• Blog news

Магистратурада оқуымызды жалғастырайық!

Магистратурада оқуымызды жалғастырайық!

2020 жылдың 26 қарашасында ZOOM онлайн-платформасында магистранттардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Іс-шара магистратураның негізгі ережелері мен оқуға түсу шарттарын қамтыған бейнелік презентациясына арналды. Онлайн платформада магистранттар магистратура оқуынан алған әсерлері мен тәжірибелері, отандық және шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламалары, вебинарларға қатысу мүмкіндігі және шетелдік оқытушылардың дәрістері туралы әңгімеледі.
Біз, біздің болашақ МАГИСТРАНТТАРЫМЫЗДЫ өздері таңдаған қызмет саласында жоғары санатты маман болғысы келетін, ойшыл және белсенді адам ретінде көреміз!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті ҚЭУ (264, 257 каб.)
Тел: 44-15-88, 44-16-34 (қос. 199)

 

«Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде»

«Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде»26.11.2020 жылы сағат 13.20 -да ҚҚЭУ-нің, Бизнес, құқық және технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Дінтану» мамандығының PhD докторанты Болысбаева Айнур Канапиевнаның қатысуымен университет студенттері үшін «Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде» атты тақырыбы бойынша дәрісін оқыды.
Дәрісте Айнұр Канапиевна, деструктивті ағымның құрсауындағы әйелдің қоғамға тигізетін ықпалы, деструкивті ұйымның құрсауындағы әйелдің әлеуметтік-портреті, әйелдердің террористік ұйымдарда атқаратын рөлдері жайында толық мағлұмат берді. Студенттер үлкен қызуғушылық танытып, бірнеше қойылған сұрақтарына жауап алды.
Берілген тақырып, Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің ф.ғ.д., профессор Затов Қ.А. пен профессор Тим.Б. Хитом Бригам Янг университеті (Прово, Юта штаты АҚШ) жетекшіліктерімен әзірленген.
Өткізілген іс-шараның модераторы «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Тутинова Н.Е. болды.

Ашық сабақ

Ашық сабақ25 қараша күні сағат 14.30-да және 15.25-те д.п.н., профессор Н.А. Минжанов "Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас негіздері" және "Жоғары мектеп педагогикасы" тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізді, оларға ОПЭК-18-3с, ОПЭК-41к, ОПЭК-42, СР-41К және СР-42 топтарының студенттері қатысты, сабақтар кәсіптік бағдар беру жұмысының мәселелеріне арналды

ҚҚЭУ-нің кураторлары және студент қауымымен «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы» атты тақырыпта өткізілген іс-шара

ҚҚЭУ-нің кураторлары және студент қауымымен «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы» атты тақырыпта өткізілген іс-шара25.11.2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, Бизнес және құқық пен технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастырылуымен университет кураторлары және барлық студенттері үшін «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы» атты тақырыбында аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Н.Е өз дәрісін оқыды. Дәріс тындаушыларға қазіргі Қазақстан Республикасында дін мен мемлекеттің арақатынасы мен бүгінгі таңдағы ел ішінде жылдан-жылға көбейіп келе отырған діни мәселелер туралы алға тартылды. 2017 жылғы ресми тіркелген конфессиялар және оның атынан өкілдік ететін діни бірлестіктердің нақты сандық көрсеткіштері мен қазіргі таңдағы ҚР орын алған әлеуметтік-мәдени қақтығысты тудырып отырған дәстүрлі емес діни ағымдар, олармен күресудің жолдары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен дәстүрлі емес діни ағымдардың тигізетін зардаптары, деструктивті мазмұны бар сайттарды сараптау мен мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар туралы кеңінен айтылды. Дәріс соңында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алуға мүмкіндіктері болды.

Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!

"Жайна" хореографиялық ансамблін және "Назқоңыр" халық аспаптар ансамблін жастар арасында қазақ фольклорлық және музыкалық мұрасын сақтау аясында "Folk Fest" жастар фестивалінің лауреатын алумен құттықтаймыз.
Шығармашылықта табыс тілейміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL