• Blog news

«KITCHEN BATTLE» байқауы

«KITCHEN BATTLE» байқауыҚҚЭУ ЭБҚ колледжі оқытушылары мен CAIRO мейрамханасы аспазшылары арасында өткен тағам дайындау байқауы. Байқау Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасынан әділ қазы алқасы бағалады. ҚҚЭУ колледж студенттері көрермендер мен ресми емес әділ қазылар ретінде қатысты.
«KITCHEN BATTLE» байқауы – бұл тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік.
Байқау нәтижелері бойынша ҚҚЭУ ЭБҚ колледж оқытушылары Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен иеленген 1 орын үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

XIII Аймақтық Олимпиада

XIII Аймақтық Олимпиада2015 жылдың 23-24 сәуірі күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде экономика бойынша XIII Аймақтық Олимпиада өтті. ҚЭУ командасы экономика пәні бойынша Шымкент қ. «Мирас» университетінде өткен XII Аймақтық Олимпиада жеңімпазы ретінде осы Олимпиаданы ұйымдастырушы ретінде өткізуге осы жылы құқық алды.
Өткізілген Олимпиадаға мынадай командалар қатысты:
- «Алаш» командасы;
– Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, Семей қ.;
- «Болашақ» командасы;
– Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
- «Дружба Народов» командасы
– Халықтар Достығы Қазақстан инженерлік-педагогикалық университеті, Шымкент қ.;
- «Start-up» командасы
– Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- және ҚҚЭУ командаы «Короче говоря...» (байқаудан тыс).

Болашақ жобалары – 2015

Болашақ жобалары – 2015Қарағанды облысынң білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы "Сарыарқа дарын" аймақтық ғылыми – практикалық орталығы

"RoboLand 2015" фестивалі Оқушылар арасында робот техникасы бойынша бірінші ашық облыстық чемпионат пен "Болашақ жобалары – 2015" көрмесі өтті. ҚҚЭУ ЭБҚ коллджінің 3 курс студенттері Жамиленов А.З.,
Жунуспеков А.Е. "Болашақ жобалары – 2015" көрмесіне қатысты.

«Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы

«Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы2015 жылдың 20-23 сәуір аралығында Орал мемлекеттік экономикалық университетінде «Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы басталды!
Форум шеңберінде халықаралық және бүкілресейлік деңгейдегі байқаулардың бес финалы өтті: «ХВҚ моделі», «Eurasia Green», «Глобальды экономикадағы корпоративтік басқару мен инвестициялар», «Азық-түліктік қауіпсіздік», «Территориялардың бәсекелестік қабілеттігі».
Ғылыми-зерттеу жобаларының халықаралық байқауында «Eurasia Green» жас ғалымдар мен студенттерін «Экологиялық мәдениет пен дүниетаным» бағыты бойынша біздің университетті «Туризм» және «Мейрамхана ісі мен мейрамханалық бизнес» мамандықтарының студенттері Абдиева Айнура, Шәкенова Айша және Уралбаева Эльвира таныстырды.

Халықаралық студенттік ғылыми интернет-конференциясы

Халықаралық студенттік ғылыми интернет-конференциясы 2015 жылдың 27 сәуірінде ҚЭУ ақпараттық-білім беру орталығында Волгоград мемлекеттік университеті негізінде «Ұлттық және халықаралық қаржылық жүйелердің өзгеруі жағдайында Ресейдің, Қазақстан мен Беларусь Республикасының салықтық жүйелерінің дамуы» атты тақырыпта II Жыл сайынғы Халықаралық студенттік ғылыми интернет-конференциясы өтті, оған ҚЭУ, сонымен қатар Кубан МАУ, Беларусь МЭУ студенттері мен магистранттары қатысты. Баяндамаларымен магистранттар Ф-21НП тобының - Корпешова Айдана, Ф-11НП тобының – Курманалин Сайран, Ф-22 тобының – Абдыгалым Алуа, Писаренко Анна, УА-32 тобының – Зимакова Елизавета, Голубева Елена, Каппас Жибек, Макеева Алина, Ф-22с тобының – Масло Анжелика студенттері шықты.
ҚЭУ-дан конференция ұйымдастырушысы болып ҚСС кафедрасынын – э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және э.ғ.к., доцент Улаков Н.С. шықты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL