• Раздел таблицы

Қашықтықтан оқыту факультеті студенттерінің қабылдау кестесі

Қашықтықтан оқыту факультет деканының міндетін атқарушы
Борбасова Зияда Назибекқызы

Апта күндері

Уақыты

Мамандықтар

Дүйсенбі

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

Сейсенбі

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

Сәрсенбі

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

Бейсенбі

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

Жұма

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

Сенбі

09.00-17.00 (кесте бойынша сабақ өткізу уақытынан басқа)

Барлық мамандықтар

 

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат
Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Жұмыстың, оқудың қауіпсіздік тәртібін, университеттің материалдық қымбаттылықтарын сақтау мақсатымен, университет ректорының бұйрығымен 2014 жылдың 1 шілдесінде Қауіпсіздік қызметі құрылды.

Қауіпсіздік қызметінің мақсаттары:
1.1Университет аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру және сақтау.
1.2Университет қызметкерлерінің, оқытушылардың, студенттердің құқықтарын қорғау, қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
1.3Университет нысанының материалдық қымбаттылықтарын және қаржысының қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
1.4Университеттің шаруашылық қызметінің және экономикалық қауіпсіздігін қорғау.
1.5Университет студенттерінің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Бөлімшенің негізгі функциялары:


1)Университет ғимаратына және территориясына қызметкерлердің, студенттердің және басқа тұлғалармен, автокөліктердің келу тәртібін және университет территориясында немесе территориядан тыс жерден университет меншігінің қозғалыс тәртібін қадағалау.
2)Университет нысандарын ұрлықтан, өрт салудан басқа да қылмыстық істерден және қоғамдық тәртіп бұзудан сақтау.
3)Университет нысандарының қауіпсіздік шараларын әзірлеу.
4)Қорғау дабылының дұрыс жұмыс істеууін қамтамасыз ету, оның жағдайын қадағалау және істен шыққан кезде жөндеу жұмыстарын жасау.
5)Қызметкерлер, студенттер және басқа тұлғалардың қатынасты басқару жүйесін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің қатынасты басқару тәртібін қадағалауы, университет ректорының 27 тамыз 2014 жылдың №58-п бұйрығымен орындалады.
6)Университет құрылымына қатысты қылмыстық бұзушылықтың, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, анықтау бойынша шараларды әзірлеу және орындау.
7)Университетке немесе оның қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстардың, құқық бұзушылықтың фактісі бойынша ақпаратты құқық сақтау бөлімдеріне беруге әзірлеу.

Қауіпсіздік қызметінің негізгі құжаттары:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
Қазақстан Республикасының Заңдары;
Қазақстан Республикасының Үкіметінің білім беру жүйесіндегі қаулылары;
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің нормативті актілері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының ИСО 9000 халықаралық стандарттарына сай әзірленген қағидалар;
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Жарғысы;
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылар және қызметкерлердің кәсіби этика Кодексі;
Университет ректоратының, Ғылыми кеңес шешімдерімен, ректордың қаулылары және бұйрықтарымен;
Білім беру саласындағы қызметтік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету актілерімен;


Университет ректоры бекіткен қауіпсіздік қызметінің шартымен.

 

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері университет қамтамасыз ететін кәсіптік киімде қызмет етеді.
Қауіпсіздік қызметі жұмыстың барлық салалары бойынша құжат жүргізеді, оқу жылының қорытындысы бойынша есеп жасайды.
Ай сайын анықталған құқық бұзушылық және қызметкерлердің ішкі тәртіпті бұзулары туралы есеп әзірлеп, университет ректорына ұсынады.


Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы

    

Қауіпсіздік қызметінің басшылары

Қауіпсіздіку қызметінің басшысы:
Абенов Абдыльнасир Молдабаевич – білімі: жоғары-оқытушылық, заңгер;
Ішкі істер құрамында 30 жылдық еңбек өтілі бар, әртүрлі басқарушылық қызметтерде болды, полиция полковнигі.
Келесі медальдармен марапатталды: «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін - ІІІ степени», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін - ІІ степени», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» және ІІМ «Үзік қызметі үшін» белгісі бар.

