Психологпен практикум: «Тұлға темпераменттері»
2022 жылдың 02 маусымында университет психологы Темирханова Г.У. «Тұлға типін анықтау: темпераменттің 4 түрі» тақырыбына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқу топтарының кураторларына практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты университет кураторларының тұлғаның психологиялық және эмоционалдық портретін танудағы практикалық дағдыларын дамыту болды.
Сабақ барысында психолог «холерик», «сангвиник», «флегматик», «меланхолик» темпераменттерінің түрлерін, ерекшеліктерін; олардың қарқынының, ырғағының, қарым-қатынастың қарқындылығының айырмашылығы; «мұғалім-жетекші», «мұғалім-мұғалім», «мұғалім-оқушы» қарым-қатынас формалары арасындағы табысты қарым-қатынастарды қалыптастыру айтты.
Алынған дағдылар мұғалімдерге студенттердің мінез-құлқын жақсы түсінуге және болжауға, олардың темпераментінің түрін анықтауға, әлеуметтік өмірдегі, оқудағы деструктивті мінез-құлықтарды анықтауға және стрессті төмендетуге жол бермеуге мүмкіндік береді.