• Blog news

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР30.10.2020 ж.сағат 11-00-де ЭҚЗ ҒЗИ зертханасының жетекшісі, э. ғ. д., профессор М. Р. Сихимбаев ZOOM платформасы негізінде ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған "Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. Шетелдік рейтингтік ғылыми басылымдарда жариялау" тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинар жұмысына ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттары қатысты. Семинарды өткізу барысында ғылыми зерттеулер әдіснамасы, ғылыми жұмыстардың құрылымы, оның ішінде магистрлік және докторлық диссертациялар, сондай-ақ Scopus, Web of science ақпараттық базаларынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарға ғылыми мақалаларды жазу және ұсыну практикасы қарастырылды.
Талқылау барысында докторанттарды Scopus ақпараттық базасынан шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау мүмкіндіктері қызықтырды.

«Ахмет Байтұрсынұлы – адамшылық диханшысы» атты республикалық зияткерлік ойыны

«Ахмет Байтұрсынұлы – адамшылық диханшысы» атты республикалық зияткерлік ойыныС. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Гуманитарлық факультет Философия кафедрасы «Достық» клубы «Атадан қалған асыл мұра» атты дәстүрлі сайыс аясында 29.10.2020 өткізілген «Ахмет Байтұрсынұлы – адамшылық диханшысы» атты республикалық зияткерлік ойынының нәтижесі бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Бизнес, құқық және технология факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының студенттері «Алаш» атты атумен жарысқа шыққан Абжанова Гүлдана ОПЭк-41к, Майрол Роза СР-18-1к, Сейткерей Райжан СР-20-1к, Полат Сапи СР-20-1к тобының студенттері ІІІ орынды иеленді. Топ жетекшісі PhD доктор Тутинова Н.Е.

3 курс докторанттарымен Семинар-кеңес

3 курс докторанттарымен Семинар-кеңес

29 қазан күні сағат 11:00 де ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректоры Г.Е. Накиповамен бірге "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Менеджмент", "Экономика" білім беру бағдарламасы 3 курс докторанттарымен семинар өткізілді, оның барысында ДҒЗЖ мәселелері, дәрежесін беру ережелеріне сәйкес 7 жарияланым шығару, Скопус шетелдік мақаласын жариялауға дайындық мәселелері талқыланды.

«Виртуалды қойманы цифрландыру жағдайында «1С:Кәсіпорын» бағдарламасымен интеграциялау» тақырыбына дөңгелек үстел»

«Виртуалды қойманы цифрландыру жағдайында «1С:Кәсіпорын» бағдарламасымен интеграциялау» тақырыбына дөңгелек үстел»2020 жылдың 26 қазанында "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасы онлайн форматта "1С: Кәсіпорын" цифрландыру жағдайында бағдарламасымен виртуалды қойманы интеграциялау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бөлігінде салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы өзекті мәселелер талқыланды. "Табысаудитконсалсинг" ЖШС қаржы директоры Ундіріс Еркебұлан "Виртуалды қойма мен ТІЖ енгізудің заңнамалық негізі"тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстелге "Есеп және аудит"білім беру бағдарламасының барлық курстарының студенттері қатысты.

Өзіңізді есірткіден қорғаңыз!

2020 жылдың қазан айында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Үміт" қоғамдық бірлестігімен бірге "Өзіңді есірткіден қорға" ұранымен әлеуметтік ролик түсірілді. Видеода синтетикалық есірткілерді дайындау жөніндегі кезекті есірткі зертханасы жойылған, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу көрсетілді. Қылмыскер қыздың рөліне Ф-19-2 тобының студенті Юстус Анна қатысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL