағанды, Академическая көшесі, 9 (268 кабинет)
Тел.: +7 (7212) 44-16-12
E-mail:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
TRUNAK
![]() |
«Қазақстанда университеттік автономияға көшу» TRUNAK Жобаның үйлестірушісі: |
![]() |
Еуропалық серіктестер: Еуропа университеттер Қауымдастығы, Лунд университеті(se), Люблян университеті(si), Люблян технологиялық университеті(pl), Савония қолданбалы ғылымдар университеті(fi), Ага-хан университеті – мұсылман өркениетін оқытатын институт(uk), Universita Cattolika del Sacro Cuore(it)
Қазақстандық серіктестер: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі (kz),Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі(kz), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті(kz), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті(kz), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті(kz), Астана медицина университеті(kz) және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті(kz), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті(kz)
Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2020 жылдар
Жобаның мақсаты:
Бюджеттік және академиялық өзін-өзі басқарудың қандай деңгейі қажет екендігі туралы шешім қабылдай алатын, қазақстандық университеттердің өзін-өзі басқару модельдері төңірегіндегі консенсус үшін негіздерді қамтамасыз ету. Жоба еуропа елдерінде қолданылатын, ЖОО-лар автономиясы модельдерінің алуандығы туралы білімді арттырады.Өзін-өзі басқару саласындағы қажеттіліктерді анықтау мақсатында, қазақстандық университеттерге сұрау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жобаның аралық мақсаттары:
1. Университеттер автономиясының базалық модельдерін(жоғары білім беретін ерекше салалар, мысалы, медицина үшін баламалы модельдерді қоса алғанда) әзірлеу.
2.Серіктес-Университеттерде жүзеге асыру.
3.ЖОО-лармен және ұсынылған реформаларға қатысушылармен қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық стратегия әзірлеу, реформаларды енгізудің кесте жобасын жасау.
4.Бір оқу орнында болатын және басқа қазақстандық ЖОО-ларға көмек көрсететін, өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бойынша Консультативтік топтар құру.
Тиімділігі мен нәтижелігі:
- Серіктестік келісімге қол қойылды(2017 жыл)
- Мемлекеттік медицина университетінің базасында Қарағанды қаласында kick-off meeting өткізілді(қараша 2017 жыл)
- Жұмыс тобы құрылды, негізгі тұлғалардың міндеттері (функциялары) анықталды(желтоқсан 2017 жыл)
- Сапа жөніндегі бірінші жоспар табыс етілді(қаңтар 2018 жыл);
Бізге файсбукте: trunak-project.kz арқылы қосылуға болады.
|
Күні |
Іс-шара |
|---|---|
|
13-17 қараша 2017 жыл |
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында жобаға қатысушылардың алғашқы кеңесі өтті. Кездесу барысында жоба мүшелері бір-бірімен және Қазақстандағы автономияның жай-күйімен танысты. |
|
5 наурыз 2018 жыл |
Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде Эразмус+«Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUMAK» жобасының мониторингі өтті. Қазақстандағы «Эразмус+» Ұлттық офисінің директоры Шайзада Тасбулатова және директордың орынбасары Жанара Қазбекова жоба нәтижелерін ұсынды. Кездесу барысында проблемалар, операциялық және қаржылық қиындықтар талқыланып, сондай-ақ оларды шешу жолдары анықталды. |
|
19-20 наурыз 2018 жыл |
19-20 наурызда Брюссельде Еуропалық университеттер қауымдастығы(EUA) базасында Эразмус+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасын жүзеге асыру шеңберінде университеттер автономиясын зерттеу және бағалау бойынша оқытушы семинар болды. Университеттердің Еуропалық қауымдастығының қызметкерлері еуропалық бенчмаркинг негізінде университеттік автономияның анықтамалары, артықшылықтары мен оның құрылымдық жағдайлары туралы ақпарат берді. TRUNAK консорциумы бойынша серіктестер Еуропалық университеттер қауымдастығы әзірлеген, автономияны бағалау жүйесіне сәйкес автономияның ағымдағы жай-күйі туралы ақпараттарды жинау және талдау әдіснамаларын үйренді. Осы тәсілдеме автономияның төрт саласы үшін: ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық және академиялық индикаторларды талдауға негізделген. |
|
4-8 ақпан 2019 жыл |
TRUNAK жобасы шеңберінде 2019 жылғы ақпанның 4-нен 8-не дейін семинарға Қарағанды медициналық университетінің, Еуропалық университеттер қауымдастығының, Лунд университетінің, Люблянск университетінің, мұсылман өркениетін зерттейтін Аға Хана-Институты Университетінің, Люблинск техникалық университетінің, Савония қолданбалы ғылымдар университетінің, дель Сакро Куоре Католик университетінің, Астана медициналық университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің; Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің(Л.Қ.Құсаинова және А.А.Гарипова) өкілдері қатысты. Еуропалық университеттер қауымдастығының университеттерді басқарудағы ағымдағы жағдай бойынша есебі және жоғары білім беруді қалыптастыру процесі бойынша ұсынымдары таныстырылды. Ұсынымдарды әзірлеу үшін, барлық қатысушылар: -қаржылық автономия, кадрлық автономия, қаржылық және академиялық автономия 4 бағыты бойынша ұсынымдар және ұсыныстар қалыптастыру, оларды таныстыру мақсатында екі командаға бөлінген болатын. Барлық нәтижелер таныстырылымдар түрінде көрсетіліп, Люблинск техникалық университетінде(Польша) өткен, келесі семинарға қатысушыларға берілді. |
|
12 акпан 2019 жыл |
ERASMUS+ «Университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасының жұмыс тобының мүшелері - Л.Қ.Құсаинова, А.А.Гарипова ұсынымдар әзірлеуге арналған және кейін Лунд университетінде(Лунд қаласы, Швеция) өткізілетін, университеттік автономия моделін әзірлейтін алғашқы семинарлар сериясына қатысты. Жұмыс тобының мүшелері семинарлардан келгеннен кейін семинар-тренинг өткізіп, онда Қазақстан республикасында университеттік автономияның жай-күйіне жүргізілген талдаулар нәтижесінде алынған алдын ала нәтижелермен таныстырды, сондай-ақ университетте талқылау үшін алғашқы нәтижелер таныстырылып, өз ұсыныстарын берді. |
|
2019 жылдың 24 ақпанынан 3-ші наурызына дейін |
Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және Академиялық ұтқырлық Орталығының бас маманы Г.Ж.Тарпанова ERASMUS+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу»(TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде семинарға қатысты. TRUNAK жобасы шеңберінде Г.Ж.Тарпанова семинарларға және ұйымдастырылған тренингтерге қатысты.Мониторинг шеңберінде жобаны жүзеге асырудың әр түрлі аспектілері қаралды:
|
|
2019 жылғы наурыздың 3-нен 9-на дейін |
Стратегиялық даму Департаментінің жетекшісі С.А.Муликова Люблин Технологиялық университетінде(Люблин қаласы, Польша) «Университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасымен жұмыс жасау шеңберінде өткізілетін семинар жұмысына қатысты. Семинар Қазақстан жағдайында университеттік автономия моделін әзірлеу оның мақсаты болып саналатын, шеберлік-сыныптарының логикалық жалғасы болып саналды. |
|
15-16 мамыр 2019 жыл |
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында»Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде, автономияның базалық моделін әзірлеуге арналған семинар болып өтті. Семинарларда жұмыс пакетінің нәтижелері таныстырылды. 2. Автономияның 4 типтері бойынша кеңейту жөніндегі ұсыныс Development Словениядағы, Польшадағы, Швециядағы семинарларда және автономияны енгізу тетіктері Еуропалық серіктестер университеттерінде талыланды. Қазақстандық серіктестер Денсаулық сақтау министрлігімен, еуропалық серіктестермен, еуропалық университеттер Қауымдастығымен бірлесе отырып, семинар жұмыстарының барысында университет автономиясының базалық моделін құрудың және одан ары қарайғы алдағы қадамдардың негізгі принциптерін әзірледі. |
|
25 мамыр 2019 жыл |
ҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесінің отырысында ERASMUS + «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасы шеңберіндегі жұмыс нәтижелерінің таныстырылымы болды, онда ҚЭУ-дің кафедралары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Люблинск технологиялық университетінде, Люблян университетінде, Лунд университетінде семинарлар барысында ERASMUS+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUMAK» жобасының жұмыс тобы әзірлеген негізгі қорытындылар мен ұсынымдар таныстырылды. Талқылау барысында жоба нәтижелерін академиялық орта арасында тарату үшін, университеттік автономия проблемаларына арналған конференция өткізу туралы шешім қабылданған болатын. |
Көптілді білім беру орталығы
Жангабулова Жансая Максутовна
Көптілді білім беру орталығының директоры
Көптілді білім беру орталығы ПОҚ, университет пен колледж қызметкерлері мен білім алушыларының кәсіби және тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында құрылған.
Орталық қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Университет пен колледждің ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларын тілдік даярлау (оқыту деңгейлері бойынша мемлекеттік және шет тілдері);
- Шет тілдерін топтық және корпоративтік оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын ілгерілету, профессорлық-оқытушылық құрамның және университет қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да тыңдаушылардың үздіксіз оқыту тұжырымдамасы шеңберінде: магистратураға даярлау, IELTS-ке дайындық, CLIL әдістемесі бойынша семинарлар және т. б.);
- Арнайы тіл курстарын (академиялық жазу курсы, шет тілдерінің сөйлесу клубтары, көптілді конкурстар және т.б. іс-шаралар) ұйымдастыру арқылы университеттің кәсіби бағдарлануына жәрдемдесу.
Орталыққа оқытушыларға, қызметкерлер мен білім алушыларға арналған тілдік курстарды, көптілді оқытушыларға арналған интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша курстарды, көптілді оқытушылар мен білім алушыларға арналған халықаралық емтихандарға дайындық бойынша тілдік курстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша жүгінуге болады.
Кері байланыс: Академическая 9 көшесі
№281 офис
Тел.: +7 7212 44-16-24 (ішкі 6525)
email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Рейтингтің нәтижелері
Мемлекеттік қызмет стандарттарын
Байланыстар
|
Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру Департаментінің директоры |
Легостаева Анна Анатольевна э.ғ.д., профессор |
Жұм.тел: 44-15-88 Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 257 каб. (2 қабат) |
|
Бас маман |
Тян Ольга Алексеевна э.ғ.к., доцент |
Жұм.тел: 44-16-24 (доп.199) Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 264 каб. (2 қабат) |
|
Бас маман |
Онербекова Айымгуль Жусупбековна |
Жұм.тел: 44-16-24 (доп.199) Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 264 каб. (2 қабат) |
|
Маман |
Оспанова Анар Капаровна |
Жұм.тел: 44-16-24 (доп.199) Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 264 каб. (2 қабат) |
|
Маман |
Омарова Айгерим Тилеугалыкызы |
Жұм.тел: 44-16-24 (доп.199) Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 264 каб. (2 қабат) |
|
Әдіскер |
Қали Арайлым Ардаққызы |
Жұм.тел: 44-16-24 (доп.199) Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 264 каб. (2 қабат) |
Ішкі нормативтік әдістемелік құжаттама
THE CACTLE
|
Орталық Азиялық оқыту, білім және кәсіпкерлік орталығын құру CACTLE |
|
Жоба - әлеуметтік-экономикалық субъектілер ретінде университет профессорларының оқыту құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы кәсіпкерлік құзіреттілігін арттыру мақсатында, кәсіпорындар мен университеттердің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндіктер туғызу, студенттерді кәсіпкерлікке және бизнесті дамытуға үйрету Орталық Азия университеттері мен кәсіпорындары арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін "Орталық Азиялық оқыту, білім және кәсіпкерлік орталығын құруға - CACTLE" бағытталған. Грант үйлестірушісі: Wirtschaftsuniversität Wien – Вена экономика және бизнес университеті, Австрия. Европалық серіктестер: Вена экономика және бизнес университеті, Австрия; Эрланген және Нюрнбергтегі Фридрих-Александр атындағы университеті, Германия; Каталония ашық университеті, Испания; Ла-Корунья университеті, Испания. Жобаны іске асыру мерзімі: 2015-2018 жж. Жоба мақсаты: Оқу сапасын арттыру және студенттердің кәсіпкерлік дағдыларға құзіреттілігін жетілдіру. Жобаның міндеттері : - CACTLE орталығын құру; - Кәсіптік пәндерді оқыту сапасын арттыру; - Тәжірибелік сабақтарға жағдай жасау; - Университеттің бизнес қауымдастығымен байланысын жақсарту. Жобаның өзектілігі мен сапасы Еңбек нарығының, елдің индустриалды-инновациялық даму міндеттеріне, жеке тұлғаға және білім берудің халықаралық озық тәжірибелеріне сәйкес келетін жоғары білімнің жоғары деңгейіне қол жеткізу Қарағанды экономикалық университетінде: Университет пен Қарағанды кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық орнатылған. «Кәсіпкерлік университеті» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үш университеттің оқытушыларымен «Кәсіпкерлік» курсын оқыту жоспарланған Тиімділік пен нәтижелілік: - Серіктестік туралы келісімге қол қойылды (2015 ж.) - Алматыда kick-off meeting өтті (желтоқсан 2015 ж.) - CUT тренингіне үш мұғалім таңдалды (2015 ж.) - Жұмыс тобы құрылды, негізгі тұлғалардың функциялары анықталды - Бизнес-жоспардың алғашқы жобасы ұсынылды - Логотип өңделді - Орталыққа арналған ұранның нұсқасы ұсынылған - Нюрнбергте үйлестірушілердің кездесуі (наурыз 2016 ж.) - Ташкентте жаттықтырушыларды оқыту (мамыр 2016 ж.), Қарағандыда (маусым-шілде 2016 ж.) және Бішкекте (қыркүйек 2016 ж.) - Қарағанды экономикалық университетінде оқытушыларға арналған жобаның тұсаукесері (2016 ж.) Жоба аясында ҚҚЭУ-де өткізілетін курстар: - Корпоративтік тренингтер: 1) How to make money on trouble clients - Кәсіпкерлерге арналған тренингтер: 1) Taxation for business founders - Мұғалімдерге арналған семинарлар: 1) CUT 2) AMT Жобаны Қазақстанда жүзеге асыру туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден қараңыз: http://kazakhstan.cactle.eu/ Платформада тіркеліп, курсты келесі сілтемеден ала аласыз: http://learning.cactle.eu/index.php Жоба жаңалықтары: https://www.facebook.com/BusinessEducationCactle/ |
|
Элективті пәндер каталогы
2021-2022-2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГТАРЫ.












