• УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • 2022 жылдың 30-31 мамырында Эразмус+ «MIETC» халықаралық жобасын іске асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында «Технологиялық кәсіпкерлік» магистратура бағдарламасының таныстырылымы өтеді. (2)

2022 жылдың 30-31 мамырында Эразмус+ «MIETC» халықаралық жобасын іске асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында «Технологиялық кәсіпкерлік» магистратура бағдарламасының таныстырылымы өтеді. (2)

«Технологиялық кәсіпкерлік»

БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылдың 30-31 мамырында Эразмус+ «MIETC» халықаралық жобасын іске асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында «Технологиялық кәсіпкерлік» магистратура бағдарламасының таныстырылымы өтеді.
«Технологиялық кәсіпкерлік» халықаралық пәнаралық магистратура бағдарламасы техникалық-экономикалық құрамдастардың симбиозы мен университет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы тұрақты ынтымақтастық бірегейі.
Іс-шара Қазақстан (Қазтұтынуодағы ҚарМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ), Испания (Universidade de Santiago de Compostela, AYeconomics Research Centre S.L., USC), Италия (Неаполь Федерико II Университеті), Словения (Любляна университеті), Тәжікстан (Тәжікстан технологиялық университеті, Тәжікстан мемлекеттік сауда университеті, ФАНОВАР технопаркі) және Түркіменстан (Түркіменстан Ғылым академиясы, Түркімен мемлекеттік экономика және басқару институты, Түркіменстан Ғылым академиясының технологиялық орталығы, Түркіменстан мемлекеттік қаржы институты) серіктестерінің қолдауымен және қатысуымен өтеді.
«Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу» (MIETC) Эразмус+ жобасы Орталық Азия жоғары оқу орындарының (ЖОО) академиялық әлеуетін нығайтуда өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласындағы жоғарғы оқу орындары мен еңбек нарығымен тұрақты ынтымақтастық орнатуға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты: Өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселесі бойынша облыстың кәсіпорындары, басқарушы ұйымдары және жоғары оқу орындары арасында тұрақты ынтымақтастықты орнату. Жеке тұлғаларды, топтар мен ұйымдарды жаңа магистратураның ашылуы туралы хабардар ету.
Бұл бағдарламаны Қазақстан экономикасына енгізу өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласында еңбек нарығының сұранысына жауап беретін жоғары білікті мамандарды шығаруға мүмкіндік береді.
Шара құрылымы:
30 мамыр - ынтымақтастықтың бағыттары мен нұсқаларын анықтау үшін байланыс топтарының кездесуі. (г. Караганда, ул. Академическая, 9, аудитория №104, 10.00 ч.).
31 мамыр - «Ғылым, білім және бизнес интеграциясы жағдайындағы заманауи экономиканың болашағы мен мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. (Қарағанды қ., Академическая, 9, көшесі, аудитория №104, 10.00 с.).
Жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми және кәсіби қоғамдастықтың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, қаржы-экономикалық сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысуға шақырылады.
Іс-шараның мүдделі тараптары: мемлекеттік органдар, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар, бизнес құрылымдары, жоғары оқу орындары.
Жобаны жүзеге асыруға аймақтық үкіметтің институционалдық қолдауы мен міндеттемесі өте маңызды. Өңірдің бүкіл институционалдық ортасының іс-шарасына қатысу университеттер мен бизнес арасындағы білім алмасудың тиімді жұмысын ұйымдастыруға, берік ынтымақтастық орнатудың кілті болып табылады.

Жоба үйлестірушісі - Безлер Оксана Дмитриевна,
+7 701 677 3576, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL