25.04. 2016 ж. шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Базарбаева Л.Т және Гайнутдинова Г.Ф. ұйымдастыруымен ашық кураторлық сағат «Қазақстан жастар есірткісіз өткізді. Бұл кураторлық сағат МЭ-21, МЭ-32 топтарының арасында өтті.
2016 жылдың 16 сәуірінде Қарқаралы ауданы бойынша кәсіби бағдар жұмысына жауапты оқытушылар Зұлхарнай А.Н., Нуркеева Ю.А. және Жар Ж.Ж. Қарқаралы ауданы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында алты пән бойынша (ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, физика, химия) олимпиада өткізді.
Аталмыш олимпиадаға Қарқаралы ауданың 8 мектебінен жалпы саны 44 оқушы қатысты.
«Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық жандандырулар жағдайында «Құқықтану» және «Кеден ісі» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына тәжірибеге бейімделген білім берудің дамуының алғышарттары және өзекті мәселелері»
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
20 сәуір 2016ж., 14.00, конференцзал (104 ауд.)
Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты: Тәжірибеге бейімделген білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау.
2016 жылы 1-ші қараша мен 20-шы желтоқсан аралығында Тур-22 тобының студенттері А.В. Сероухова мен С.К. Судоплатов сырттай формада өткен туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты. Нәтижесі бойынша олар келесі турға өтіп, ары қарай финалға қатысуға шақырылды. Қорытынды этап 2016 жылы 20-шы сәуірде Казан қаласында, Поволжск дене шынықтыру, спорт және туризм мемлекеттік академиясында өтті. Онда біздің студенттер қатысып, қорытыны турдың нәтижесі бойынша, А.В. Сероухова, бесінші орынға иеленіп, диплом алды.
Студенттер университет ректоры Е.Б. Аймагамбетовке Казан каласындағы туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатыстуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
Қарағанды экономикалық университеті «Номад» командасын 2016 жылы 21-22-ші сәуір аралағында өткен VIII-ші Республикалық туризм бойынша студенттің олимпиададан 3-ші жүлделі орын алғандарымен құттықтаймыз!
«Туризм» мамандығы бойынша Тур-32 тобының студенттері Алдангаров Казбек, Корытников Павел және Тур-35с тобының студенті Каримов Азат, Тур-22 тобының студенті Беднова Ангелина және Тур-24с тобының студенті Трупякова Светлана қатысты.
Жарыс «Жосалы» санаторий-шипажайы базасында өтті, қатысушылар туризмнің белсенді түрлері бойынша сайысты.
Және де Тур-32 тобының студенті Алдангаров Казбекті олимпиадының 3-ші туры «EXPO-2017 көрмесі өткізу алдында туристік дестинация ретінде ҚР-ң BrandBook-ын» құрастыруда ең үздік ретінде танылып, «Пулково» авиакомпаниясының сыйлық сертификаты ұсынылды.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының А.А. Гарипова 11-15-ші сәуір аралығында Будапешт қаласындағы Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдары университетіндегі 6-шы халықаралық апталық және ERASMUS+international credit mobility конференциясына қатысып, «Туризм» мамандығы бойынша Венгрия және т.б. елдеріндегі студенттерінің қатысумен 8 сағаттық көлеміндегі дәріс оқыды.
«Қазақтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Болат СЫЗДЫҚПЕН арадағы әңгіме негізінен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы болғанымен, Адам, Әлем және Атом атты ұлы ұғымдар арасындағы шым-шытырық байланыстың ауылына да ат шалдырылған еді.
http://egemen.kz/2016/04/14/34548
Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсанында бизнес және құқық факультетінің деканатымен және студенттер Конгрессімен, университет жатақханаларының арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ережесі бойынша сайысқа университеттің № 1, 3, 4 жатақханаларында тұратын студенттер ғана қатысты. Сайыс 4 тур бойынша өткізілді. Жарыс барысында студенттер шынығу дәрежесін, төзімділігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Ең бастысы, олар алға қойылған тапсырманы бірігіп шешуді және берілген тапсырманы креативті орындауды танытты.
1-тур - ПЕЙНТБОЛ. Әр жатақханадан 10 (жігіттер мен қыздар) студенттен тұратын құрама топ қатысты.
2-тур «MORTAL-KOMBAT» және 3-тур – «ТВИСТЕР» қалада орналасқан «Некафе, тайм-кафе» мекемесінде өткізілді. Әр жатақханадан бір-бір ойыншы қатысты.
Сайыстың қорытындысы университетте Студенттердің мәдениет сарайында өтті. 4 тур барысында студенттер шығармашылық қабілеттерін шындай түсіп, өз өнерлерін концерт барысында көрсетті. Әр жатақханадан бір ән, бір би орындалып, студенттер келген қауымды тамсандыра білді.
Әділ қазылардың ортақ шешімі бойынша жеңімпаз болып №4 жатақхананың құрама командасы таңдалды.
2016ж. 18 сәуір 11.00-ден 14.00-ге дейін Лог-22 Лог-23c, ТД-11к, MK-31, ТД-12, ТД-21к, ТД-22c, ТД-23, ТД-31к топтарының студенттері «Маркетингтік логистика», «Көтерме-бөлшек сауда», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары» пәндері бойынша, «Маркетинг және логистика» кафедрасының т.ғ.к., доценті Жандильдин T.E., аға оқытушы Валеевa В.З.,. «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы С.А. Сыздықовамен Сары-Арқа әуежайында шығу сабағын өткізді.
«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының меңгерушісі А.К.Сембеков 14-15 сәуір аралығында Алматы қаласында (ұйымдастырушы «Евразия» Сақтандыру компаниясы) әлемнің жетекші қайта сақтандырушыларының, ҚР Ұлттық банкінің, Ресей мен ЕурАО басқа елдерінің, ТМД, ҚР Сақтандыру ассоциациясының, халықаралық рейтингтік агенттіктердің, ҚР сақтандыру компанияларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен, ХІІ тәуекел менеджмент бойынша халықаралық конференциясына қатысты. Спикерлер санында Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев, «Высшая школа экономики» (Мәскеу қаласы) профессоры С. Медведев, Халықаралық теңіз сақтандыру кеңісінің Бас хатшысы Ларс Ланж, Герман Сақтандыру кеңесінің төрағасы Франк Тирольф және басқалар сөз сөйледі.