• Blog news

Шекарасыз кітапхана

Шекарасыз кітапхана

Университетте оқудың алғашқы күндерінде бірінші курс студенттерін «Оқу әдебиетіне қалай қол жеткізуге болады, біздің кітапханада осындай мүмкіндіктер бар ма?» деген сұрақтар мазалай бастады. Бұл сұрақтарға жауаптар бизнес, заң және технологиялар факультетінің деканаты университет кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырған вебинар-тренингте берілді.
Вебинар-тренингте студенттер кітапхана бөлімдерін виртуалды тур арқылы аралады, университет кітапханасында жұмыс жасайтын «Шабыт» студенттік театрының дәстүрлерімен танысты, кітапхана ақпаратын іздеудің интерактивті жүйесі туралы, «Заң», «Стандарттар» мәліметтер базасы және EBSCO туралы, республикалық электрондық университетаралық кітапхана туралы, eLIBRARY.RU ғылыми электрондық базасы және ҚҚЭУ кітапханасы ұсынатын әр түрлі толық мәтінді және библиографиялық мәліметтер базасына қол жеткізу үрдістерімен танысты. Онлайн-тренингте студенттерге электронды каталогпен жұмыс жасау технологиясы көрсетіліп түсіндірілді.
Факультеттің бірінші курс студенттері қазірдің өзінде электронды-кітапханалық жүйе IPRbooks-ке тіркелген, сонымен қатар өздеріне қол жетімді жаңа оқу құралдырын және ғылыми әдебиеттерді қолдана отырып, сабаққа сапалы дайындалуға мүмкіндік алды.

Докторантура білім беру бағдарламасына түсу емтиханы

2020 жылдың 19 тамызында докторантураға түсу емтиханы өтті. Емтиханға 13 адам, оның ішінде D070 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша 2 үміткер және D071 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 11 үміткер қатысты.

СУҒА ТҮСКЕНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

СУҒА ТҮСКЕНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Жаз айларының келуімен және күннің ысуымен тұрғындардың көпшілігі бос уақыттарында еліміздің су айдындарына, өзендері мен көлдеріне барып шомылғанды жақсы көреді. Суға түсу және күннің астында қыздырыну адамды сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады, жақсы демалыс болады. Бірақ демалушылардың барлығы бірдей суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ойлай бермейді. Қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтау мақатында:
-спирттің ішімдік ішіп және есірткі заттарын шегіп мас күйде суға түсуге және шомылуға;
-қайықтан, катерден, айлақтан, сондай-ақ осы мақсаттар үшін бейімделіп жасалмаған ғимараттардан (құрылыстардан) суға секіруге,
-тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерге сүңгуге,
-соған дейін жүзіп баруға болатын белгілер шектерінен ары қарай өтіп кетуге;
-жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
-су айдындарын ластауға және қоқыс тастауға,
-демалушылар жарақат алып қалуы мүмкін қоқыстарды жағаға және киім шешетін жерлерге қалдыруға,
-жалған дабыл беріп айқайлауға,
-техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге,
-ересек адамдардың қасында жүрусіз балалардың суға түсуіне тыйым салынатынын ескертеміз.

 

АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов

Студент ҚҚЭУ Косаева Лаурамен тікелей эфир

Студент ҚҚЭУ Косаева Лаурамен тікелей эфир2020 жылдың 9 маусымында сағат 15:00-де "әлеуметтік жұмыс" мамандығының студенті Лаура Косаевамен @rummynose @resourcecenterkeuk ресурстық орталығының бетінде Instagram-да тікелей эфир өтті. Лаура ҚҚЭУ неге таңдағанын айтып, университетте білім алудың мектептегі білімінен немен ерекшеленетінін, халықаралық және отандық мобильділік бағдарламаларының өту тәжірибесі туралы айтып, болашаққа жоспарлары туралы бөлісті. Кездесу эмоционалды және оң болды.

КЭУК студенті Екатерина Юркивпен тікелей эфир

КЭУК студенті Екатерина Юркивпен тікелей эфир2020 жылдың 3 маусымында сағат 15:00-де Instagram-да @resourcecenterkeuk ресурстық орталығының бетінде "Менеджмент" мамандығының студенті Екатерина Юркив @katrinarina_10 тікелей эфир өтті. Екатерина университет студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтып, ЖОО-ның түсу және таңдау тарихымен бөлісті. Талапкерлер мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL