
"Жайна" хореографиялық ансамблі "Ақ сұңқар"-"Белый сокол" балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының VI Халықаралық қашықтық фестиваль - конкурсында жеңіске жетті (Қарағанды қ.)!
"Жайна" ХА байқауында "Халық хореографиясы" номинациясына "Ыңғайтөк" және "Харезм" билерімен қатысып, байқау нәтижелері бойынша Бас жүлде және I дәрежелі лауреат дипломдарымен марапатталды.
Жеңісіңізбен құттықтаймыз!!!

2020 жылғы 4 желтоқсанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЖОО студенттері мен магистранттарының "Үздік инновациялық start –up жобасы" атты халықаралық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметке дайындау және нарыққа шығару.
Байқауға 47 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ҚЭУ студенттері Жеңіс Асылтас Рамазанқызы, Кәкіш Шахризада Ертайқызы (ГМУ-18-1к), Абдрахманова Айзада Канатқызы (ГМУ-19-1к, ғылыми жетекшісі Ертай х.) start –up жобасы 3 орынға ие болды. Олар "DIGITAL UNIVERSITY" мобильді қосымшасының прототипін жасады.
Студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!
08.12.2020 ж. Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы бухгалтерлік есеп және аудит бағдарламасының жоғары жетістікке жеткен түлектермен онлайн форматта (ZOOM платформасында) кездесу өткізді. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және «Есеп және аудит» білім біру бағдарламасын төртінші курс студенттері қатысты. 2018, 2019 және 2020 жылғы түлектер шақырылды:
- Серикова Карина Сериковна – магистратура түлегі. KPMG көмекшісі - әлемдегі ең ірі кәсіби қызмет көрсету желілері және «Үлкен төрттік» аудиторлық фирмалардың бірі;
- Мельникова Эвелина Игоревна - магистратура түлегі .«PromTechnics» ЖШС бас есепшісінің орынбасары;
- Исаева Тамилла Этибарқызы - «EFES-KAZAKHSTAN» АҚ есепшісі;
- Аббас Гүлжамиля Айтбайқызы - «АРАҒАНДЫ ТАЗАЛЫ» ЖШС есепшісі;
- Нурбекова Бибігүл Нұрбекқызы - «Мәдениет үйі Қозы көрпеш-Баян Сұлу» КМҚК Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының есепшісі. Әр түлек жетістікке жетудегі тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараның модераторы экономика магистрі, оқытушы Хасенова М.Е. болды.
«Есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес магистр, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Мусипова Л.К. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Менің тауелсіз Қазақстаным» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы материал көрсетілді, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында құрбан болғандар туралы естеліктер, тақырыпты жалғастыра отырып, Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» шығармасы орындалды және «Қазақ елі» әні шырқалды.

2020 жылдың 3 желтоқсанында сағат 16-00-де Алматы қаласындағы Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (КАГиР) өкілі Махамбетова Сәуле Азимханова "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының оқытушыларымен "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандықтарына арналған онлайн-вебинар, яғни "Teika boom" отбасылық мейрамханасының шеф-аспазы, "Тағамдар сиқыры" телеарнасының тележүргізушісі Евдокимов Артеммен кездесу ұйымдастырылды.
Артем мейрамханалардың даму тарихы туралы айтып, барлар мен мейрамханалардың даму перспективаларындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы мейрамханаларды жылжыту жоспарларымен бөлісіп, еліміздегі брендтің даму ерекшелігін түсіндірді.
Кездесу өте пайдалы және қызықты өтті. Студенттер қызметкерлер, жабдықтар, асхана ыдыстары мен ас үй құрал-саймандары, тағам дайындау туралы өзекті ақпаратты тыңдап қана қоймай, сонымен қатар тамақ индустриясының дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы білді. Қызу пікірталас түрінде өтті, оның барысында студенттер аспазшыдан барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
БҚТФ, ЭБКФ, ҚЛСТФ деканаттарының ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Дәстүр trend» жастар және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу қонағы бизнес-спикер, ментор, «Каникар» клуб жетекшісі, ұлттық құндылықтарға негізделген «Алтын той» евент-агенттігінің негізін қалаушы, «Дәстүр тренд», «Келін курс», «Nauryzsha party» жобаларының жетекші ұйымдастырушысы Алтын Каникар болды. Алтын Каникар студенттерімізге ежелден келе жатқан дәстүрлерімізге таныстыру жасап, дәстүрлерімізді қайта жаңғырту үрдісіндегі жасалып жатқан іс-шаралар жайында мәліметтермен бөлісті. Спикер «Дәстүрлі құндылықтар – азаматтық қоғам дамуының негізі» және құндылықтарды қалай қалыптастырамыз деген сұрақтар бойынша студенттермен пікір алмасты.

2020 жылдың 03 желтоқсанында «Түрлі-түсті революциялар. Пышақтың ұшындағы әлем» 1-3 курс студенттеріне арналған ZOOM платформасында өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - "түрлі-түсті төңкерістер" дегеніміз не, олардың қоғам үшін, экономика үшін, мемлекет үшін қандай қауіп төндіретінін және олардың салдарын қалай болдырмау керектігін анықтау. т.ғ. д., профессор, әлеуметтік мәселелер жөніндегі Проректор Қ. Ж. Әбілов "Түрлі-түсті революциялар. Әлем пышақтың ұшында", ф.ғ. к., профессор Клишина М. В. «СЖ және ҚХА» кафедрасының «Түрлі-түсті төңкерістер. Кеше. Бүгін. Ертең.»
Іс – шараның модераторы ҚЭУ ЖБО директоры А.Т. Идирисова болды.

Неліктен полицияда қызмет ету өте беделді?
- тұрақты жұмыс;
- әлеуметтік кепілдіктер;
- мансаптық өсу мүмкіндігі;
- нормаланбаған жұмыс күні;
- өзін-өзі тану мүмкіндігі;
- лайықты жалақы.
Бос орындар жәрмеңкесі аясында өткен аптада Теміртау қалалық полиция басқармасының өкілдерімен кезекті онлайн кездесу өтті. "Құқықтану", "кеден ісі"мамандықтарының бітіруші курс студенттері мен магистранттары шақырылды. Өкілдер жұмысқа өту кезеңдеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді. Егер де сен кездесуге үлгермеген болсаң, бірақ өзіңді осы салада сынағың келсе, онда 107 кабинетке ресурстық орталыққа кел, біз саған не істеу керектігін айтамыз.
03.12.2020 жылы сағат 14.00 - де ҚҚЭУ-нің Бизнес, құқық және Технология факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының «Таугүл» мешітінің бас имамы Мажен Ернар Қалмаханұлы университет студенттеріне «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал: мемлекет пен діннің арақатынасы» атты дәрісін оқыды. Қазіргі уақыттағы Қазақстан мемлекетіндегі діни ахуал мен ҚМДБ-сы тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы кең айтып өтті. Сонымен қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, олардың әлеуметтік ортаға тигізіп отырған әсері мен негізгі мәселелері сөз қозғалды. Әрине діріс соңында студенттерге сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Қойылған сұрақтарына толық жауаптарын алды.
Іс-шара модераторы аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Н.Е.
03.12.2020 жылы ҚҚЭУ-нің Бизнес, құқық және Технология факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды облысының дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тусупбеков Ж.А. «Деструктивті және жалған діни ағымдардың кері әсері» атты дәрісін университет студенттеріне оқыды. Діріс барысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мақсат, міндеттері мен дәстүрлі емес діни ағымдары мен ҚР және Қарағанды облысының аймағы бойынша жүргізіліп жатқан шаралары туралы айтылды. Дәріс соңында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі, к.п.н., доцент Абдакимова М.К. дәріс тыңдауға келген студенттерге қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни бағыттардың тигізіп отырған әсері турала айтып өттіп, сонымен дәріс оқыған Тусупбеков Ж.А. алғысын білдірді. Дәріс сонында студенттер сұрақтарын қоюға мүмкіндік алып, нақты, толыққанды жауап алды. Дәріс студенттердің көңілдерінен толыққанды шыққандығы байқалды.
Іс-шара модераторы аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Н.Е.