16.04.2020 ж. сағат 13-00де "Zoom" платформасында ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы. Рейтингті басылымдарда жариялау" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарды экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ бас ғылыми қызметкері Сихимбаев Муратбай Рыздикбаевич жүргізді. Ғылыми семинар жұмысына магистранттар, докторанттар және ҚҚЭУ ғылыми қызметкерлері арасынан 42 адам қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, ғылыми жұмыстардың, соның ішінде диссертациялардың құрылымы, сондай-ақ Scopus, Web of science ақпараттық базаларынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдардың ерекшеліктері мен ғылыми мақалаларды жазу тәжірибесі қарастырылды. Талқылау барысында докторанттарды Scopus ақпараттық базасынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері қызықтырды.
Онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырамыз! Бұған бізге біздің серіктестеріміз көмектесуде. 15 сәуір күні «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі, доцент Абдакимова М. СР-18-2 тобының студенттеріне «Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер» пәні бойынша «Гиппократ» МФ ЖШС әлеуметтік-психологиялық қызметінің жетекшісі Нестерова В.А. қатысуымен онлайн-дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы «Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер». Тақырып өзекті, әсіресе бүкіл ел үшін күрделі күндерде. Осы дәрістің тыңдаушысы-студенттер үшін халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселелерінде өз білімдері мен тәжірибелеріне ие болған тәжірибе-маманның пікірін тыңдау өте маңызды болды.
2020 жылдың 15 сәуірінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың қылмыстық – құқықтық және криминологиялық мәселелері" атты гранттық қаржыландыру жобасын орындау шеңберінде "Zoom" платформасында "Қазақстан Республикасындағы есірткінің тұжырымдамалық мәселелері" тақырыбында онлайн-конференция өткізілді. Бейнеконференция жұмысына ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ Қарағанды қаласының ғылыми-зерттеу құрылымдарының өкілдері қатысты. Онлайн-конференцияны өткізу барысында Қазақстан Республикасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Бейнеконференцияға қатысушылар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы жарияланатын болады.
9-10 сәуір 2020 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде "ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАСТАРЫ: ИННОВАЦИЯНЫ ДӘРІПТЕУ – БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛЫС" атты тақырыпта студенттердің V-ші Халықаралық слеті өтті
Өткізілетін орны: Рухани жаңғыру кабинеті, 114 аудитория
Өтетін күні: 9 сәуір 2020 ж. – пленарлық отырыс
Өткізілген күні: 10 сәуір 2020 ж. – секциялар 12 бағыт бойынша
Өткізу уақыты: 14: 00-16: 00.
Формат: ZOOM платформасында қашықтықтан қатысу.
Конференция жұмысы барысында университеттердің ғылыми-технологиялық даму басымдықтарын жүзеге асыруды ғылыми қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Бүгінгі зияткерлік алаңды жүзеге асырудың басты шарттары – жас зерттеушілердің кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күшін біріктіру, сондай-ақ университеттер деңгейінде инновациялық бірлескен қызметті дамыту.
Қалыптасқан жағдайға қарамастан, жоғары оқу орындары өз қызметін білім беру үдерісінің барлық бағыттары бойынша қашықтықтан жүзеге асыруды жалғастырады. Біздің ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямыз оның дәлелі болып табылады!
Ғылыми форумның бүгінгі форматы ерекше болып табылады және оның ұйымдастырушыларының қатарында біздің ЖОО-ның 50 жылдық мерейтойына орай құрылған «Кооперация» Желілік университетінің өкілдері сөз сөйледі.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 2020 жылдың 9-10 сәуірінде "Қазіргі жастар: инновацияны құруда – болашаққа ұмтыламыз" атты студенттердің V Халықаралық слетін өткізді. Слет аясында қаржы, логистика және цифрлы технологиялар факультеті 2020 жылдың 10 сәуірінде "Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы" атты докторанттардың, магистранттар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы секциясының жұмысын ұйымдастырды. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты секциялық отырыс алғаш рет қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы өтті. Секцияда "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу жүйелері және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Қаржы", "Логистика", "Есеп және аудит" мамандықтары студенттерінің баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өндіріс пен білім беруде сандық технологияларды қолдану Industry 4.0, экономика дамуының қазіргі жағдайында қаржы нарығының диджитализациясы, қызмет көрсету саласының даму проблемалары мен перспективалары, қазіргі жағдайда бухгалтерлік есеп, талдау және аудит мәселелері бойынша және қазіргі заманғы процестерді талдау және моделдеуде математикалық әдістерді қолдану бойынша өзекті мәселелерді айтты.