• Blog news

«IT-маманы – болашақтың кәсібі» атты жергілікті эссе байқауының өткізілуі қорытындылары

АТФ Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы орта білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «IT-маманы – болашақтың кәсібі» атты жергілікті эссе байқауын ұйымдастырып, өткізді.
Байқаудың нәтижесінде жүлделі орындар келесідей үлестірілді:

Наурыз мейрамын

Наурыз мейрамын2015 жылдың 19 наурызы күні Студенттер мәдениет сарайында біздің университеттегі ең бір жарқын да, жылы уақиғалардың бірі «Наурыз мейрамын» тойлауға байланысты айырықша күйзеліс, ілтипатпен ұйымдастырылған концерт өтті. Сол күні бәрімізді шын жүректен ҚР Халық әртісі Тамара Асар құттықтады. Бұл оның қатысуымен өткен ғажайып, өте тамаша концерт болды. Біз Тамара Асардың жылы сөздері мен қалау-тілектері үшін, ҚЭУ-дегі мерекелі концерттің әшекейі болған әндері үшін алғысымызды білдіреміз. Үлкен рахмет Сізге, денсаулығыңыз зор болсын!
Университетіміздің барлық қызметшілерін, оқытушылар мен студенттерін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әз Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)

Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда кұн мен түн теңеледі, сол себептен Наурызжыл басы болып саналады.

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесеасығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау... т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Әке, ана, мен – спорттық отбасысы (Бейнежазба)

Әке, ана, мен – спорттық отбасысы (Бейнежазба)Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы шеңбері мен Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында спорт залда «Әке, ана, мен – спорттық отбасы» атты отбасылық байқау өтті. 4 факультет және экономика, бизнес және құқық колледжі атынан шыққан 5 команда күш пен ептіліктерін, шапшаңдық пен төзімділігін салыстыруда жарысқа түсу үшін жиналды. Ал, ең бастысы, жақынырақ танысып, бір бірімен достасу мақсатында.
Бірінші орынды Есеп және қаржы факультеті – Матушкиндар отбасысы иеленді.
Екінші орынды Бизнес және құқық факультеті командасы – Есимовтар отбасысы иеленді.
Үшінші орынды 3 команда бөлді: Экономика және басқару факультеті командасы – Ақшулаковтар отбасысы, ақпараттық-техникалық факультеті командасы – Бейсеналиндер отбасысы және Экономика, бизнес және құқық колледжі – Қасымбековтар отбасысы.
Командалар құнды сыйлықтармен марапатталды: "Redmond" мультиваркасы, "Brother" тігін машинасы және термопоттар.

«Менің сүйікті өлеңім» атты тақырыбына арналған мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы

«Менің сүйікті өлеңім» атты тақырыбына арналған мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы 2015 жылдың 12 наурызында №3 жатақханада «Менің сүйікті өлеңім» (Отан туралы, көктем туралы, махаббат туралы, т.б.) атты тақырыбына мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы өтті. Қатысушылар түрлі жазушылардың және өздері шығарған өлеңдерді оқыды.
Үздік мәнерлеп оқушылар анықталды:
1-место – Киреев Влад (ГМУ-22)
2-место – Клименко Эльмира (УА-32)
3-место – Зимакова Лиза (УА-32).
Байқаудың ұйымдастырушылары: Экономикалық қарым-қатынастардықұқықтық реттеу кафедрасының мұғалімдеру (ФБП).

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL