ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ.

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ. 2015 жылғы 10 желтоқсанда университеттің 105 аудиториясы мен үлкен фоесінде "Қарағанды облысы жас ғалымдарының EXPO-2017-ге үлесі" көрме-конференциясы өтті. Көрме конференцияны Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒТО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, алуан тақырыптағы жобалар ұсынды. Озық жобалардың авторларына түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Жобалар жеке жинақ болып шықты.

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»2015 жылдың 9 желтоқсанында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен сағат 11.00-де 103 аудиторияда «Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития» тақырыбына платинум дәрісі ұйымдастырылған болатын.
Дәріс оқыған «Номад Иншуранс» СК ҚФ АҚ директоры Нуртденов Руслан Ильгизирович. Ол студенттерді ҚР сақтандыру нарығының қазіргі жағдайымен таныстырды, сақтандыру іс-қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін, сақтандыру түрлерін және сақтандыру нарығының кейбір мәселелері мен оларды шешу жолдарын ашып көрсетті. Дәріске академиялық сұрақтар мен жаңа технологиялар бойынша проректор э.ғ.к., профессор Р.О. Бугубаева, ЕҚФ деканы э.ғ.д., профессор Г.Е.Накипова және оқытушылар шақырылды.

100 нақты қадам

100 нақты қадам8.12.2015 жылы Тауартану және сертификаттау кафедрасының магистранттары студенттермен бірлесіп «100 нақты қадам» тақырыбында флешмоб өтекізді. Бұл жаһандық ішкі тартысқа жауап және жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған мемлекет қатарына қосылудағы ҰЛТ ЖОСПАРЫ.

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті2015 жылы 3 желтоқсанда экономика мен басқару факультеті әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасымен бірлесіп БҰҰ-ның 70 жылдығына арнап «Біріккен Ұлттар Ұйымы: Өзгермелі әлем жағдайындағы жаһандық дипломатия» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына ҚҚЭУ, Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ, ҚММУ (Қарағанды, Қазақстан) және НИУ БелГУ (Белгород, Ресей) студенттері мен магистранттары қатысты.
Сырттай ИНЭФБ БашГУ, М.Акмулла ат. БГПУ, ФГБОУ ВПО УГАТУ (Уфа қ., Ресей), НИУ ВШЭ (Мәскеу қ. Ресей), Янки Купалы ат. ГГУ (Гродно қ., Беларусия), Чехия Университеті (Печь қ., Чехия) мен Питсбург мемлекеттік университеті (Питсбург қ., АҚШ) студенттері мен магистранттары қатысты.

Олимпиада

Олимпиада26 қарашада 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды қаласы бойынша жоғары оқу орнының экономика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында Жоғары математика бойынша олимпиада өткізілді. Сайысқа 38 студент қатысты.

Оның ішінде:
1) ҚарМУдан - 9 студент,
2) ҚарМТУдан -3 студент
3) «Болашақ» академиясынан- 3 студент
4) ҚЭУдан – 23 студент.

Жұмыс тексеру нәтижесінде қорытынды келесідей:

№68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлік ойын

№68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлік ойын «Туризм және мейрамхана ісі» кафедарсының оқутышылары №68 ОБМ оқушыларымен «Жер жаhаны» атты зияткерлікойынын өткізді. Оқушылар география, тарих, астрономиядан өздерінің жоғары білімдерін көрсете алды. Үш команда қатысып, №1-ш команда жеңіп шықты. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді.

«Қаржы көшбасшысы - 2015»: жеңімпаздар бар, бірақ бастысы қатысу!!!

«Қаржы көшбасшысы - 2015»: жеңімпаздар бар, бірақ бастысы қатысу!!!«Банк ісі» кафедрасы 2015 ж. 4 желтоқсанында ҚҚЭУ Студенттер Мәдениет Сарайында ЕҰУ, ҚазАТУ және ҚҚЭУ студенттері арасында «Қаржы көшбасшысы - 2015» атты олимпиадасы өтті. Олимпиадаға «Банк ісі» кафедра ПОҚ-ы, ЕҚФ декан орынбасары Мусипова Л.К., кафедра меңгерушісі Талимова Л.А., ЕДБ өкілдері мен қалалық мектеп-гимназиялары мен қазақ-түрік лицей оқушылары қатысты.
Олимпиада 5 кезеңнен тұрды. Қорытынды бойынша жеңімпаз болып, Ф-22с тобы студенті Темірханоы Имам атанды.
Олимпиада соңында естелік суреттер жасалынды.

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ 3-ші желтоқсан 2015 ж. «Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 2-4 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағы өтті.
Кәсіпорынның жұмысы мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы баяндаған:
Осипов Федор Александрович » директоры
Ким Юлия - ЖШС «Космонавт» қонақүй бойынша директор орынбасары
Вавринюк Галина Васильевна-банкеттік қызметтерді сату бойынша менеджер
Иван Маврояниди - "Жулдыз" мейрамханасының бас-аспазшысы
Кешеннің басшысы студенттерді қарсы алып, сабақ барасында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен таныстырды, қызметкерлерімен таныстырды, студенттерді қызықтырған сұрақтарын толық жауап берді.
Экскурсия аяқталған сон, Федор Александрович студенттерді Үлкен конференц-залына шақырды, онда студенттер сабақ барысында туындаған сұрақтарын қойып, дәрісті ары қарай тыңдады. Сабақ соңында студенттерге арнап шай-үстелі ұйымдастырылыпты, онда студенттерге мейрамхананың фирмалық тәтті-тоқаштарынының дәмін көрді.
Қонақүйдің басшылығы мен қызметтеркерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет !

«Оның сөздері мен домбыра үні»

«Оның сөздері мен домбыра үні»2015 ж. желтоқсанның 4-ті күні сағ.14:00-де кітапхананың Ақпараттық-білім беру орталығында қазақ классигі мен дүр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығын мерекелеуге арналған «Қаламұшы мен сөзбен» атты әдеби-тақырыптық кеш өтті. Мерекелік шараны тамашалауға ЭБҚ көлледжінің студенттері шақырылды. Әдеби-музыкалық композицияны орындауға келесі студент-активистер қатысты: Спанова Д., Исламгалиева Г., Ныгметжанова М.; домбристы: Леш Дарын, Исаев А., Матвеева А. «Лира» клубының жетекшісі Е.Г.Пономаренкомен Ж.Жабаевның әдеби шығармашылығына экскурс жүргізілді.

Халықаралық конгреске қатысу

Халықаралық конгреске қатысу2015 жылдың 27 қараша айында «Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ бірлесе отырып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен өтуізілген «Жобалық менеджментті дамыту: тәжірибе және болашағы» атты Қазақстандағы І Халықаралық жобалық менеджерлер конгресіне экономика және менеджмент кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы А.А.Мусатаева мен кафедраның аға оқытушысы, PhD докторы С.Б.Байбосыновтың қатысуы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL