• Blog news

КӨПТІЛДІ СТУДЕНТ

КӨПТІЛДІ СТУДЕНТ

Орыс және шетел тілдері кафедрасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген студенттер арасында "Көптілді студент" байқауын өткізді. Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының тілдік емес пәндерінің студенттері шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
II орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
III орын - Қарағанды медицина университеті.
Әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, көптілді студент – бұл шындық екенін тағы бір рет дәлелдеді!

Шетел тілдері бойынша халықаралық олимпиада

Шетел тілдері бойынша халықаралық олимпиада

28 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған шетел тілдерінен халықаралық олимпиада өтті.
Рощин Никита (ағылшын тілі), Парамзин Вадим (ағылшын тілі) және Абдул-Саттарова Диана (неміс тілі) біздің университеттіміздің намысын қорғап үздік нәтиже көрсетті.

Рощин Никита ХҚ-19-2 тобының студенті II орын алды!
Студенттер мен шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларын құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға табыс тілейміз!

 

«Көзбе көз беттестіру»

«Көзбе көз беттестіру»2020 жылдың 28 ақпанында " ҚР Қылмыстық құқығы " пәнін оқу аясында Ю-18-4, Ю-18-5, Ю-18-7с, ТД-18-2 тобының студенттерінің арасында "Көзбе көз беттестіру" тақырыбында полиция капитаны Н. А. Белиспаев дәріс оқыды. Студенттер дәрісте талап арыз беру кезінде іс жүргізу құжаттарын және дайындау ерекшеліктері талқыланды.

Біздің таңдауымыз - менеджмент, сервис, туризм

Біздің таңдауымыз - менеджмент, сервис, туризм2020 жылы 29 ақпанда жоғары математика кафедрасы (Н. Козлова) және Қоғаммен байланыс және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы мен (Б. Блялов) бірлесіп 10-11 сынып оқушыларына «Менеджмент, сервис, туризм» тақырыбында элективті курс өткізді. Курстың мақсаты басқару және сервис саласында бітіруші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру болды. Карьерде құндылықты анықтауға іскерлік ойын өткізілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша оқушылар осы мамандықтар мен жоғары оқу орнына қызығушылық танытты.

"Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "Business talk" ұйымдастырды

"Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "Business talk" ұйымдастырды

2020 жылдың 2 наурызында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "QazTech Ventures" акционерлік қоғамының Бизнес инкубациялау және акселерациялау департаментінің директоры О. У. Альтаевтың қатысуымен "Қазақстан Республикасында бизнес инкубаторларды дамыту" тақырыбында "Business talk" ұйымдастырды.
Іс-шара технологиялық кәсіпкерлік саласындағы студенттердің құзыреттілігін дамытуға бағытталды және "Qazaq Tech Ventures" АҚ мен ҚҚЭУ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын орындау шеңберінде өткізілді.
Олжас Альтаев инкубаторды қалай құру керектігін, стартаптармен қалай жұмыс істеу керектігін және инвестордың жобаларда не іздейтіндігі туралы айтты.
Іс-шара соңында спикер қатысушыларға алғысын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL