17 қаңтарда 2018 ж. Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2018» атты пән олимпиадасын өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 165-ке жуық мектеп оқушылары қатысты. Кәсіби бағдар беру аясында кафедра болашақ түлектермен университет бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырды. «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды 16 ақпанда салтанатты түрде марапаттайды.
Алматы қаласында «TOP TO FUTURE TOP FORUM» халықаралық бизнес-форум өтті. Оған «Enactus-KEU» командасының мүшелері Стацюк Анастасия, Макатов Серикжан, Худоиев Амин қатысты. Олар «Enactus Kazakhstan» халықаралық бағдарламасы аясында «Стартаптар мен иннновациялардың студенттік кәсіпкерлігінің ұлттық кубогына» қатысу үшін өтініш берген болатын. ҚЭУ студенттері республикалық семинар-тренингке және «RAIMBEK GROUP» компаниясынан «Қазақстанды қалай тамақтандырамыз – 3» арнайы байқауының қорытындылауға қатысып, соның нәтижесінде алғашқы ондыққа енді.
«Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының ұжымы э.ғ.д., профессор Таубаев Аяпберген Алданаевичті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Жыл адамы-2017» атағына ие болуымен құттықтай келе, шығармашылық жетістіктер, отбасына амандық және деніне саулық тілейді.
23. 12. 17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды және Қарағанды облыстарының мектептері арасында Ашық есік күнін өткізді: КММ Көкпекті ОМ; №25 мектеп; Лицей № 101. Оқушылармен студент-волонтерлар мастер-класс өткізіп, университетке экскурсия жасап және викториналар өткізілді.
СҒЗЖ 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2017 жылғы 15 желтоқсанда сағат 14:30-да «Достық» коворкинг орталығында «Өзіңді өзің өзгерт» тақырыбына практикалық семинар өтті. Семинарды ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық, ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі А. Амантай өткізді. Семинарға құқықтану мамандығының студенттері қатысты. Сана жаңғыруы, дұрыс ойлау тетіктерін қалыптастыру мен жетілдіру талқылаудың басты тақырыбы болды. Бүгінгі экономикалық жағдай, әлемдік дамудың заманалық үдерістері, білім беру және ғылым мәселелері сөз болды. Ойлау сатылары, өз бетінше білім алу және білімді іс жүзіне пайдалану туралы тезистер қызу талқыланды.