• Blog news

Психологпен практикум: «Тұлға темпераменттері»

Психологпен практикум: «Тұлға темпераменттері»

2022 жылдың 02 маусымында университет психологы Темирханова Г.У. «Тұлға типін анықтау: темпераменттің 4 түрі» тақырыбына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқу топтарының кураторларына практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты университет кураторларының тұлғаның психологиялық және эмоционалдық портретін танудағы практикалық дағдыларын дамыту болды.
Сабақ барысында психолог «холерик», «сангвиник», «флегматик», «меланхолик» темпераменттерінің түрлерін, ерекшеліктерін; олардың қарқынының, ырғағының, қарым-қатынастың қарқындылығының айырмашылығы; «мұғалім-жетекші», «мұғалім-мұғалім», «мұғалім-оқушы» қарым-қатынас формалары арасындағы табысты қарым-қатынастарды қалыптастыру айтты.
Алынған дағдылар мұғалімдерге студенттердің мінез-құлқын жақсы түсінуге және болжауға, олардың темпераментінің түрін анықтауға, әлеуметтік өмірдегі, оқудағы деструктивті мінез-құлықтарды анықтауға және стрессті төмендетуге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Алматыда ауыр атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Дене шынықтыру және спортты басқару» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Омарова Айша мен Антропов Артем өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды!
Чемпиондарымызға Ислам ойындары мен әлем чемпионатына тамаша дайындық, денсаулық, сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!

Халықаралық тәжірибе алмасу

Халықаралық тәжірибе алмасу

2022 жылдың 23-30 мамыр аралығында "Экономика және Кәсіпкерлік" кафедрасының доценті, э.ғ.к. Улыбышев Дмитрий Николаевич Эразмус+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Сантьяго-де-Компостела (Испания) университетінің магистранттарына "Actual problems of development of national innovation systems" дәрістер курсын оқыды.

Суға түскенде абай болыңыз!

Суға түскенде абай болыңыз!

Жаз айларының келуімен және күннің ысуымен тұрғындардың көпшілігі бос уақыттарында еліміздің су айдындарына, өзендері мен көлдеріне  барып шомылғанды жақсы көреді. Суға түсу және күннің астында қыздырыну адамды сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады, жақсы демалыс болады.

Жоғары математикадан Олимпиада нәтижелері

Жоғары математикадан Олимпиада нәтижелері2022 жылдың 28 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Жоғары математика» кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждердің экономикалық мамандықтарының студенттері арасында математикалық Олимпиада өткізді. Берілген іс-шараға 24 студент қатысты: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарУ-дың 5 студенті және ҚарУК-тың 19 студенті. Олимпиадада студенттерге экономикалық бағыттағы жоғары математикадан есептер берілді.
Жоғары математикадан Олимпиада нәтижелері:
1 орын - Калинина Александра (КарУК, Ф-21-2 тобы)
2 орын - Тлеубергенова Диана (КарУ имени академика Е.А. Букетова, 1 курс)
2 орын - Аканов Асар (КарУК, УА-21-2 тобы)
3 орын - Туленова Малика (КарУК, ГМУ-21-2 тобы)
3 орын - Алимбаева Алина (КарУК, Ф-21-2 тобы)
3 орын - Васильева Мадина (КарУК, Э-21-2 тобы)

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL