«Экология және бағалау» кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында Қарағанды облысының мектеп және колледж оқушылары арасында «Биология білгірі – 2020» аймақтық олимпиадасын өткізді. Аймақтық олимпиада оқушылардың биология негіздерін меңгеру деңгейін, креативті ойлаудың даму деңгейін және биологиялық пәндерді оқуға қызығушылықттарын анықтауға мүмкіндік берді. Аймақтық олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелердің 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Олимпиадаға Қарағанды мен Қарағанды облысының 35 мектебінен 148 оқушы қатысты.
Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-орын. Безовчук Каролина Анатольевна.
Феофилов Виктор.
2-орын. Қайрат Хақназар.
Горбатков Максим.
Навродская Валерия Витальевна.
Жолдак Александра.
3-орын. Болат Ақерке Ерболқызы.
Семёнов Иван Иванович.
Тұрсынқанова Нұрай.
Елдосова Айтолқын.
Рябов Виталий Александрович.
Беделхан Бақдәулет Мантайұлы.
2020 жылғы 3 наурыз күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы, философ, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала данышпаны» атты студенттер арасында сайыс өтеді. Сайыстың ерекшелігі - түрлі ұлт өкілдерінен құралған топтардың қатысуында.
Сайыстың мақсаты: өзге ұлтаралық студент жастардың арасында қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілді жете меңгеру мен қолданылу аясын кеңейту.
Сайысқа үш факультет студенттерінен құралған «Өнерпаздар», «Жалын», «Адамның баласы» атты үш команда қатысты. Сайыс барысында командалар А.Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін орындап, Абай туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайыстың түрлі кезеңдерінде өздерінің мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша «Қаржы, логистика, цифрлық технологиялар» факултетінің «Жалын» тобы жеңіске жетті. Іс-шара туралы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде мақала жарық көретін болады.

Орыс және шетел тілдері кафедрасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген студенттер арасында "Көптілді студент" байқауын өткізді. Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының тілдік емес пәндерінің студенттері шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
II орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
III орын - Қарағанды медицина университеті.
Әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, көптілді студент – бұл шындық екенін тағы бір рет дәлелдеді!

28 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған шетел тілдерінен халықаралық олимпиада өтті.
Рощин Никита (ағылшын тілі), Парамзин Вадим (ағылшын тілі) және Абдул-Саттарова Диана (неміс тілі) біздің университеттіміздің намысын қорғап үздік нәтиже көрсетті.
Рощин Никита ХҚ-19-2 тобының студенті II орын алды!
Студенттер мен шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларын құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға табыс тілейміз!
2020 жылдың 28 ақпанында " ҚР Қылмыстық құқығы " пәнін оқу аясында Ю-18-4, Ю-18-5, Ю-18-7с, ТД-18-2 тобының студенттерінің арасында "Көзбе көз беттестіру" тақырыбында полиция капитаны Н. А. Белиспаев дәріс оқыды. Студенттер дәрісте талап арыз беру кезінде іс жүргізу құжаттарын және дайындау ерекшеліктері талқыланды.
2020 жылы 29 ақпанда жоғары математика кафедрасы (Н. Козлова) және Қоғаммен байланыс және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы мен (Б. Блялов) бірлесіп 10-11 сынып оқушыларына «Менеджмент, сервис, туризм» тақырыбында элективті курс өткізді. Курстың мақсаты басқару және сервис саласында бітіруші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру болды. Карьерде құндылықты анықтауға іскерлік ойын өткізілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша оқушылар осы мамандықтар мен жоғары оқу орнына қызығушылық танытты.

2020 жылдың 2 наурызында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "QazTech Ventures" акционерлік қоғамының Бизнес инкубациялау және акселерациялау департаментінің директоры О. У. Альтаевтың қатысуымен "Қазақстан Республикасында бизнес инкубаторларды дамыту" тақырыбында "Business talk" ұйымдастырды.
Іс-шара технологиялық кәсіпкерлік саласындағы студенттердің құзыреттілігін дамытуға бағытталды және "Qazaq Tech Ventures" АҚ мен ҚҚЭУ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын орындау шеңберінде өткізілді.
Олжас Альтаев инкубаторды қалай құру керектігін, стартаптармен қалай жұмыс істеу керектігін және инвестордың жобаларда не іздейтіндігі туралы айтты.
Іс-шара соңында спикер қатысушыларға алғысын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
ҚР БҒМ Ғылым комитетімен "Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және қолданбалы мәселелері" тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу туралы келісім-шартты орындау аясында 2020 жылдың 29 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көлік қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" атты монографиясының тұсаукесері өтті. (Мәскеу, «ЮрЛитИнформ» баспаханасы, 2020). Презентацияны университеттің ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастырды.
Презентацияны монографияның авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (КЭУК, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. жүргізді (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей).
Презентациядан кейін з.ғ.д., проф. А. И. Чучаев "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.
Презентация мен дәріске Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Бірлескен іс-шаралардың бекітілген жоспарын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының ПД және ЖҚжАП кафедрасы 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 11.00-де, 206 аудиторияда Қарағанды қаласы ПБ бастығы полиция подполковнигі А. Б. Ахметовтың қатысуымен дәріс өткізді. Сабақ тақырыбы "Жауап алу: іс жүргізу сипаттамасы, тактикалық ерекшеліктері, психолгиялық ерекшеліктері».Дәріс өте қызықты өтті, Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының меңгерушісі мен ПОҚ Қарағанды қ. №52 ЖББОМ түлектеріне арналған «Қаржылық сауаттылық" атты апталығын өткізді.
Түлектер үшін ҚҚЭУ оқытушылары, коммерциялық банктердің топ-менеджерлері және басқа да лауазымды тұлғалар сөз сөйледі.
Мысалы, кафедра меңгерушісі Л. А. Талимова «Қаржы» мамандығы бойынша банк пен қаржы ұйымдары саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша естелік суреттер жасалынды.