Біз туралы

Көшібаева Дидар Ақанқызы
Сәттібаева Гүлжанат
Белоруссияда, Ресейде, Египетте, Қазақстанда өткен Халықаралық конкурстардың 6 (алты) дүркін Гран-при (Бас жүлде) иегері. VI Республикалық «Жас толқын» фестивалінің, «Ертіс толқыны» аймақтық конкурсының жеңімпазы, «Жастар Қазақстанның болашағы» студенттердің аймақтық конкурсының 5 (бес) дүркін жеңімпазы.
Ансамбль 15 жылдан асатын өзінің жолында, әр түрлі ауқымдардағы би фестивальдерінде (байқауларында) өзінің көшбасшылығын дәлелдеп, көрсетіп келеді. Шынымен де солай, өйткені ансамбльдің өзінің жүріп өткен тарихы, мол тәжірибесі бар!
Өнерге деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббат, ұжым жетекшісі Көшібаева Дидар Ақанқызының сан қырлы таланты мен хореограф ассистенті Сәттібаева Гүлжанат Әсетқызының табанды еңбегі, сондай-ақ ансамбль мүшелерінің зор ынта-жігері, «Жайна» хореографиялық ансамбліне әрқашан да биікте болуға көмектеседі.

 

ЖАЙНА


 Хореографиялық би ансаблі
 

"ЖАЙНА"

Халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы


ЖАЙНА

«Жайна» хореографиялық ансамблінің жетекшісі

Смагулова Азиза Оралхановна

 

Білімі: Жоғары. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Социологиялық факультеті

"Аққу" ансамблінің халық би әртісі

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Академическая к. 9, 322 кабинет

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


«Жайна» хореографиялық ансамблі 20 жылдан астам түрлі масштабтағы би фестивальдерінде(байқауларда) өз көшбасшылығын дәлелдейді: Белоруссия, Ресей, Египет, Қазақстанда халықаралық конкурстардың 6 дүркін Гран-при иегерлері. VI Республикалық "Жас толқын" фестивалі, "Ертіс толқыны" аймақтық байқауының жеңімпаздары, "Қазақстан жастары" аймақтық студенттер байқауының 5 дүркін жеңімпаздары.

Хореографияның негізгі бағыттары:

- би қойылымы

- би техникасының негізгі принциптері

- үйлестіру

- базалық қозғалыстарды зерттеу

- созу

- синхрондық

- конкурстарға дайындық

 


Сабақ күндері

«Жайна» хореографиялық ансамбль студиясында (322 каб):

Дүйсенбі: 15.30-18.00

Сейсенбі: 15.30-18.00

Бейсенбі: 15.30 -18.00


ЖАЙНА ЖАЙНА ЖАЙНА
ЖАЙНА ЖАЙНА ЖАЙНА

Ғылыми Кеңес

Ғылыми Кеңес ЖОО-ның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланатын және шешімдері қабылданатын жоғары оқу орнын алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады. ҚҚЭУ-дің Ғылыми кеңесі университеттің ең үздік профессорлар-оқытушылар құрамы мен студент жастар құрамынан тұрады.
Әлемнің ең беделді университеттері сияқты ҚҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесі мына мақсатта құрылған:
1.Мамандарды даярлауда жоғары сапаны қамтамасыз ету,
2.Ғылыми зерттеулер жүргізу,
3.Студенттерге тәрбие беру,
4.Қазақстан Республикасының білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Магистратура


Ішкі нормативтік әдістемелік құжаттама


Магистратураға түсушілер үшін өзекті ақпарат!

  • ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу кезінде (2 жыл оқу):
  • шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша Ағылшын, Неміс, Француз);;
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
  • оқу бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест.
  • бейіндік магистратураға түсу кезінде (1 немесе 1,5 жыл оқу):
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
  • оқу бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест.

КТ ерекшеліктерімен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады

https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/informatsiya-ob-itogakh-vstupitelnogo-ekzamena-po-yazykam-na-poluchenie-pvo/index.php

КТ қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай

  • Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін
  • КТ құны 8 292 теңгені құрайды
  • КТ үшін төлем КТ-ға өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі (Kaspi QR немесе банк картасы арқылы).

Магистратураға түсу үшін қандай баллдар бар

  • Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бағалау шкаласы

Тест түрлері

Блоктар

Тест тапсырмаларының нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Барлық ұпай

Шекті балл 

грантқа

ақылы

Шет тілі бойынша Тест

Тыңдау

Лексика-грамматикалық тест

Оқу

бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын / Неміс / Француз

50

50

кемінде 25

кемінде 25

Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест

Сыни ойлау

Аналитикалық ойлау

бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

30

30

кемінде 7

кемінде 7

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест

Пән 1

бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

30

30

кемінде 7

кемінде 7

Пән 2

бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

20

40

кемінде 7

кемінде 7

БАРЛЫҒЫ

130

150

кемінде 75

кемінде 50

  • Бейіндік магистратура үшін бағалау шкаласы

Тест түрлері

Блоктар

Тест тапсырмаларының нысаны

Тапсыру тілі

Тест саны

Барлық ұпай

Ақылы оқуға шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест

Сыни ойлау

Аналитикалық ойлау

бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

30

30

кемінде 7

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест

Пән 1

бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

30

30

кемінде 7

Пән 2

бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ / Орыс

20

40

кемінде 7

БАРЛЫҒЫ

80

100

кемінде 25

Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі

Құжаттардың негізгі пакеті:

  • өтініш (университетте толтырылады);
  • жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • кешенді тестілеудің электрондық сертификаты
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  • 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы QR кодымен медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  • IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша талап етілетін балы/деңгейі бар шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болса);
  • 1 папка, 2 конверт

Егер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болса, онда ол қалай есептеледі

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар тиісті шекті балдары бар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

  • ағылшын тілі: IELTS(АЙЛТС) / International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем), шекті балл-кемінде 6,0;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 543 балл;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 60;
  • Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 498;
  • неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (NiveauC1/C1 деңгейі);
  • француз тілі:test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome DALF (DALF), C1 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) - кемінде 50 балл).

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы аталған сертификаттардың бірі бар адамдарға 50 балл есептеледі.

КТ өтуден босататын қандай да бір жағдайлар бар ма

  • "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсетін тұлғалар, сондай-ақ "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттары болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады:
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорды емтихан) GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың үлгісі;
  • ӘҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификат .
  • Магистратураға "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына түсетін тұлғалар ӘШҚҚ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес балдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты (ГРЭДУЭЙТ мэнэджмент адмишен тест) болған кезде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.
  • Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ – ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға КТ-ның "шет тілі" (ағылшын тілі) тестілеу блогынан босатылады.

Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады

Оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:

  • Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9; (2 қабат, 260, 264 кабинет) мекен-жайы бойынша.
  • телефондар бойынша: 8 (7212) 44-15-88; +7 775 287 04 11
  • электрондық пошта арқылы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ДОКТОРАНТУРА PhD


 

Докторанттардың құқықтары мен міндеттері 

Ішкі нормативтік әдістемелік құжаттама

Докторантураға түсушілер үшін өзекті ақпарат!

 

Докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау мерзімі

  • 3- шілдеден 3 - тамыз аралығы

Докторантураға түсу үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет екендігі туралы анықтама

  • Оқуға түсуші өтініш береді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсырады (2 қабат, 260, 264 кабинет) .
  • Оның ішінде құжаттардың толық пакетін ұсыну және оларды сәйкестендіру кезінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу жүргізіледі.

          Докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу университеттің         қабылдау комиссиясының техникалық сүйемелдеуімен ғана жүргізіледі.

Докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады

  • «Магистр» дәрежесінің болуы.
  • Еңбек өтілі 9 айдан кем емес
  • Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуы

Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі

Құжаттардың негізгі пакеті:

  • өтініш (университетте толтырылады);
  • білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат (талап етілетін балл / деңгеймен);
  • қабылдау емтиханының нәтижелері бойынша электрондық сертификат;
  • QR коды бар электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  • кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты ұсынады;
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімін (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);;
  • 1 папка, 2 конверт, 2 файл

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар қандай бағдарламалар бойынша және қандай баллдармен қабылданады

Докторантураға түсушілер келесі бағдарламалар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты міндетті түрде ұсынады:

  • ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС)/International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) шекті балл – кемінде 5,5;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 460 балл;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 46;
  • Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 453;
  • неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (Niveau B2/B2 деңгейі);
  • француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise DALF (Далф), В2 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

Докторантураға түсушілер үшін қандай кіріспе сынақ өткізіледі

Оқуға түсу кезінде үміткер докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта тапсырады,  үш блоктан тұрады:

  • эссе жазу;
  • докторантурада оқуға дайындық тесті;
  • бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан сұрақтарына жауаптар.

Докторантураға түсу емтиханы қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай

  • 4-тамыздан 20-тамыз аралығы
  • Емтихан бағасы 21 072 теңгені құрайды
  • Докторантураға түсу емтиханы үшін төлем АЖ (KaspiQR немесе банк картасы арқылы) арқылы өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі.

Докторантураға түсу үшін қандай ұпайлар бар

  • Докторантураға түсу үшін бағалау

Тест түрлері

 

Барлық ұпай

Шекті балл

мемлекеттік тапсырысқа

ақылы

Эссе

250-300 сөз

20

75-тен кем емес

50-тен кем емес

Докторантурада оқуға дайындық тесті

ҰТО әзірлеген ТГО

30

бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан

3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билеті

50

Барлығы

 

100

Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады

Сұрақтар бойынша оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:

  • Қарағанды қ, Академическая көшесі 9; (2 қабат, 260, 264 кабинет)
  • Телефонадар нөмірі: 8 (7212) 44-15-88; +7 775 287 04 11
  • электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 


ҚҚЭУ материалдық-техникалық базасы

ҚҚЭУ 1966 жылы құрылды, жаңа оқу корпус 1980 жылы салынып 287364, 4 м2 оның ішінде бас корпус 16897, 6 м2, спортзал – 2659,7 м2, кітапхана – 2339,9 м2, асхана – 3209,5 м2, СМС – 1829,5 м2, блок «Б» - 1800,2 м2.

Университетте 3 жатақхана бар: жатақхана № 1 жалпы ауданы 3704,9 м2 мекен-жайы Академическая, 5 көшесі. Жатақхана № 2 оқу дәрісханаларымен бірлескен жалпы ауданы 4043,3 м2 мекен-жайы Академическая, 7 көшесі. Жатақхана № 4 жалпы ауданы 2128,9 м2 мекен-жайы Комиссарова, 32 көшесі.

Қарқаралыда 100 орынға арналған 3,1649 га жер телімімен «Кооператор» спорттық-сауықтыру лагері орналасқан. Лагерьде 50 орындық 2 қабатты жатақхана және әрқайсысының ауданы 66 м2 болатын 9 коттедж бар.

Жазғы маусымда толық технологиялық жабдықтармен жабдықталған асхана бар. Көрсетілген материалдық инфрақұрылымды ҚҚЭУ қамту үшін университет ашылған күннен бастап, әлі де кооператив институтының 60-шы жылдарында ӘШБ бөлімі құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Ол білім беру қызметтерін ұсынады.

ӘШБ 107 адам қызмет етеді. Барлығы мамандық бойынша қызметте. 5 адамның жоғары білімі бар, 1 – профессор т.ғ.к.

Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын ҚҚЭУ материалдық-техникалық базасы жеткілікті және университеттің білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.

Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайы

ҚҚЭУ-дің Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайының жетекшісі - шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Қанатты әйел» Бірінші Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің жүлдегері, "Нағыз әйел" республикалық байқауының номинанты
Иманбаева Балдырған Дартайқызы
ҚҚЭУ-дің этномұражайы мен этнотеатрының қызмет етуі жалпыадамзаттық бөлігі ретіндегі ұлттық мәдениеттің негізінде студенттердің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайды құратын "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы іспетті.

Мақсаты: студенттерді қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық мәдениетке, халықтың салт-дәстүрлеріне баулу және тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ұлттық киімдер тарихын зерделеу, ұлттық киімдер арқылы студент жастарға этномәдени тәрбие беру.
2. Стденттер, жастар және өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ұраны: Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа.
Ұстанымы: Ұлттық киімдерді зерделеу, оны білу, ой елегінен өткізе отырып, жиған білімін барлық әлеммен бөлісу.

