30.11.2017 күні Тұңғыш Президент тариxи-мәдени орталығында "Елбасының тариxи жобалары мен бастамалары" атты Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық жобалар байқауы өтті. "ГМУ-42 каз" тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы өзінің "СТОПЖЕМҚОР" атты ғылыми-инновациялық жобасымен осы байқауға Қарағанды Экономикалық Университеті атынан қатыса отырып 3 орынды иеленді, сонымен қатар біздің студент 20 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды.
Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы МО-42 тобының студенті М.Горнаяны «Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы» халықаралық конкурсында жеңіске жетуімен құттықтайды. Бұл жеңісің соңы болмасын, әрбір сенің талпынысың және қажырлы еңбегін міндетті түрде сені, жүлделі орындар мен еңбегіңнің жемісіне әкелсін.
2017 жылдың 3 желтоқсанында университет ректорының Аймағамбетов Е.Б. профессорлар Тюпакова Н.Н., Улыбина Л.К., Огорокова О.А. және КубМАУ студенттерімен кездесуі өтті. Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерінің келуі кезекті сапар болып табылады және «Қаржы, салық салу және сақтандыру (КЭУ)» және «Қаржы (КубМАУ)» кафедраларының халықаралық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Кездесу жылы және достық жағдайда өткізілді, әңгімелесу барысында ресейліктер жоғары материалдық-техникалық базаны, оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық тәсілдерді және ҚЭУ студенттері мен магистранттарын дайындауға қызығушылық танытты. Қараша айының 27-нен 2-желтоқсанына дейін ресейлік профессорлар мен КубМАУ студенттері және «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының (КЭУ) қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізілді (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, дөңгелек үстелдер). Екі тараптың да мұғалімдердің, студенттердің және магистранттардың академиялық мобильділік аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысын атап өту қажет.
2017 жылдың 2 және 3 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, Астана қаласының әкімшілігі, АҚ «Астана Innovations», Бизнес-инкубатор МОST және Астана қаласының Қаржы орталығы ұйымдастырған сегізінші қорытынды Astana Innovations Challenge шарасына белсене қатысты. Университет командаларының біреуі, «Brainstorm» командасы Fintechstars конкурсының қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп 100 000 теңгелік сыйлықтың сертификатын алды. Жүлдегерлер болып біздің ЖОО мына студенттері марапатталды: Хмелева Екатерина, Оборина Карина, Кушнаренко Ольга - гр. Ф-32; Иристаев Низамиддин – гр. Мн-12; Ким Константин – гр. Мн-31; Тілеубек Абылайхан - гр. Ю-42. Атап өтерлік жағдай, «Wooppay» компаниясының негізін қалаушысы және директоры Дорошенко А. мырза осы командамен ары қарай жұмыс істеуге және олардың жобасына инвестиция салуға келісімін берді. Біз «Brainstorm» командасына осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай тек қана алға ұмтылуына шын жүректен тілектеспіз!
«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін талқылады. Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына, интеллектуалды ұлт қалыптастыру бойынша бастамалар мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан көшбасшының ядролық қарусыздану үрдісіне қосқан үлесін, бітімгершілік қызметін және Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының арқасында кез келген геосаяси мәселелер мен таластарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын белгіледі.