08.04.2017 жылы «Тауартану және сертификаттау» кафедрасы Қарағанды қалалық мектептердің 11 сынып оқушылары арасында физика және химия пәндерінен олимпиада өткізді. Олимпиадага 117 адам қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылына жеңілдікпен жүлде сертификаттары беріледі.
«Банк ісі» кафедрасы 2017 жылдың 6 сәуірінде «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ашық кураторлық сағатын ұйымдастырды. Ашық кураторлық сағатқа «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Кураторлық сағатқа Қарағанды облысының ІІД экстремизмге қарсы әрекет ету басқармасының қызметкері Коробов Андрея Викторович арнайы шақырылды. Арнайы баяндамасы, бейнероликтері мен презентациялары ұсынылды. Атқарылған іс-шараның мақсаты жастарды экстремизм мен лаңкестікке қарсы профилактика жасау. Аталмыш іс-шаралар келешекте де ұйымдастырылады.
ҚҚЭУ «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде » атты эссе жарысын өткізді. Аталмыш жарысқа факультеттің 20-дан астам студенттері қатысып, кафедра оқытушыларымен келесі ең үздік жұмыстар таналынып алды: Тур 12 тобының студенті Ланец К. - 1 орын , Тур-13 с/к тобының студенті Ермек М. - 2 орын, Тур-12 тобының студенті Даутова А. 12 -1 орын, ТПП-22 тобының студенті Абзалбек Ж -3 орын, CP-11к тобының Кеңшілік А. -1 орын, ОПЭК-21к тобының Исаев А. гр. - 2 орын, СР-21к тобының студенті Қанатқызы А. - 3 орын, ОПЭК-21к тобының студенті Ержан М. – 2 орын, CP-11к тобының студенті Жумадилда А. - 3 орын. Барлық қатысқан студенттерді құттықтаймыз және алғыс білдіреміз!
29.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 МӘМ» мәдени шараларды ұйымдастырушысы Исайынова Д.С. қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде докторлық диссертациясын сәтті қорғап, «6D020400-Мәдениеттану» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы академиялық дәрежесіне ие болуымен құттықтайды (2017 жылдың 15 наурызынан №368 Комитет бұйрығы).