Қауіпсіздік қызметінің басшысының орынбасары:
Жакупов Нуртас Жакупович – білімі: жоғары-заңгер; ішкі істер құрамында 19 жыл қызмет етті, әртүрлі басқарушылық қызметтерді атқарды, полиция майоры.

Деректемелер

ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті»
Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі
БИН 660340000046
ИИК KZ568560000000205110
БИК KCJB KZ KX
КБЕ 17
АҚ «БанкЦентрКредит» Қарағанды қаласы
Тел./факс: 8 (7212) 441624(176), 8(7172) 441632


ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті»
Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі
БИН 660340000046
ИИК KZ276017191000003763
БИК HSBKKZKX
КБЕ 17
АҚ «Халық банк Қазақстан» Қарағанды қаласы
Тел./факс: 8 (7212) 441624(176), 8(7172) 441632


 

Қабылдау комиссиясы

Қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны
+7 (7212) 4415 72
Қабылдау бөлмесінің жауапты хатшысы – Курманалина Анар Кайратовна

Қабылдау бөлмесі жұмысының басы: 20.06.2015 ж.

КТ өтініштерді қабылдау мерзімі 20.06.15 күнінен 9.07.15 күніне дейін.

КТ өткізу мерзімі 17-23 шілде 2015 ж.

Медициналық орталықтар

Медициналық пунктінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- студенттерге, профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының тұрақты сараптамасын өткізеді, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, сабақтардан босатуын ұйымдастырады;
- учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша аурудың қайталауына қарсы емді қамтамасыз етіп, физио ем-шаралар мен егулерді жүзеге асырады;
- ЖИТС, нашақорлық, жыныстық қатынастан жұғатын соз аурулар бойынша дәрістерді оқу арқылы (жетекші мамандар мен СӨС қызметкерлерін шақырып), санитарлық-ағарту жұмыстарды жүргізу, әр тақырыптарға санбюллетеньдерді шығару;
- студенттердің және ПОҚ флюорографиялық тексеруін қамтамасыз ету.

Терапевт-дәрігер қызметінің негізгі бағыттары
- студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету бойынша медпункті ұжымының жұмысын ұйымдастырады;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының сараптамасын жүргізіп, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, оқу жылының аяғына дейін сабақтардан босатады;
- университеттің студенттері мен қызметкерлерінің 100% флюорографиялық тексеруін қамтамасыз етеді (өкпе туберкулезін айқындап табу бойынша);
- учаскелік дәрігердің белгілеуі бойынша аурудың қайталауына қарсы ем жасап, физиотерапевтикалық ем-шараларды жүзеге асырады, белгіленген диагноз бойынша ем таңдап, ем-шаралар әдістемесін жазып, ауруға физио ем-шаралардың емдеу тетігін түсіндіріп, қауіпсіздік техникасымен таныстырады.

Медпунктінің медбикесі қызметінің негізгі бағыттары
- инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің ережелерін сақтап, медициналық белгіленуі бар бұйымдарды дұрыс сақтап, залалсыздандырады).
- ауруларды күту барысында медбикелік үдерістің барлық кезеңдерін жүзеге асырады (аурудың хал-жағдайының алғашқы бағалауы, алынған деректерге талдау беру, күтімді жоспарлау).
- дәрігер белгілеген сақтық және ем-диагностикалық ем-шараларды дер кезінде және сапалы орындайды.
- қатты ауырып қалған жағдайларда, сәтсіз оқиға және апат болған жағдайда дәрігер келгенше шұғыл жәрдем көрсетіп, дәрігерді шақырады немесе ауруды жақын орналасқан емханаға жеткізеді.
- талып қалуға қарсы (анафилактикалық талып қалу жағдайында) тіршілік көрсеткіштері бойынша (дәрігердің ауруға дер кезінде келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда) осындай жағдай барысында белгіленген әрекеттер тәртібіне сәйкес ем жасайды.
- дәрілердің дұрыс сақтауын, есебін және есептеп шығаруын, аурулардың дәрілерді қабылдау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.
- бекітілген медициналық есепке алу – есеп беру құжаттамаларын жүргізеді;
- денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану бойынша санитарлық – ағарту жұмыс жүргізеді.

 

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

6В07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

Қазіргі уақытта жастар орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін өз білімін жалғастыруға кең мүмкіндіктерге ие. Жаңа, ерекше және инновациялық мамандықтардың саны өте көп.

Дегенмен, кез-келген экономикалық және саяси өзгерістер болса да мамандар әрқашан қажет болатын адам қызметінің кәсіби бағыттарының белгілі бір қабаты бар. Солардың арасында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын атап көрсетуге болады. Тұтынушылық нарықты әртүрлі тауарлармен қамтамасыз ету жағдайында стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді.

6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін тұтыну тауарлары мен қызметтері саласындағы стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы инновацияға бағдарланған, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі маман - өнімнің сапасын қамтамасыз ету және бағалау, оның сәйкестігін растайтын, сонымен қатар стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардағы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарының (аспаптардың, жабдықтардың) жұмыс жағдайын бақылау, кәсіпорындар мен ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін құру және бағалау саласындағы маман олып табылады.

Оқуды аяқтағанда берілетін дәреже: 6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Мамандық лауазымдарының тізімі: стандарттау, сертификаттау, метрология маманы, сапа менеджері, метролог, колледж оқытушысы.

Орта білім негізінде (мектеп түлектері) күндізгі бөлімге түсушілер 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 міндетті + 2 таңдау бойынша бейіндік пәндер).

6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ бейіндік пәндер:

1) Математика
2) Физика

Колледж түлектері университетке екі пән бойынша сұхбаттасу арқылы түседі:

1) жалпы кәсіби пән - физика;

2) Профильдік пән - стандарттау.

Бакалавриатта оқу мерзімі:

Орта білім негізінде (мектеп бітірушілер) - 4 жыл;

Орта арнаулы білім негізінде (колледж түлектері) - 3 жыл;

Жоғары білім негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданылатын күндізгі бөлім – 2 жыл.

Бакалавриат түлектері магистратурада оқуларын жалғастыра алады:

- ғылыми-педагогикалық салада - 2 жыл;

- профильдік бағыт бойынша - 1 жыл.

Жатақхана



Жатақхана туралы ақпарат

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде  құрамында 4 жатақхана, стадион, теннис корты, баскетбол және волейбол алаңдары, жаттығу залы, медициналық орталық, студенттік кафе, шағын кір жуу орындары, ақпараттық-білім беру орталығы, адалдық дүкені бар студенттік кампустың негізі қаланған. Университет пен студенттік кампустың жатақханаларында  сымсыз желі Wi-FI  жұмыс істейді.

Жалпы ауданы 14 000 шаршы метрден асатын, барлық заманауи талаптарға сай келетін 4 жатақханада 300-ден астам студент тұрады. Сізді әр жатақханада жылы атмосфера мен үйдегідей жайлылық күтеді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханалары жайлылығымен, қауіпсіздігімен және өмір сүру үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Студенттер екі және төрт орындық бөлмелерде тұрады. Жатақханаларда өмір сүру, оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған. Сабаққа дайындалу мен бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Жатақханада сабаққа дайындалу үшін оқу залдары жабдықталған, компьютерлік сыныптар құрылған.

Студенттік жатақханалар бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бейнежазба әр қабатта жасалады және күзетпен бақыланады. Жатақханаға кірер кезде тұрғындар электрондық рұқсаттамалар арқылы өтеді.

Университет барлық мұқтаж жандарды жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге тырысады.

Студенттік жатақханалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан:

№1 жатақхана – Академическая көшесі, 5 (бөлмелер саны – 62)

№2 жатақхана – Академическая көшесі, 7 (бөлмелер саны – 29)

№3 жатақхана – Академическая көшесі, 5/1 (бөлмелер саны – 30)

№ 4 жатақхана-Комиссаров көшесі, 32 (бөлме саны – 69)

 

 

Жатақханаға электронды жолдама алу үшін студентке / талапкерге:

  1. Электрондық материалдарды тіркей отырып, онлайн өтініш беру:

- студенттің / талапкердің жеке куәлігі;

- фото 3*4;

- әлеуметтік санаттағы анықтамалар (мүгедектігі туралы, отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 және одан да көп баланың бар екендігі туралы растайтын құжаттар). Болған жағдайда.

- спорт, ғылым, дебаттық қозғалыс және шығармашылық саласындағы халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі дипломдар, грамоталар (болған жағдайда).

** Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою.

** Егер студент / талапкер кәмелетке толмаған болса, онда студент/талапкердің өтінішіне ата-анасының біреуінің ЭЦҚ-сы қойылады.

  1. Өтініш "мақұлданды" мәртебесін алғаннан кейін тұрғын үй жалдау шартын жасасып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
  2. Тұрғаны үшін төлемді жүргізу (11 500 теңге мөлшерінде) және төлем туралы түбіртекті электронды түрде бекіту (міндетті түрде төлем атауы бағанында "жатақхана үшін төлем"деп көрсету керек).

** Төлемді мобильді банкинг (Kaspi Банк ЦентрКредит, Халық банкі) қосымшасы арқылы жүргізуге болады.

  1. Университет ректорының тұрғын үй жалдау шартына қол қоюын күту.
  2. Қоныстануға электрондық жолдама алу.
  3. Жолдамада көрсетілген мекенжай бойынша университет жатақханасына жүгіну.

Орналасу кезінде жатақхана комендантына ұсыну қажет:

  1. Жатақхана беру туралы жолдама;
  2. Медициналық анықтама (балдан өту.университеттің медпунктінде тексеру, 205 каб.)

      Байланыс телефоны :

8 (7212) 44-16-24 (доб.169)

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханасына орналасуға басқа қалалардан келген студенттер басым құқыққа ие:

1) мүгедектер қатарындағы кемтар адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, екі немесе бір ата-анасының мүгедектігі (1 және 2-топ) болған кезде (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не балалар үйінен анықтама, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі);

2)кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға келіп түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралман мәртебесі бар адамдар (қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманың көшірмесі, оралман куәлігінің көшірмесі);

3) бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және конкурс жеңімпазының сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген талапкерлер білімі туралы растайтын құжатпен (куәліктің, аттестаттың, дипломның көшірмесі);

4)ҚР БҒМ Білім беру грантының иегерлеріне (білім беру грантын тағайындау туралы куәліктің көшірмесі);

5)егер отбасында 18 жасқа дейінгі 3-тен астам бала болса және анасының "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" белгісі болса, көпбалалы отбасынан шыққан (отбасында 4 және одан да көп бала бар екендігі туралы анықтаманың көшірмесі);

6) Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне халықаралық келісімдер (келісімшарттар) бойынша оқуға қабылданған шетелдік азаматтар жатақханаға жалпы негізде орналастырылады;

7) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарында оқитындар (транскрипт көшірмесі, грамоталардың, дипломдардың көшірмелері).


Жатақхана

 

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Басшылар

  • Басшылар
    Ректор
    Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы

    Ғылыми атағы: экономика ғылымдарының докторы, профессор

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-22

    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    ЖҰМА сағат 15:30-да.
    СӘРСЕНБІ күні 8/7212/ 44-16-22 телефоны бойынша алдын ала жазылу міндетті болып табылады

    Білімі:

    - 1970 жылы Орталық Одақтың Қарағанды кооперативтік институтын үздік дипломмен  бітірді.

    - 1975 жылы Т. Г. Шевченко  атындағы Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1975)

    - 1989 жылы Т. Г. Шевченко атындағы  Киев мемлекеттік университетінде "Саяси экономика" мамандығы бойынша  докторлық диссертация қорғады.

    - 1991-1997 жылдары-Орталық Одақтың Қарағанды кооперативтік институтының оқу  ісі  жөніндегі проректоры.

    - 1997 жылдан бастап Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры.

    Ғылыми жетістіктері:

    500-ден астам ғылыми жарияланымдардың, ғылыми-практикалық  оқу құралдарының, оқулықтардың, 10 монографияның авторы.  2 жұмысы  Web of Science (Хирша  индексі – 0), 8 - SCOPUS (Хирша  индексі – 1) журналында жарияланған. Оның басшылығымен алыс шет елдер мен ТМД елдерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен бірнеше ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді, 30-дан астам кандидаттық және 10 докторлық диссертациялар орындалды және қорғалды.

    Марапаттар:

    - В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай  "Ерен еңбегі үшін" медалі

    - " Ерен  еңбегі    үшін" медалі

    - "Құрмет" ордені (2004)

    - "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі (2005)

    - "А. Байтұрсынов" күміс медалі (2006)

    -  Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына арналған медаль (2007)

    - " Астанаға10 жыл " мерейтойлық медалі (2007)

    -  «Парасат»  ордені  (2009)

    -  Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі

    - "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" мерейтойлық медалі

    -  II дәрежелі "Достық" ордені (2016)

    Қарағанды облысының Құрметті азаматы

  • Академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректор

    Тапенова Гульнур Сагатовна

    Ғылыми атағы: Философия докторы (PhD), доцент
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-74
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Дүйсенбі сағат 15:00-де.

    № 356 каб.

    Ғылыми-педагогикалық қызметтің жалпы өтілі: 10 жыл. «Спорттағы Мемлекеттік басқару», «Микроэкономика», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару»,
    «Әлеуметтік мемлекет» (қаз. тілі), «Макроэкономика» (орыс тілі) бакалавриат пәндерін жүргізеді. Әр түрлі басылымдарда ғылыми жарияланымдар бар-3 б.п.
  • Халықаралық байланыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректор

    Абдикаримова Алия Толеутаевна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты
    Байланыс телефондары: +77017518507
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
     
    Сәрсенбі-14.00-17.00
     
    Білімі:

    -1995 – 1999 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқу, "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы

    -1999 – 2002 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің аспирантурасында оқу

    -2003 – "08.00.01 – Экономикалық теория" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғау

    Ғылыми жетістіктері:

    30-ға жуық ғылыми еңбектері жарияланды, оның ішінде Scopus халықаралық ақпараттық базасының ғылыми журналдарында жарияланымдар, ҚР ҰӘМ КОКСОН, 3 монография, 3 оқу құралы жарық көрді..

  • Басшылар
    Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор

    Орынбеков Алмас Сәбитұлы

    Ғылыми атағы: заң ғылымдарының магистрі
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-63
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
    Сәрсенбі сағат 15.10-нан 17.00-ге дейін.
    № 358 каб.
    Білімі:
    - 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
    - 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасын бітірген
    - 2022 жыл - аспирантура, заң факультеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті (Мәскеу қ., РФ).
    Ғылыми жетістіктері:
    28,5 б.б. көлемінде жарияланымдары бар..
    Жұмыс тәжірибесі:

    - 2012 - 2019 ж. ж. "Жалпы құқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. Оқылған курстар: "ҚР Қылмыстық құқығы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері", "ҚР мемлекеттік қызметі және басқару".

    - 2019 - 2022 ж. ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері.

  • Кенжебеков
    Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор

    Сихымбаев Мұратбай Рыздықбайұлы

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының докторы, профессор
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-78
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
    Сәрсенбі сағат 11.00-де, № 353 каб.
    Білімі:
    1984 жылы – Қарағанды политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар және құралдар» мамандығы бойынша үздік бітірді.
    1987-1990 жылдар – Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу техникалық университетінде (Мәскеу қаласы) аспирантурада оқыды.
    2002ж. - Экономика ғылымдарының кандидаты: Мамандығы 08.00.19 - «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы»
    2010ж. – Экономика ғылымдарының докторы: Мамандығы 08.00.05 - «Салалар мен қызмет бағыттары бойынша экономика және халық шаруашылығын басқару»
    2012г. – ҚР БҒМ ККСОН профессоры.

    Ғылыми жетістіктері:

    350-ден асатын жарияланымдар, оның ішінде  Scopus, Web of science импакт факторы бар рейтингі жоғары журналдарда 70-тен аса жарияланымдар, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ КОКСНВО ұсынған журналдарда 50-ден аса жарияланымдар. 35-тен аса монографиялар, оның ішінде шетелдік басылымдарда. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша 5 іргелі тақырыптарды, 30-дан аса қоданбалы зерттеулер мен халықаралық жобаларды  орындауға қатысты.
  • Басшылар
    Экономика, менеджмент және кәсіпкерлік факультетінің деканы

    Гимранова Галия Ильясовна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-19

    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 210 Б блогы

    Білімі:

    1991 жылы Орал мемлекеттік университетін саяси экономист мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан - экономика ғылымдарының кандидаты.

    2004 жылдан бастап «Экономикалық теория және халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының доценті. Сол жылы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды.

    2006 жылдан Экономика және менеджмент факультетінің деканы
    2011 жылы доцент ғылыми атағы берілд.

  • Басшылар
    БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

    Рахимгулова Маншүк Булатовна.

    Ғылыми атағы: Заң ғылымдарының кандидаты, университет доценті.

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-58

    е-mail: мБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 385 каб.

    Білімі:

    2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік бітірді.

    2011 жылы Қарағанды "Болашақ" университетінің ЖМ магистратурасын үздік бітіріп, "заң ғылымдарының магистрі"біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

    2016 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде PhD докторантураға түсті. 2019 жылғы 27 шілдеде "алқабилер соты және оның Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудағы рөлі"тақырыбында диссертация қорғады.

    2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

    Ғылыми жетістіктері:

    30 - дан астам ғылыми еңбектер, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар-7, Scopus – 2 базасына кіретін нөлдік емес импакт - факторы бар ғылыми журналдарда, жеке дайындалған монографиялар - 1; бірлескен авторлықтағы монографиялар - 2, жеке дайындалған оқу құралдары-2, бірлескен авторлықтағы оқу құралы жарияланды - 5. ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәліктері алынған электрондық оқу құралдары-3. ҚР БҒМ "террористік және экстремистік бағыттағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудағы ахуалдық тәсіл" гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу тақырыптарын орындаушы болып табылады.
  • Басшылар
    Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінің деканы

    Мусипова Лэйля Камаровнаерикова

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-29

    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 280 каб.

    Білімі:

    • 1992 жылы Қазақ тұтыну кооперациясы институтын үздік бітірген.
    • 2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің педагогикалық факультетін аяқтаған.
    • 2007 жылы «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны үздік бітірген (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті).
    • 2021 жылы Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің аспирантурасын аяқтаған.
    • 2025 жылы И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінде «Аймақтық экономика (бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық статистика)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

    Еңбек жолы:

    • 1999–2007 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы.
    • 2007 жылдан бастап – Қарағанды университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.
    • 2014–2015 жж. – есеп-қаржы факультетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі деканның орынбасары.
    • 2015–2017 жж. – тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары.
    • 2025 жылдан бастап – Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар

    Ғылыми жетістіктері:

    50-ден астам ғылыми жарияланымдардың, оқу құралдарының, ұжымдық монографиялардың, электрондық оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен авторлық куәліктер алынған. 2 еңбегі Web of Science және Scopus базаларында жарияланған.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL