15.02.21 жылы Zoom платформасында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай Құнанбаевтың рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, оның өлеңдерін мәнерлеп оқуды, ән айтуды үйрету. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде «Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы», «Абай өлеңдері», «Абайдың әндері», «Абайдың 45 қара сөзі», «Абайдың дәстүрі, тағлымы» тақырыбында сөз қозғалды. Дөңгелек үстелді педогогика ғылымдарының магистрі Қ.Қ.Бажикеев жүргізіп отырды. Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы жайында педагогика ғылымдарының магистрі Л.М.Акшабаева, студенттер Кадербек Ж., Абдрахманова А. өз ой-пікірлерін ортаға салды. Абай атамыздың шығармашылығы жайында ф.ғ.д.доценті М.Ә.Топашев, оқытушы Д.У.Уразбекова, студенттер Құрметұлы Е., Тілеуберлин А., Ыбыраева А. сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның өлеңдерін Гатауллина З., Никифорова М., Мажидов Б. мәнерлеп оқыды. Абайдың қара сөздері тақырыбы жайында ф.ғ.д., доцент З.Қ.Жангабулова сөз қозғап, Кагарманова А. қара сөзін оқыды. Құтжанов Н., Иличьева А. Абайдың әндерін орындады. Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы ф.ғ.д., доцент Ш.Б.Акатаева Абай тағлымын зерделеп қортындылады. Абай рухани мұрасы мәңгілік.
16 ақпан 2021 жылы КУК Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-ғылыми семинар өткізді.
Семинарда өзекті зерттеу мәселелері, диссертациялар құрылымы талқыланды. Спикер Ж. Г. Шұғайыпова ғылыми зерттеулерге дайындықты, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету қажеттілігін толық түсіндірді. Қатысушылар Қазақстанда жүргізілген зерттеулер туралы, біздің заманда жас ғалымдарға қандай мотивация бар екендігі туралы сұрақтар қойды. Спикер қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.

Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет. Азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында университет студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:
- Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.
АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов
"QazTechVentures" АҚ және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша жол картасы шеңберінде "Достық "Коворкинг орталығы" "QazTech Ventures" АҚ маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Ш.Досмаханбет өткізген стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша онлайн-мастер-класқа студенттердің қатысуын ұйымдастырды.
Бұл мастер-класс қатысушыларға келесі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді:
- - Бизнес ашу үшін ақшаны қалай тартуға және инвесторды табуға болады?
- - Инвестормен қандай шарттармен жұмыс істеу керек?
- - Инвестор қалай және қандай өлшемдер бойынша таңдайды?

2021 жылдың 15 ақпанында "Әлеуметтік жұмыс және ҚХА" кафедрасы Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған
" Қазақтың ұлттық киімі - қазақтың материалдық мәдениетінің негізі " атты дөңгелек үстел өткізді.
Университет студенттері қазақтың ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (К.Назарова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (В. Кравченко); үйлену көйлегі, зергерлік бұйымдар және аксессуарлар (Васковская К.,); әйелдер, ерлер және балалар бас киімдері (Кикимова Д.Б); балалардың ұлттық киімдері (Трубицкая Е.); заманауи киімдегі дәстүрлі элементтер (К. Хабарова).
Дөңгелек үстелге Қоғамдық келісім» КММ кафедра меңгерушісі» Д.Б. Малаев қатысты; кафедра оқытушылары, университет студенттері.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Бизнес, құқық және технология» факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының филос., ғ.к., доцент Сейфуллина Галия Рустембековна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» желтоқсан айының 2020 жылы Министр А.К. Аймағамбетовтан Алғыс білдірілді. Кафедра ұжымы Сейфуллина Галия Рустембековнаны шын жүректен құттықтап, алдағы қажырлы еңбек жолында толағай табыстар тілейді!!!

2021 жылы 10 ақпанда «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Қазақтың ұлттық киімі - қазақтың материалдық мәдениетінің негізі» атты дөңгелек үстел өткілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемнің 8 кереметімен, Қазақстанның басты археологиялық ашылуы - Алтын Адаммен (Алтын Адам), оның әскери техникасымен және безендірілуімен танысты.
Университет студенттері қазақтың ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (К.Назарова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (В. Кравченко); үйлену көйлегі, зергерлік бұйымдар және аксессуарлар (Васковская К.,); әйелдер, ерлер және балалар бас киімдері (Кикимова Д.Б); балалардың ұлттық киімдері (Трубицкая Е.); заманауи киімдегі дәстүрлі элементтер (К. Хабарова).
Дөңгелек үстелге Қоғамдық келісім» КММ кафедра меңгерушісі» Д.Б. Малаев қатысты; кафедра оқытушылары, университет студенттері.
2021 ж. 10 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетімен Абай ауданының А.Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының, А.Құнанбаев атындағы Топар орта мектебінің, №15 Қарабас орта мектебінің және Құрма тірек-мектебінің 11 сынып оқушыларына арнайы ZOOM платформасында кәсібибағдарлық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар тарапынан «Банктік менеджмент және қаржы нарықтары» кафедрасы аға оқытушысы, магистр А.С. Исанов, «Мемлекеттік-жергілікті басқару және экономикалық теория» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі М.Т. Юсупов, «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы, магистрі А.А.Амантай және университеттің қабылдау комиссиясы төрайымының орынбасары, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, магистрі И.С. Нұржанова қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектері үшін біздің университеті және оның мамандықтары туралы, сонымен қатар ҰБТның ережелерімен және оқуға қабылданудың негізгі талаптарымен тыныстыру.
Кәсібибағдарлық іс-шарасында оқушыларға университет жайлы арнайы презентация көрсетілді және соңында он-лайн форматта «Университетке виртуалды саяхат» бейне-ролигі әрі он-лайн сауалнамаға сілтемелер ұсынылды.

9 ақпан 2021 жылы Украинаның Еуропалық интеграцияның оқушылары мен зерттеушілер қауымдастығы (APREI), Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі, Украинадағы Ұлттық Erasmus+ офисі халықаралық телекөпір ұйымдастырды. Іс-шара Еуропалық Одақтың Erasmus + Jean Monnet жобаларын іске асырудың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге ықпал етуді көздеді, қазақстандық және украиндық тәжірибені салыстыруға, тәжірибелік кеңестермен алмасуға, бар мәселелерді талқылауға, Erasmus+ Jean Monnet жобалары шеңберінде неғұрлым тығыз ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын қарастыруға және Еуропалық зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында спикер ретінде әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Атабаева Динара Талғатқызы қатысты. Баяндамада Jean Monnet Module «Еуропалық интеграцияның теориясы мен практикасы» жобасын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.