"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

"Орыс және шет тілдері" кафедрасы қалалық мектеп бітіруші 11 сынып оқушылар арасында жыл сайынғы "Тіл шебері" атты зияткерлік ойынын өткізді.
Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды:

1 орын - №15 ЖББОМ КММ
2 орын - №93 ЖББОМ Гимназия, №16 ЖББОМ КММ
3 орын - №17 ЖББОМ КММ, №18 ЖББОМ КММ

Барлық оқушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!

 

 

«Мың тағдыр - бір халық» кездесуі

«Мың тағдыр - бір халық» кездесуіӘлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы Алғыс айту және көрнекті жазушы, аудармашы, эссеист, қоғам қайраткері Герольд Бельгерді еске алу күніне арналған Қарағандыдағы Видергебурт неміс қоғамының өкілдерімен, депортацияланған неміс отбасыларының мүшелерімен кездесу өткізді.
Коревко В.В., Звижинский Л.Р. соғыс жылдарындағы, депортация туралы естеліктерімен бөлісті және қиын жылдарда немістерге көмек қолын созған қазақ халқына алғысын білдірді.

Жас Өркен

2017 жылы «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен университеттің талантты түлектерін тарту, іріктеу және дамыту бойынша «Жас өркен» бағдарламасы іске қосылды.
Үміткерлер бес деңгейлі іріктеуден өтеді, оған қабілеттер мен әлеуетті бағалаудың әлемдік тәжірибесі енеді. Түлектер арасында біздің бағдарламаға деген қызығушылық айқын артып келеді, егер 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық түлек қатысса, былтыр Қазақстанның 21 қаласынан 4000-нан астам үміткерлер іріктелді.
Fortune 500 табысты компанияларының топ-менеджерлерінің 60% -дан астамы ұқсас бағдарламалардың түлектері екенін атап өткен жөн.

Биология білгірі – 2020

Биология білгірі – 2020«Экология және бағалау» кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында Қарағанды облысының мектеп және колледж оқушылары арасында «Биология білгірі – 2020» аймақтық олимпиадасын өткізді. Аймақтық олимпиада оқушылардың биология негіздерін меңгеру деңгейін, креативті ойлаудың даму деңгейін және биологиялық пәндерді оқуға қызығушылықттарын анықтауға мүмкіндік берді. Аймақтық олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелердің 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Олимпиадаға Қарағанды мен Қарағанды облысының 35 мектебінен 148 оқушы қатысты.
Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-орын. Безовчук Каролина Анатольевна.
Феофилов Виктор.
2-орын. Қайрат Хақназар.
Горбатков Максим.
Навродская Валерия Витальевна.
Жолдак Александра.
3-орын. Болат Ақерке Ерболқызы.
Семёнов Иван Иванович.
Тұрсынқанова Нұрай.
Елдосова Айтолқын.
Рябов Виталий Александрович.
Беделхан Бақдәулет Мантайұлы.

«ҰЛЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ»

«ҰЛЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ»2020 жылғы 3 наурыз күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшылы, философ, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала данышпаны» атты студенттер арасында сайыс өтеді. Сайыстың ерекшелігі - түрлі ұлт өкілдерінен құралған топтардың қатысуында.
Сайыстың мақсаты: өзге ұлтаралық студент жастардың арасында қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілді жете меңгеру мен қолданылу аясын кеңейту.
Сайысқа үш факультет студенттерінен құралған «Өнерпаздар», «Жалын», «Адамның баласы» атты үш команда қатысты. Сайыс барысында командалар А.Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерін орындап, Абай туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сайыстың түрлі кезеңдерінде өздерінің мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша «Қаржы, логистика, цифрлық технологиялар» факултетінің «Жалын» тобы жеңіске жетті. Іс-шара туралы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде мақала жарық көретін болады.

КӨПТІЛДІ СТУДЕНТ

КӨПТІЛДІ СТУДЕНТ

Орыс және шетел тілдері кафедрасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген студенттер арасында "Көптілді студент" байқауын өткізді. Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының тілдік емес пәндерінің студенттері шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
II орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
III орын - Қарағанды медицина университеті.
Әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, көптілді студент – бұл шындық екенін тағы бір рет дәлелдеді!

Шетел тілдері бойынша халықаралық олимпиада

Шетел тілдері бойынша халықаралық олимпиада

28 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған шетел тілдерінен халықаралық олимпиада өтті.
Рощин Никита (ағылшын тілі), Парамзин Вадим (ағылшын тілі) және Абдул-Саттарова Диана (неміс тілі) біздің университеттіміздің намысын қорғап үздік нәтиже көрсетті.

Рощин Никита ХҚ-19-2 тобының студенті II орын алды!
Студенттер мен шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларын құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға табыс тілейміз!

 

«Көзбе көз беттестіру»

«Көзбе көз беттестіру»2020 жылдың 28 ақпанында " ҚР Қылмыстық құқығы " пәнін оқу аясында Ю-18-4, Ю-18-5, Ю-18-7с, ТД-18-2 тобының студенттерінің арасында "Көзбе көз беттестіру" тақырыбында полиция капитаны Н. А. Белиспаев дәріс оқыды. Студенттер дәрісте талап арыз беру кезінде іс жүргізу құжаттарын және дайындау ерекшеліктері талқыланды.

Біздің таңдауымыз - менеджмент, сервис, туризм

Біздің таңдауымыз - менеджмент, сервис, туризм2020 жылы 29 ақпанда жоғары математика кафедрасы (Н. Козлова) және Қоғаммен байланыс және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы мен (Б. Блялов) бірлесіп 10-11 сынып оқушыларына «Менеджмент, сервис, туризм» тақырыбында элективті курс өткізді. Курстың мақсаты басқару және сервис саласында бітіруші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру болды. Карьерде құндылықты анықтауға іскерлік ойын өткізілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша оқушылар осы мамандықтар мен жоғары оқу орнына қызығушылық танытты.

"Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "Business talk" ұйымдастырды

"Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "Business talk" ұйымдастырды

2020 жылдың 2 наурызында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "QazTech Ventures" акционерлік қоғамының Бизнес инкубациялау және акселерациялау департаментінің директоры О. У. Альтаевтың қатысуымен "Қазақстан Республикасында бизнес инкубаторларды дамыту" тақырыбында "Business talk" ұйымдастырды.
Іс-шара технологиялық кәсіпкерлік саласындағы студенттердің құзыреттілігін дамытуға бағытталды және "Qazaq Tech Ventures" АҚ мен ҚҚЭУ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын орындау шеңберінде өткізілді.
Олжас Альтаев инкубаторды қалай құру керектігін, стартаптармен қалай жұмыс істеу керектігін және инвестордың жобаларда не іздейтіндігі туралы айтты.
Іс-шара соңында спикер қатысушыларға алғысын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Пресс-релиз

Пресс-релизҚР БҒМ Ғылым комитетімен "Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және қолданбалы мәселелері" тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу туралы келісім-шартты орындау аясында 2020 жылдың 29 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көлік қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" атты монографиясының тұсаукесері өтті. (Мәскеу, «ЮрЛитИнформ» баспаханасы, 2020). Презентацияны университеттің ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастырды.
Презентацияны монографияның авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (КЭУК, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. жүргізді (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей).
Презентациядан кейін з.ғ.д., проф. А. И. Чучаев "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.
Презентация мен дәріске Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL