ҚҚЭУ студенттері Алматы қаласында «Менеджмент» мамандығы бойынша өткен Х Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасынан ІІ орын иеленді

ҚҚЭУ студенттері Алматы қаласында «Менеджмент» мамандығы бойынша өткен Х Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасынан ІІ орын иеленді

2018 жылдың наурыздың 28-і күні Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Менеджмент» мамандығының студенттері 5В050700 – «Менеджмент» мамандығының студенттері арасында өткен Х Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында ІІ орын алды.
2018 жылдың қарашасында біздің студенттер ҚР БжҒМ дипломдарымен марапатталды.
Олимпиаданың қатысушылары: Турумтаева Мадина, Сергебаева Айгерим, Жубекова Амина. Ал оларға жетекшілік еткен PhD доктор., «Менеджмента және инновациялар» кафедрасының доценті Омарова А.Т.

Enactus KEUK құрамасы өз қатарларына екінші рет жаңа қатысушылар іріктеуін өткізді.

Enactus KEUK құрамасы өз қатарларына екінші рет жаңа қатысушылар іріктеуін өткізді.12 қараша 2018 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті қабырғасында Enactus KEUK құрамасына іріктеу мен презентация өтті. Студенттерге Әлем кубогынан және Ұлттық жарыстардан флешбэктер көрсетілді, Enactus KEUK спикерлері студенттерге біздің мақсатымыз бен құндылығымыз жайлы баяндады. Команда әр студентті жетік тану үшін жеке әңгімелесу жүргізді. Команда қатарына қосылу үшін студенттер 7 күн бойы арнайы курстан өтеді, олар онда Enactus немен айналысатыны жөнінде және оларды болашақта не күтетіні жайлы білетін болады.

Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы2018 жылдың 3 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Қарағанды облысынан Олимпиадада 36 мектептен 284 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:

2018 жылғы «18» қазан БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

2018 жылғы «18» қазан БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.
Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., Унзила Шапаққызының «платиналық дәрісі»

ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., Унзила Шапаққызының «платиналық дәрісі»08.11.2018ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Юриспруденция» мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымының докторы Унзила Шапаккызы «Конституциялық құндылықтар – мемлекет және қоғамның жаңғыртылуының тұғыры» атты өзінің «платиналық дәрісінде» АҚШ және Европа елдерінің конституциялық бақылау және қадағалау органдарының қызмет етуінің жаңа қадамдарын сондай-ақ, ҚР заңдарының ҚР Конституциясына сәйкестігін қараудың отандық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.

Университеттен тыс дәріс

Университеттен тыс дәріс2018 жылдың 7 қарашасында "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының аға оқытушысы Аешова Н.Т. "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандығының 2 курс студенттері үшін "Додо Пицца" пиццерия желісінде университеттен тыс дәріс ұйымдастырды.
Додо Пицца - 2011 жылы Сыктывкар қаласында ашылған компания болып табылады. Қазіргі таңда пиццерия желісі Ресей, АҚШ, Қытай, Литва, Қазақстан, Румыния, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінде қызмет көрсетуде.
Пиццерия менеджері қонақтарды қабылдау үрдісіне, кәсіпорынның жеке қызметтік - тұрмыстық орын-жайларына қызықты ақпараттық экскурсия өткізіп, сонымен қатар қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша студенттерде туындаған сауалдарға жауап берді.

«Туған жерін сүйе алмаған сүйе алар ма туған елін?» немесе «Отан неден басталады?»

«Туған жерін сүйе алмаған сүйе алар ма туған елін?» немесе «Отан неден басталады?»

Отаншылдық өз жеріне, қаласына, кіші отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. Логистика және Маркетинг мамандығының студенттері (Лог-21к, Лог-32, МГ-21к топтары), көбі басқа қалалардан келген студенттер, өздерінің студенттік жастары өтетін аймақтың тарихымен танысу дұрыс деп шешті.
2018 жылдың 7 қарашасында олар Тау-кен-индустриалды колледж жанындағы "Шахта-муражай" мұражайына барды. Экскурсовод Владимир Валентинович, айтпақшы, бұрынғы шахтер, нағыз патриот және Шахтерлер даңқын сақтаушы - оларды шахталардың құрылу тарихымен таныстырды және кеншілдік шынайылыққа айналдырды: клетте студенттер шахтаға түсіп, кеншілердің қиын күндерін көрді. Олар үшін саяхат өте танымдық, сенімді, әдемі және есте қаларлық болды.

Ашық кураторлық сағат

Ашық кураторлық сағат

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың " Қазақстандыктардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру", Қазақстан халықына Жолдауы біздің университеттің оқу және тәрбие жұмысында белсенді түрде талқылануда. Студенттік ортада және куратор сабақтарында ҚР болашақ даму бағыты еліміздің өркендуіне жастардың әсер ету мүмкіндігі, бәсекеге қабілетті маман болу сұрақтары сияқты басқа да маңызды мәселелер қарастырылды. Мәселен, «Құқықтану» мамандығының 2 курс магистранттары Кинсфатер Артур мен Федосеева Екатерина 2018 жылдың 31 қазанында ҚР Президенті Жолдауының бағыттары бойынша ессе сонымен ұштасқан ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Шара аясында бизнес және құқық факультетінде "Менің тандауым – мемлекеттік қызмет" Қазақстан Республикасының сот билігін жаңдандыру: жаңа көзқарастар", Бизнестің жол қартасы 2020 бағдарламасын қабылдау шетіндегі менің инновациялық бизнес – идеаларым","Қазіргі зандардың азаматтық устанымы", Жастарды қолдау – ҚР әлеуметтік саясаттың бағыты" тақырыбы бойынша сайысының қорытындысы жасалынды. Ю-18с топ студенті Агаева Арастуның "Менің тандауым – мемлекеттік қызмет" тақырыбында жасылған ессесі ең үздік деп танылды. Сондықтан – ақ, кураторлық сағат шетінде Ю-14, Д-15, Д-17с және Ю-18с топтар арасында студенттердің жолдау бойынша білімдерін тандау бағытында « Білгіштер турнирі» ойының өткізді. Ю- 14 тобы жеңіске жетті.

ЭБФ студенттері Президент Жолдауын талқылады

ЭБФ студенттері Президент Жолдауын талқыладыАғымдағы жылдың 31 қазан күні сағат 15:00-16:00 аралығындауниверситет қабырғасында«Экономикалық теория және мемлекеттік жергілікті басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттыҚазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мен«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында студенттер арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш шара барысында студенттер тарапынан баяндамалар оқылып, Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды. Қорытындысы бойынша студенттерден құрылған сарапшылар тобы үздік баяндама қорғаған келесі баяндамашыларды анықтады:
1-дәрежелі диплом: Жолдыбай А. МЖБ-31к.
2-дәрежелі диплом: Елубаева Ш. МО-13ск. Зейнурова Б.МЖБ-31к.
3-дәрежелі диплом: Бөген Д., Қанат А.МЖБ-31к.

КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн

КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн2018 жылдың 3-қарашасында Бизнес және құқық факультетінің ұйымдастырылуымен «КЭУ студенттерінің өмірінен бір күн» тақырыбында кәсіби бағытталған іс-шара өткізілді. Іс-шараға 15 мектептен 117 оқушы қатысты.
Оқушылар кестеге сәйкес дәріс сабағына қатысып, онда факультет деканы з.ғ.к., профессор Ф.С. Момышеваның құттықтау сөзін тыңдап, университеттің шығармашылық ұжымдары мен спорт секциялары туралы ақапаратпен кеңінен танысты. Факультеттің бетке ұстар белсенділері мен студенттік парламенттің өкілдері студенттік өмірдің ерекшеліктері мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жастардын еркін дамуы үшін университетте жасалып жатқан жағдайлар туралы әңгімелеп берді.
Екінші сабақ университеттің жетекші оқытушыларымен арнайы аудиторияларда оқушылардың таңдаған бағытына сәйкес өткізілді. Бұл аудиторияларда мектеп оқушылары болашақ мамандықтың кейбір ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар арасында «Қаржы», «IT-Кәсіпкерлік», «Менеджмент», «Халықаралық қатынастар», «Юриспруденция», «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі», «Туризм» мамандықтары ерекше қызығушылық тудырды.
Аталып отырған іс-шара университет спортзалында аяқталды. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары өзімен бірге спорт киімдерін алып келген оқушылармен спортзалда сабақ өткізіп, оқушылардың қалған бөлігіне пайдалы тамақтану туралы қызықты дәріс оқыды.

Ашық кураторлық сағат

Ашық кураторлық сағатҚР Президенті Н.Назарбаевтың " Қазақстандыктардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру", Қазақстан халықына Жолдауы біздің университеттің оқу және тәрбие жұмысында белсенді түрде талқылануда. Студенттік ортада және куратор сабақтарында ҚР болашақ даму бағыты еліміздің өркендуіне жастардың әсер ету мүмкіндігі, бәсекеге қабілетті маман болу сұрақтары сияқты басқа да маңызды мәселелер қарастырылды. Мәселен, «Құқықтану» мамандығының 2 курс магистранттары Кинсфатер Артур мен Федосеева Екатерина 2018 жылдың 31 қазанында ҚР Президенті Жолдауының бағыттары бойынша ессе сонымен ұштасқан ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды.
Шара аясында бизнес және құқық факультетінде "Менің тандауым – мемлекеттік қызмет" Қазақстан Республикасының сот билігін жаңдандыру: жаңа көзқарастар", Бизнестің жол қартасы 2020 бағдарламасын қабылдау шетіндегі менің инновациялық бизнес – идеаларым","Қазіргі зандардың азаматтық устанымы", Жастарды қолдау – ҚР әлеуметтік саясаттың бағыты" тақырыбы бойынша сайысының қорытындысы жасалынды. Ю-18с топ студенті Агаева Арастуның "Менің тандауым – мемлекеттік қызмет" тақырыбында жасылған ессесі ең үздік деп танылды. Сондықтан – ақ, кураторлық сағат шетінде Ю-14, Д-15, Д-17с және Ю-18с топтар арасында студенттердің жолдау бойынша білімдерін тандау бағытында « Білгіштер турнирі» ойының өткізді. Ю- 14 тобы жеңіске жетті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL