ҚҚЭУ-нің кураторлары және студент қауымымен «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы» атты тақырыпта өткізілген іс-шара
25.11.2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, Бизнес және құқық пен технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастырылуымен университет кураторлары және барлық студенттері үшін «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: дін мен мемлекеттің арақатынасы» атты тақырыбында аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Н.Е өз дәрісін оқыды. Дәріс тындаушыларға қазіргі Қазақстан Республикасында дін мен мемлекеттің арақатынасы мен бүгінгі таңдағы ел ішінде жылдан-жылға көбейіп келе отырған діни мәселелер туралы алға тартылды. 2017 жылғы ресми тіркелген конфессиялар және оның атынан өкілдік ететін діни бірлестіктердің нақты сандық көрсеткіштері мен қазіргі таңдағы ҚР орын алған әлеуметтік-мәдени қақтығысты тудырып отырған дәстүрлі емес діни ағымдар, олармен күресудің жолдары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен дәстүрлі емес діни ағымдардың тигізетін зардаптары, деструктивті мазмұны бар сайттарды сараптау мен мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар туралы кеңінен айтылды. Дәріс соңында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алуға мүмкіндіктері болды.