• Blog news

Пресс-релиз

Пресс-релизҚР БҒМ Ғылым комитетімен "Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және қолданбалы мәселелері" тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу туралы келісім-шартты орындау аясында 2020 жылдың 29 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көлік қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" атты монографиясының тұсаукесері өтті. (Мәскеу, «ЮрЛитИнформ» баспаханасы, 2020). Презентацияны университеттің ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастырды.
Презентацияны монографияның авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (КЭУК, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. жүргізді (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей).
Презентациядан кейін з.ғ.д., проф. А. И. Чучаев "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.
Презентация мен дәріске Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Жұмыс берушілермен іс-шаралар

Жұмыс берушілермен іс-шараларБірлескен іс-шаралардың бекітілген жоспарын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының ПД және ЖҚжАП кафедрасы 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 11.00-де, 206 аудиторияда Қарағанды қаласы ПБ бастығы полиция подполковнигі А. Б. Ахметовтың қатысуымен дәріс өткізді. Сабақ тақырыбы "Жауап алу: іс жүргізу сипаттамасы, тактикалық ерекшеліктері, психолгиялық ерекшеліктері».Дәріс өте қызықты өтті, Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Қарағанды қ. №52 ЖББОМ-де «Қаржылық сауаттылық» апталығы

Қарағанды қ. №52 ЖББОМ-де «Қаржылық сауаттылық» апталығы

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының меңгерушісі мен ПОҚ Қарағанды қ. №52 ЖББОМ түлектеріне арналған «Қаржылық сауаттылық" атты апталығын өткізді.
Түлектер үшін ҚҚЭУ оқытушылары, коммерциялық банктердің топ-менеджерлері және басқа да лауазымды тұлғалар сөз сөйледі.
Мысалы, кафедра меңгерушісі Л. А. Талимова «Қаржы» мамандығы бойынша банк пен қаржы ұйымдары саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша естелік суреттер жасалынды.

Ә. Бөкейханов атындағы №76 ЖББОМ-де кәсіби бағдар беру жұмысы

Ә. Бөкейханов атындағы №76 ЖББОМ-де кәсіби бағдар беру жұмысы

«Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы аға оқытушы Исанов А. С. № 6 ЖББОМ түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді..
Түлектер үшін ҚҚЭУ, мамандықтар және басқа да мүмкіндіктер (жеңілдіктер, гранттар, мобильділік, спорттық-мәдени бағыттар және т.б.) туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар ҚҚЭУ туралы бейне-баян көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша естелік суреттер жасалынды.

Алғыс айту фестивалі

Алғыс айту фестивалі2020 жылдың 28 ақпанында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай университетте Алғыс айту фестивалі өтті. Алғыс айту күні - бұл Президенттік бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні, соның арқасында Қазақстанда жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі құрылған. Мереке қазақ халқының ұлылығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі мен ынтымағы дәстүрлерінен бастау алатын тарихи дәстүрлерге негізделген.
Фестивальде Орыс, Корей, Татар, Неміс, Өзбек және Әзірбайжан мәдениеті таныстырылды, онда студенттер ұлттық тағамдар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды, ұлттық костюмдер мен шығармашылық нөмірлер дайындады. Байқау бағдарламасын қазылар алқасы бағалады, оның қорытындысы бойынша номинациялар бөлінді: "Үздік ұлттық тағам" біріншілік Орыс ас үйі, "Үздік ұлттық костюм" - Неміс ұлттық костюмі, "Үздік шығармашылық нөмір" - Корей халық биі, "Үздік халық презентациясы" - Өзбек халқы.
Бұл күні қуаныш, жылу, игілік және бейбіт аспан тілейміз. Алғыс күні біздің қоғамда сенім, келісім мен достықты одан әрі нығайта берсін!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL