THE CACTLE

 

 

THE CACTLE

Орталық Азиялық оқыту, білім және кәсіпкерлік орталығын құру

CACTLE

THE CACTLE

Жоба - әлеуметтік-экономикалық субъектілер ретінде университет профессорларының оқыту құзіреттіліктерін жетілдіру арқылы кәсіпкерлік құзіреттілігін арттыру мақсатында, кәсіпорындар мен университеттердің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндіктер туғызу, студенттерді кәсіпкерлікке және бизнесті дамытуға үйрету Орталық Азия университеттері мен кәсіпорындары  арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін "Орталық Азиялық оқыту, білім және кәсіпкерлік орталығын құруға - CACTLE" бағытталған.

Грант үйлестірушісі: Wirtschaftsuniversität Wien – Вена экономика және бизнес университеті, Австрия.

Европалық серіктестер: Вена экономика және бизнес университеті, Австрия; Эрланген және Нюрнбергтегі Фридрих-Александр атындағы университеті, Германия; Каталония ашық университеті, Испания; Ла-Корунья университеті, Испания.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2015-2018 жж.

Жоба мақсаты:

Оқу сапасын арттыру және студенттердің кәсіпкерлік дағдыларға құзіреттілігін  жетілдіру.

Жобаның міндеттері :

- CACTLE орталығын құру;

- Кәсіптік пәндерді оқыту сапасын арттыру;

- Тәжірибелік сабақтарға жағдай жасау;

- Университеттің бизнес қауымдастығымен байланысын жақсарту.

 Жобаның өзектілігі мен сапасы

Еңбек нарығының, елдің индустриалды-инновациялық даму міндеттеріне, жеке тұлғаға және білім берудің халықаралық озық тәжірибелеріне сәйкес келетін жоғары білімнің жоғары деңгейіне қол жеткізу

 Қарағанды экономикалық университетінде:

Университет пен Қарағанды кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық орнатылған. «Кәсіпкерлік университеті» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үш университеттің оқытушыларымен «Кәсіпкерлік» курсын оқыту жоспарланған

 Тиімділік пен нәтижелілік:

- Серіктестік туралы келісімге қол қойылды (2015 ж.)

- Алматыда kick-off meeting өтті (желтоқсан 2015 ж.)

- CUT тренингіне үш мұғалім таңдалды (2015 ж.)

- Жұмыс тобы құрылды, негізгі тұлғалардың функциялары анықталды  

- Бизнес-жоспардың алғашқы жобасы ұсынылды

- Логотип өңделді

- Орталыққа арналған ұранның нұсқасы ұсынылған

- Нюрнбергте үйлестірушілердің кездесуі (наурыз 2016 ж.)

- Ташкентте жаттықтырушыларды оқыту (мамыр 2016 ж.), Қарағандыда  (маусым-шілде 2016 ж.) және Бішкекте (қыркүйек 2016 ж.)

- Қарағанды экономикалық университетінде оқытушыларға арналған жобаның тұсаукесері (2016 ж.)

 Жоба аясында ҚҚЭУ-де өткізілетін курстар:

- Корпоративтік тренингтер:

1) How to make money on trouble clients

- Кәсіпкерлерге арналған тренингтер:

1) Taxation for business founders

- Мұғалімдерге арналған семинарлар:

1) CUT 

2) AMT 

Жобаны Қазақстанда жүзеге асыру туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден қараңыз: http://kazakhstan.cactle.eu/

Платформада тіркеліп, курсты келесі сілтемеден ала аласыз:  http://learning.cactle.eu/index.php

Жоба жаңалықтары: https://www.facebook.com/BusinessEducationCactle/

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL