Жаңа экономика және жүйелік талдау ғылыми зерттеу институты Қазтұтынуодағы Қарағанды эконмикалық университетінің базасында қызмет істейді. Аталған ғылыми құрылым 2010 жылдың 28 қыркүйегінде ғылыми кеңестің отырысында №1 хаттама бойынша құрылды. Ректордың №42/1 2010 жылдың 1 қазанындағы институт туралы бұйрығы шықты.
ЖЭЖТ ҒЗИ экономика саласындағы әр түрлі маңызды мәселелер бойынша, экология, инновация, басқа салалардағы мәселелер мен инновациялар туралы, Университеттегі ғылыми істер, жұмыстарды атқаруға бағытталған. ЖЭЖТ ҒЗИ құрылымы: 3 экономика ғылымдарының докторы, 1 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 техникалық ғылымдарының кандидаты, 4 ғылыми дәрежесі жоқ ғылыми қызметкерлері мен 1 лаборанттан тұрады.
ЖЭЖТ ҒЗИ екі ғылыми құрылым мен 1 ғылыми офистен тұрады. 1. Инновациялық дамудағы фундаменттік зерттеудегі ғылыми бөлім. 2. Бизнес-коммуникация, маркетингтік зерттеу бойынша ғылыми бөлім. 3. «Бизнес-инкубатор технологиялық» ғылыми офисі. «Бизнес-инкубатор технологиялық» ғылыми офисінің басты мақсаты, студенттерді кәсібіи қызығушылықтарын арттырып, оларды ғылыми инновациялық жобалар құрастыру, кәсіпкерлік қызметті жетілдіру мен ғылыми ізденістерді жүзеге асыруға бағытталған. Э.ғ.д., професср Айнабек Қ.С. жетекшілігмен ғылыми мектеп жұмыс істейді. Ол Қазақстандағы экономикалық-әлеуметттік даму мен нарықтық қоғамға бағытталған ғылыми ізденістік жұмыстарды атқарады.
Институттың ғылыми жұмыстары келесі бағдарламалар бойынша реттеліп отырады. - «Глобализация шартындағы экология мен экономиканың гармонизациясы», жұмыстың қорытындысы ретінде коллективтік монографиялық «Глобализация шартындағы экология мен экономиканың гармонизациясы» жұмысын айтуға болады. - «Қарағанды облысында индустриалды –инновациялық экономикалық дамуындағы адам капиталы» тақырыбында ғылыми монграфия «Қарағанды облысында индустриалды –инновациялық экономикалық дамуындағы адам капиталы» ғылыми жұмысы басылып шықты. - «Қазақстанның ғылыми индустриалды-инновациялық дамуындағы моноқалаларда адам капиталының дамуы, методолгиясы мен практикасы» тақырыбында ғылыми жұмыстың жазылуы. Оны Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі қаржыландырды. Сонымен қатар, ЖЭЖТ ҒЗИ хозшаруашылық жобалар бойынша әртүрлі конференция мен конкурстарды өткізіп тұрады.