 

   

Эпохальные события:

Кезеңдік оқиғалар:
2005 - Наурыз-2005 мерекелік кешінде этнотеатрдың тұсаукесері, " XIX ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімдері", «Киім арқылы көрінген қазақ әйелінің өмірлік жолы» атты бағдарламаларымен ҚҚЭУ-дің 40-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;


2006 - «Хабар» бағдарламасында этнотеатр және этномұражай туралы бейнебаян түсірілді; Қарағанды қаласының 70-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;

2007 - «ЭТНО-ЭРАТО» атты Ұлттық киімдердің VIII Халықаралық жоғары сән байқауына қатысуы (Ресей, Мәскеу). "Ең үздік шығыс киімі" номинациясында 3 орын; «Сән және дизайн: тарихи тәжірибе - жаңа технологиялар» атты Халықаралық конференциясында ҚҚЭУ этномұражайының қатысуы (Ресей, Санкт-Петербург); Ресей этнографиялық мұражайымен әріптестігінің басталуы (Санкт-Петербург қ.), яғни мұражай жұмысын ұйымдастыру, мұражай ісімен таныстыру және оқыту, тарихи ескерткіш іспетті қазақ ұлттық киімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;


2008 – «Караван» республикалық газетінде ҚҚЭУ этнотеатры мен этномұражайының ұжымы туралы мақала; "Ұрпақтар сабақтастығы" жаңа бағдарламаларының қойылымы, университеттің ұжымдық мерекелік кештерінде "Жаңа жыл", «Наурыз-2008» «Тарих керуені» атты бағдарламамен қатысу.

Қойылым алдында

Этнотеатр және Этномұражай ұлттық мәдениеттен сусындаған болашақ мамандарды даярлауда жоо-ның жаңашылдық қызметінің базасы ретінде қалыптасты. ҚҚЭУ мұражайы, тек қазақ ұлттық киімдерін қалыпқа келтіру, сақтау және қазақ ұлттық киімдерін зерделеу орны ғана емес, ол мәдени, білім беру, ақпараттық және демалыс орталығына айналды. Этномұражайда университет пен колледждің қонақтарына, студенттеріне 100-ден аса экскурсия өткізілді. 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедраларының оқытушылары (Келмағамбетова Ш.С., Билял Б.К., Баербекова А.Е.) мен шет және орыс тілдері кафедраларының оқытушылары (Иманбаева Б.Д., Бейсембек А.С.) "Елтаным" тақырыбын осы этномұражайда өткізді.

ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары этномұражайда


Қарағанды экономикалық университетінің ұлттық киімдер этномұражайын құруда біз Еуропалық мұражай форумының директоры К.Хадсонның көзқарасын ұстандық. Оның пікірінше, мұражайдың ең басты мақсаты келушілердің ойынан шығу: «Жақсы мұражай - ол - кірген кезден гөрі, шыққан кездегі өзіңді жақсы сезініп шыққан мұражай».
Педагогикалық қызметтерге бағытталғандықтан болар, мұражайды жиі мектеппен салыстырады. Бірақ, мектеп қарапайым мектеп емес. Мұражайға келуші білім ғана алып қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына себепкер болады. Бұл мектепті аяқтау мүмкін емес, өйткені адам мұражай залдарын аралай отырып, өзі үшін белгісіз нәрсені көріп, бұл белгісізді адамзаттың данасы құрғанын түсініп жаңа дүние есігін ашады.

Этномұражай экспонаттары

ҚҚЭУ этномұражайы қарамағында «Өткеннің нысандары» үйірмесі жұмыс істейді, маңызды аспектілері келесілер болып табылады:
Тіл дамыту.
1. Эстетикалық бағыт (көркемдікті сезіну және шығармашылық бастауларын дамыту).
2. Тарихи-көркемдік бағыт (өнер тарихын зерделеу).
3. Әлеуметтік-нұсқаулық бағыт (Өнер - әлеуметтік бейімделу құралы)
«Өткеннің нысандары» үйірмесінің мақсаттары:
• ұлттық қолданбалы өнерге деген терең де, тұрақты қызығушылықты дамыту;
• ұлттық қолданбалы өнер шығармаларының мәдени-тарихи контекстік қалыптасуы мен болмысын анықтау дағдыларына үйрету;
• студенттің жеке адам болып қалыптасуының, олардың тұлғалық ерекшеліктерін оптималды дамытуға септігін тигізу, шынайы өмірге шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру.
• «Өткеннің нысандары» үйірмесіне қатысу студенттерге келесі дағдылар мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді:
• бағдарлық ой-санасындамыту;
• өзіндік ой пікірін түйіндеу;
• халықтың материалдық және рухани құндылықтарының эстетикалық, көркемдік жетістіктерін түйсіну;
• қоршаған ортаға деген белсенді шығармашылық қарым-қатынас.
Үйірме мүшелері тәрбие жұмысының белсенді субъектілері болып табылады: олар үйірме отырыстарында зерделенген мұражай экспонаттарын көрсетуде экскурсия жұмыстарын жүргізеді.

 

Экскурсия жүргізушінің Оңтүстік Қазақстан әйелдерінің сұламасы туралы әңгімесі Экскурсия жүргізуші мұражайға келушілерге сәукелеге тігілетін шашақпен таныстыруда

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімі туралы ақпарат

 

Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімі университет ректорының 06.09.2007-дегі №295-ок бұйрығы негізінде Персоналды басқару департаментінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған.
Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімінің жетекшісі Персоналды басқару департаментінің директорына тікелей бағынады. Бөлім құрамына канцелярия, машиналық жазба бюросы, мұрағат кіреді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1. университетте құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру;
2. бірыңғай тәртіптегі құжаттаманы қамтамасыз ету, құжаттамамен жұмыс істеуді ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және оны жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және оларды университеттің ведомстволық мұрағатына жіберу үшін даярлау; университеттегі құжат айналымының көлемін азайту; құжаттармен жұмыс кезінде жаңа технологиялық үрдістерді әзірлеу мен оларды енгізу және құжат құрамы мен ақпараттық көрсеткіштердің бір ретке келтірілуін есепке ала отырып, ұйымдық және есептегіш техникаларды пайдалану негізінде құжаттық ақпараттармен жұмыс істеу.
Бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:
• құжаттармен басқы өңдеу жұмыстарын, алдын-ала қарастыру, тіркеу, есепке алу, сақтау, құжаттардың жіберілуі және жеткізілуі және оларды қабылдау, факс арқылы құжаттардың жіберілуі тәрізді жұмыстарын жүргізеді;
• университет басшылығымен кіріс құжаттарының уақтылы қарастырылуын ұйымдастырады, университет басшылығымен қол қоятын құжаттардың рәсімделуіне бақылау жасайды;
• құжаттардың уақтылы орындалуына қадағалау жүргізеді, университет басшылығына құжаттардың орындалу нәтижелері туралы уақтылы ақпарат беріп отырады;
• бақылаушы-анықтамалық картотека құрады және оны жүргізеді; құжаттарды теріп басу, көшірме жасау және оларды көбейту сияқты жұмыстарын ұйымдастырады; іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтарды және құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару бойынша басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлейді;
• университеттің істер номенклатурасын құрады, істердің жедел сақталуын және белгіленген тәртіпте жеке мұрағатқа жөнелткенге дейін олардың пайдалануын қамтамасыз етеді; құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру және құжаттардың орындалу тәртібін арттыру бойынша шараларды ұйымдастырады; құрылымдық бөлімшелердегі істердің дұрыс құрылуы мен рәсімделуіне бақылау жүргізеді, сақталатын және жойылатын құжаттарды таңдау мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізеді;
• бөлім қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады, құжаттама жүргізу мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша жиналыс-семинарлары мен кеңестер өткізеді;
• электронды құжат айналымы жүйелеріндегі жұмысты ұйымдастырады.
Шығармашылық қызметінің болашағы – басқарудың барлық салаларын құжаттамамен қамтамасыз етуде университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылуына мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың кешенді енгізілуі негізінде іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыру жүйесіне енгізу және оның мемлекеттік тілге көшірілуі.
Университетте басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандыру жобасын жүзеге асыру үшін Электронды құжат айналымының Тұжырымдамасы мен электронды құжат айналымын ұйымдастыру Ережесі әзірленді.

Бөлім жетекшісі – п.ғ.д., доцент Мүлікова Салтанат Алтайқызы
Аға инспектор – Луконина Александра Александровна
Іс қағаздарын жүргізуші - Каницкая Тамара Иосифовна
Мұрағат меңгерушісі – Бикенова Сәния Исабекқызы
Тел. факс 441632

 

 

Кафедра «Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу»

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МИПАТТАМАСЫ

БІЗДІҢ ТҮЛЕКЕУР

БАЙЛАНЫСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ



КАФЕДРА ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

«Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу» кафедрасы Қарағанды кооперативтік институты құрамында есеп-экономика факультеті негізінде 1982 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. 1986 жылдың ақпан айында ЭАМӨ кафедрасы атын «Ақпараттық-есептеу жүйелері» деп ауыстырды. Қазіргі кезде кафедраны э.ғ.к., профессор Омарова Ш.Е. меңгереді.
Кафедра міндеті ақпараттық жүйелер мен технологиялар өрісінде жоғары квалификацияланған мамандарды дайындау.
Кафедра даму стратегиясы студенттер мен оқытушылар білім беру, зерттеу, тәжірибелік қызметін бір ортақ процеске қосудан жаңа білім беруге және түлектер арасында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Оған студенттерді қабылдау сапасының өсуі мен оқытуды жақсарту арқылы жетуге болады.
Кафедраның еңбек келісімшарттары түзілген жалпы мұғалімдер саны 28 адамды құрайды. Толық ставкаға жұмыс істейтін ПОҰ саны – 19 адам, 0,25 және 0,5 ставкаға – 9 адам. Орташа жас – 36 жас. Ғылым кандидаттары мен докторлары – 11 адам, олардың ортақ саннан пайыздық үлесі – 47,8%. Ғылым докторлары – 4 адам, пайыздық үлесі – 17,4%. Ғылым кандидаттары – 7 адам, пайыздық үлесі – 30,4%. Сабақты мемлекеттік тілде жүргізетін оқытушылар саны – 9. Барлық оқытушылар базалық білімге ие.
Кафедра екі мамандық бойынша дайындық жүргізеді:
1) 5В070300 – Ақпараттық жүйелер
2) 5В070400 – Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру
Кафедра қазіргі таңда жаңа білім беру ресурстарын иеленуде. Аудиторлық қор, компьютерлік сыныптар мен оқу-әдістемелік құралдар оқу процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келеді және білім беру бағдарламалары бойынша дайындау мақсатына жауап береді.
Компьютерлік сыныптар жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілген және оқу процесі мен студенттердің және оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметтеріне толықтай сәйкес келеді және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға жауап береді.
Сабақтарды өткізу кезінде кафедрада тестілеу бағдарламалары, оқыту жүйелері, автоматтандырылған есептер жинақтары, «1С бухгалтерия», «Алтын», «Лука» секілді мәселеге-бағдарланған пакеттер мен электрондық оқулықтар қолданылады.
Кафедра құрамына 5 (252 м2, барлығы 68 компьютер) компьютерлік сыныптарды қосатын бағдарламалар пакеттерін дайындайтын лаборотория кіреді. Кафедра бойынша компьютерлер жалпы саны - 68.
АЕЖ кафедрасы жас мамандарды кәсіби дайындаумен ғана емес, соған қоса жоғары моральдік қағидаларын бойына сіңірумен де айналысады. Барлық оқытушылар дерлік студенттік топтар кураторлары.
Кафедра ШЫҰ университетімен IT мамандарын дайындау бойынша білім беру бағдарламасына қатысады. 2010 жылы 19 түлек ШЫҰУ бағдарламасы бойынша магистратураға түсіп, Ресей Федерациясының, атап айтқанда Астрахан мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптика зерттеу университетінде білім алады.
Кафедрада жыл сайын информатика мен ақпараттық технологияларға арналған студенттер арасында «Брейн-рингтер», «Өз ойыны», сонымен қатар тәрбиелік сипаттағы «Күзгі бал», «Соңғы қоңырау» атты іс-шараларын ұйымастыру дәстүрге айналды.
АЕЖ кафедрасы жүйелі түрде түлектердің жұмыспен қамтылуын мониторингілеп отырады. Кафедрада мамандық түлектерінің электрондық базасы бар, ол әр кез жаңарып отырады, аналитикалық жазбаларда кафедра жұмысының жылдық жоспарына түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша жоспар орындалуына талдау жасалынады. Университетте жыл сайын жетекші фирмалар, кәсіпорындар мен аудандық ұйымдар басшыларының шақыруымен жұмыспен қамтылу жәрмеңкелері өтеді.
2013 жылы түлектерді жұмыспен қамту пайызы 87% құрап отыр.


Мекен жайы: Қарағанды Академическая көш, 9

 

Телефон автоқоңырақ шалуда: 44-16-24

44-16-34

44-15-68

 

 

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Біздің түлектер

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Академиялық даму департаменті оқу үрдісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, мониторинг жасауды және сапасын бақылауды қамтамасыз ететін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өзіндік бөлімшесі.
ЖОО-ның оқу үдерісін сәйкес деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын үйлестіру, сонымен қатар оқу-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультативтік қызметін және университеттегі оқу үрдісі мен білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету Академиялық даму департаментінің негізгі міндеттері болып табылады.

Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаментінің басқарушысы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Даниярова Маржан Тасболатқызы.
Байланыс телефондары: Қарағанды қ., Академиялық көш., 9, 302-кеңсе.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс: сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі күні сағ. 9.00-ден сағ.14.00-ге дейін.
Телефондары: 8 (7212) 441624 қосымша 108, 8 (7212) 441600

Электронды адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сонымен қатар, сізге департамент директорының орынбасары көмектесе алады:  
Глазунова Светлана Борисовна – күндізгі оқыту түрі бойынша (№264-кеңсе, тел.44-16-24 ішкі 310, электронды пошта: glazunova_sb@ mail.ru)

Департамент құрамына 3 қызмет бөлімі кіреді:  
1) Тіркеу бөлімі, басқарушысы Лопата Анна Николаевна, №302-каб., тел. 441624 ішкі 137.
Тіркеу бөлімі – Таңдау бойынша берілетін пәндерді тіркеуден бастап, тізімдемелерді өңдеу мен сақтауға дейін студенттердің оқудағы жетістіктері туралы барлық тарихын тіркейтін, студенттерге қолдау көрсететін бөлім. Студенттердің білімін бақылаудағы барлық түрлердің ұйымдастырылуын және оның академиялық рейтингісін бөлуді қамтамасыз етеді.
ТТіркеу бөлімінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
-Элективті пәндерге тіркеу үрдісін басқару;
-Студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру;
-Оқып білім алушының академиялық рейтингісін бөлу;
-Студенттердің сабақ үлгерімі туралы жазбаларды қалыптастыру және сақтау;
-Студенттерді сабақ үлгерімі туралы есеп дайындау;
-Сабақ үлгерімі төмен не үлгермейтін студенттердің тізімін құрау;
-Жазғы семестрді ұйымдастыру;
-оқу жүйесінде оқу топтарынның ағымын қалыптастыру.

2) Сиргебаева Жанара Актайқызы - оқу үрдісін жоспарлау қызметінің жетекшісі, офис 300, байланыс телефоны 8 (7212) 441634 қос. 172
- кафедралардың оқу жүктемелерінің құрылымы мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларымен сәйкестігін бақылау;
- штаттық кестені бекіту үшін құжаттарды дайындау;
- оқу сабақтары, емтихандар кестесінің құру, сабақ жүргізу мониторингі;
- кафедрадағы оқытушыларға жүктелген сағаттардың жоспарлануы және олардың нақты орындалу барысын бақылау;
- мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыру;
-оқу жүйесін әдістемемен жетілдіру және ұйымдастыру (мамандықтардың ҚР ЖББМС, типтік бағдарламамен қамтамасыз етілуі);
- дәрісханалық қордың бөлінуін және жүйелі түрде қолданылуын бақылау;
- ҚР БҒМ-мен және басқа да ұйымдармен оқу жүйесінің барысы жайында хат алмасу;
- ұйымдастыру барысы, диплом беруді тіркеу.

3) Тұралықова Кенжегүл Дастанқызы - студенттердің құжаттарын басқару қызметінің жетекшісі, офис 61-62, байланыс телефоны 8 (7212) 441624 қос. 6560
- Қазтұтынуорталығының статистикалық бөлімі (Ф.З-НК), ҚР БҒМ статистикасына есеп беруді ұсыну және дайындығын қамтамасыз ету;
- күндізгі және сырттан оқитын студенттердің контингентінің алға жылжуын және есепке алынғаны туралы есептерді жүйелі бақылауға алу және студенттердің контингенті туралы мәлімет беру;
- қабылдау, ЖОО-да оқып жатқан мерзім ішінде студенттердің жеке құжаттарын қайта қарау және рәсімдеу;
- сұраныс жасаған ұйымдар үшін жауап дайындау (ҚР БҒМ, ҰҚК, қаржы полициясы және т.б. ұйымдарға);
- оқуға қабылданғаны, оқудан шығарылғаны, қайта қабылданғаны, басқа ЖОО ауысуы, басқа ЖОО-нан ауысып келгендігі туралы өтініштер мен ұсыныстарды қайта қарау, академиялық демалысқа кеткендігін рәсімдеу және т.б.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL