ҚЭУ ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы оқыту және ғылыми қызметтерінен басқа белсенді профбағытталған жұмысын жүзеге асырады. Оқытушылар біздің университеті туралы айтуға, білім беру бағдарламасымен түлектерін таныстыру мақсатында қала және аймақ мектептері мен колледждерін аралайды. Осы мақсатта ҚЭУ АЕЖ кафедрасының магистрі, оқытушысы Цицина А.А. қараша айында Қаражал қ. Мектептерінің қатысушылары арасында профбағытталған жұмысын откізді. Оқушылар біздің ЖОО-ма қызығушылық танытты, ҚЭУ-не оқуға түсу және білім алу шарттарына қатысты барлық сұрақтарға жауап алды.
2017 жылы 22 қарашада кәсіптік бағдар шеңберінде «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы ҚЭУ Жастар бастамалары орталығының қолдауымен «Қаржыгерлер күніне» арналған мерекелік концерт өткізді. Мерекелік концерт шеңберінде «Қаржыгер – қазіргі және болашақтың мамандығы» тақырыбында ең үздік бейне құттықтау конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды – № 92 гимназия, 2 орынды –№ 39 ЖБМ, 3 орынды –№ 68 ЖБМ алып, қалған қатысушылар отандық валюта тарихын білгендері үшін өткізілген әр түрлі конкурстарға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
2017 жылдың қараша айының 10 мен 19 аралығында "Алматы Арена" Мұз Сарайында футзалдан Ұлттық Студенттік Лигасының (ҰСЛ) финалдық кезеңі өтті. Чемпионат күмісін біздің университеттің құрама командасы жеңіп алды: Кнауб Арнольд – МО-21с Черномордов Владислав – Лог-12с Болбаков Али – Лог-22с Каримов Амир – Тур-31с Әлин Мейіржан – МО-41 Әлин Асылжан – УА-42 Мадияров Агедиль – Ю-41к Барашев Чингиз – Ю-42 Байзахов Алшын – МЭ-12 Акимжан Аскар – Ю-22к Таласбаев Абунияз – Э-23с/к Кырыкбаев Серикболсын – Ю-32 Ракишев Марат – Ю-23с Хабибуллин Тимур – Ф-11НП
Өкінішке орай, ақтық сында 4-6 есебімен "Каспий" (Алматы) командасына біздің балалар жол берді. Осылайша, ҚЭУ футзалдық командасы ҰСЛ-ның күміс жүлдегері атанып, екінші рет тарихта қалды. Біздің командамызды тамаша табыспен құттықтай отыра, оларға келесі жылы футзалдан ҰСЛ-ның чемпионы атануына тілектеспіз!
Өткен жұмада Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының базасында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ««Start Up» Қазақстандағы шағын бизнестің мүмкіндігі» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында қатысушылар шетелдік және отандық оң тәжірибемен және стартаптарды құру және насихаттау саласындағы перспективалық оқиғаларымен танысты және ENTAPP бағдарламасының иегері бизнесті жүргізудегі табысты тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстелге Қарағанды университеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды және қонақтарды алғыс хаттармен шақырды.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіның 60 жылдығын және Қаржыгер күнін мерекелеу аясында 2 және 3 курс студенттері Кульмагамбетова А. (Ф-22), Калиаскарова 3. (Ф22), Блялова (Ф21к), Сейдrазимов A. (Ф-33), Ким К. (МН-31) «Ақша. Несие. Банктер» пәні бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан 5 топ қатысты. 5 турдың қорытындысы бойынша, қарқынды күрес нәтижесінде ҚҚЭУ тобы 2 жүлделі орынға ие болды. Команданы «Банктік менеджменті және қаржылық нарық» кафедра оқытушылары, экономика ғылымдарының докторы, доцент Рахметова А.М., экономика ғылымдарының кандидаты., доцент Гусманова Ж.А., магистр Идирисова А.Т. басқарды.