Біздің марапаттар
Біздің марапаттар – бұл кубоктар, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары. Бас жүлде, дипломдар, арнайы жүлделер иеленген. Бірақ біз, әсіресе, біздің көрермендеріміздің алдында өнер көрсеткенімізді мақтан тұтамыз.
Біздің марапаттар – бұл кубоктар, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары. Бас жүлде, дипломдар, арнайы жүлделер иеленген. Бірақ біз, әсіресе, біздің көрермендеріміздің алдында өнер көрсеткенімізді мақтан тұтамыз.
|
Ансамбль жылдар бойы тұрақты жұмыс істеп жатыр р епертуарларын әр уақытта жаңартып және толықтырып отырады. Ансамбль репертуарын қазақ, шығыс, қазіргі билер құрайды. «Жайна» ансамблінің қатысушылары болашақ байқауларды әр уақытта тағатсыз күтуде. Әр байқау ансамбль мүшелерінің үмітін қол жеткізбес армандарының орындалуына жетелейді. Олар тек қана өздерін емес өз елін, өз қаласын көрсетеді. "Жайна" ансамблінің – жетістіктері: |
Алға! Жетістікке қарай ұмтыл! 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетінде осы ұранмен «Жайна» ансамблі ұйымдастырылған еді. Ансамбль құрамында қазір 40 адам билейді, олардың 20 - негізгі құрамда, қалған балалар даярлайтын топта шұғылданады.
Ансамблді құрушы және оны рухтандырушы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы э.ғ.д., профессор, жас ұрпақты отан сүйгіштікке және биік мәдениеттілікке, әлемдік рухқа тәрбиелеуші. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы білімді, мәдени және озық мамандар даярлап шығуына барлық жағдай жасауда. Студенттер жетекшілерін өте жақсы көреді және ҚЭУ-де оқитындарын мақтан етеді. Өйткені, ол - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына бағаланбас үлес қосуда
«Жайна» ансамблін құрушы және жетекшісі Савельева Татьяна Владимировна. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қоса отырып, үлкен жетістіктерге жеткендігі үшін 2000 жылы әртістік «Дарынды шебер» номинациясының сыйақысымен марапатталды, 2002 жылы «Жыл Хореографы», 2002 жылдың наурыз айында «Наурыздың 100 жақсы әйелдер» атты номинациясы бойынша облыс Әкімінің алғыс хатымен, сонымен бірге 2005 жылы облыстық мәдениет Департаментінің мадақтау хатымен марапатталды. Қарағанды қаласының мәдениетіне және көркемөнерге үлес қосқаны үшін облыс Әкімінің мадақтамасымен, ҚР Конституциясының 10-жылдық мерей тойына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың №1633 25 тамыз 2005 жылғы бұйрығымен мемлекеттік медальмен марапатталды. Татьяна Владимировна Испанияда, Туркияда, Мысырда, Германияда, Швецияда, Финляндияда, Үндістанда, Белорусияда, Ресейде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты.
2006 жылдан бастап ансамбльде ассистент хореограф Вицентий Юлия Николаевна жұмыс істейді. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қосқандығы үшін облыс Әкімінің алғыс хатымен, 2007 жылы Санкт Петербург қаласында өткен «Сияние звезд», «Халықаралық Рождество» фестиваль – байқауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына үлес қосқандығы үшін жоғарғы дәрежедегі педагогикалық кәсіби лауреаттардың дипломымен марапатталды.
Көшібаева Дидар Ақанқызы
Сәттібаева Гүлжанат
Белоруссияда, Ресейде, Египетте, Қазақстанда өткен Халықаралық конкурстардың 6 (алты) дүркін Гран-при (Бас жүлде) иегері. VI Республикалық «Жас толқын» фестивалінің, «Ертіс толқыны» аймақтық конкурсының жеңімпазы, «Жастар Қазақстанның болашағы» студенттердің аймақтық конкурсының 5 (бес) дүркін жеңімпазы.
Ансамбль 15 жылдан асатын өзінің жолында, әр түрлі ауқымдардағы би фестивальдерінде (байқауларында) өзінің көшбасшылығын дәлелдеп, көрсетіп келеді. Шынымен де солай, өйткені ансамбльдің өзінің жүріп өткен тарихы, мол тәжірибесі бар!
Өнерге деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббат, ұжым жетекшісі Көшібаева Дидар Ақанқызының сан қырлы таланты мен хореограф ассистенті Сәттібаева Гүлжанат Әсетқызының табанды еңбегі, сондай-ақ ансамбль мүшелерінің зор ынта-жігері, «Жайна» хореографиялық ансамбліне әрқашан да биікте болуға көмектеседі.

Хореографиялық би ансаблі
|
«Жайна» хореографиялық ансамблі 20 жылдан астам түрлі масштабтағы би фестивальдерінде(байқауларда) өз көшбасшылығын дәлелдейді: Белоруссия, Ресей, Египет, Қазақстанда халықаралық конкурстардың 6 дүркін Гран-при иегерлері. VI Республикалық "Жас толқын" фестивалі, "Ертіс толқыны" аймақтық байқауының жеңімпаздары, "Қазақстан жастары" аймақтық студенттер байқауының 5 дүркін жеңімпаздары.
Хореографияның негізгі бағыттары:
- би қойылымы
- би техникасының негізгі принциптері
- үйлестіру
- базалық қозғалыстарды зерттеу
- созу
- синхрондық
- конкурстарға дайындық
Сабақ күндері
«Жайна» хореографиялық ансамбль студиясында (322 каб):
Дүйсенбі: 15.30-18.00
Сейсенбі: 15.30-18.00
Бейсенбі: 15.30 -18.00
|
Ғылыми Кеңес ЖОО-ның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланатын және шешімдері қабылданатын жоғары оқу орнын алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады. ҚҚЭУ-дің Ғылыми кеңесі университеттің ең үздік профессорлар-оқытушылар құрамы мен студент жастар құрамынан тұрады. |
|

Ішкі нормативтік әдістемелік құжаттама
Магистратураға түсушілер үшін өзекті ақпарат!
КТ ерекшеліктерімен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады
КТ қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
Магистратураға түсу үшін қандай баллдар бар
|
Тест түрлері |
Блоктар |
Тест тапсырмаларының нысаны |
Тапсыру тілі |
Тест саны |
Барлық ұпай |
Шекті балл |
|
|
грантқа |
ақылы |
||||||
|
Шет тілі бойынша Тест |
Тыңдау Лексика-грамматикалық тест Оқу |
бір дұрыс жауапты таңдау |
Ағылшын / Неміс / Француз |
50 |
50 |
кемінде 25 |
кемінде 25 |
|
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест |
Сыни ойлау Аналитикалық ойлау |
бір дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
30 |
30 |
кемінде 7 |
кемінде 7 |
|
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест |
Пән 1 |
бір дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
30 |
30 |
кемінде 7 |
кемінде 7 |
|
Пән 2 |
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
20 |
40 |
кемінде 7 |
кемінде 7 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
130 |
150 |
кемінде 75 |
кемінде 50 |
|||
|
Тест түрлері |
Блоктар |
Тест тапсырмаларының нысаны |
Тапсыру тілі |
Тест саны |
Барлық ұпай |
Ақылы оқуға шекті балл |
|
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест |
Сыни ойлау Аналитикалық ойлау |
бір дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
30 |
30 |
кемінде 7 |
|
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша Тест |
Пән 1 |
бір дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
30 |
30 |
кемінде 7 |
|
Пән 2 |
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау |
Қазақ / Орыс |
20 |
40 |
кемінде 7 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
80 |
100 |
кемінде 25 |
|||
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
Егер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болса, онда ол қалай есептеледі
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар тиісті шекті балдары бар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы аталған сертификаттардың бірі бар адамдарға 50 балл есептеледі.
КТ өтуден босататын қандай да бір жағдайлар бар ма
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:

Докторантураға түсушілер үшін өзекті ақпарат!
Докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау мерзімі
Докторантураға түсу үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет екендігі туралы анықтама
Докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу университеттің қабылдау комиссиясының техникалық сүйемелдеуімен ғана жүргізіледі.
Докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады
Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі
Құжаттардың негізгі пакеті:
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар қандай бағдарламалар бойынша және қандай баллдармен қабылданады
Докторантураға түсушілер келесі бағдарламалар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты міндетті түрде ұсынады:
Докторантураға түсушілер үшін қандай кіріспе сынақ өткізіледі
Оқуға түсу кезінде үміткер докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта тапсырады, үш блоктан тұрады:
Докторантураға түсу емтиханы қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай
Докторантураға түсу үшін қандай ұпайлар бар
|
Тест түрлері |
|
Барлық ұпай |
Шекті балл |
|
|
мемлекеттік тапсырысқа |
ақылы |
|||
|
Эссе |
250-300 сөз |
20 |
75-тен кем емес |
50-тен кем емес |
|
Докторантурада оқуға дайындық тесті |
ҰТО әзірлеген ТГО |
30 |
||
|
бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан |
3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билеті |
50 |
||
|
Барлығы |
|
100 |
||
Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады
Сұрақтар бойынша оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
ҚҚЭУ 1966 жылы құрылды, жаңа оқу корпус 1980 жылы салынып 287364, 4 м2 оның ішінде бас корпус 16897, 6 м2, спортзал – 2659,7 м2, кітапхана – 2339,9 м2, асхана – 3209,5 м2, СМС – 1829,5 м2, блок «Б» - 1800,2 м2.
Университетте 3 жатақхана бар: жатақхана № 1 жалпы ауданы 3704,9 м2 мекен-жайы Академическая, 5 көшесі. Жатақхана № 2 оқу дәрісханаларымен бірлескен жалпы ауданы 4043,3 м2 мекен-жайы Академическая, 7 көшесі. Жатақхана № 4 жалпы ауданы 2128,9 м2 мекен-жайы Комиссарова, 32 көшесі.
Қарқаралыда 100 орынға арналған 3,1649 га жер телімімен «Кооператор» спорттық-сауықтыру лагері орналасқан. Лагерьде 50 орындық 2 қабатты жатақхана және әрқайсысының ауданы 66 м2 болатын 9 коттедж бар.
Жазғы маусымда толық технологиялық жабдықтармен жабдықталған асхана бар. Көрсетілген материалдық инфрақұрылымды ҚҚЭУ қамту үшін университет ашылған күннен бастап, әлі де кооператив институтының 60-шы жылдарында ӘШБ бөлімі құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Ол білім беру қызметтерін ұсынады.
ӘШБ 107 адам қызмет етеді. Барлығы мамандық бойынша қызметте. 5 адамның жоғары білімі бар, 1 – профессор т.ғ.к.
Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын ҚҚЭУ материалдық-техникалық базасы жеткілікті және университеттің білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.
ҚҚЭУ-дің Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайының жетекшісі - шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Қанатты әйел» Бірінші Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің жүлдегері, "Нағыз әйел" республикалық байқауының номинанты
Иманбаева Балдырған Дартайқызы
ҚҚЭУ-дің этномұражайы мен этнотеатрының қызмет етуі жалпыадамзаттық бөлігі ретіндегі ұлттық мәдениеттің негізінде студенттердің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайды құратын "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы іспетті.
Мақсаты: студенттерді қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық мәдениетке, халықтың салт-дәстүрлеріне баулу және тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ұлттық киімдер тарихын зерделеу, ұлттық киімдер арқылы студент жастарға этномәдени тәрбие беру.
2. Стденттер, жастар және өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ұраны: Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа.
Ұстанымы: Ұлттық киімдерді зерделеу, оны білу, ой елегінен өткізе отырып, жиған білімін барлық әлеммен бөлісу.
![]() |
![]() |
Эпохальные события:
Кезеңдік оқиғалар:
2005 - Наурыз-2005 мерекелік кешінде этнотеатрдың тұсаукесері, " XIX ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімдері", «Киім арқылы көрінген қазақ әйелінің өмірлік жолы» атты бағдарламаларымен ҚҚЭУ-дің 40-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;
2006 - «Хабар» бағдарламасында этнотеатр және этномұражай туралы бейнебаян түсірілді; Қарағанды қаласының 70-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;
2007 - «ЭТНО-ЭРАТО» атты Ұлттық киімдердің VIII Халықаралық жоғары сән байқауына қатысуы (Ресей, Мәскеу). "Ең үздік шығыс киімі" номинациясында 3 орын; «Сән және дизайн: тарихи тәжірибе - жаңа технологиялар» атты Халықаралық конференциясында ҚҚЭУ этномұражайының қатысуы (Ресей, Санкт-Петербург); Ресей этнографиялық мұражайымен әріптестігінің басталуы (Санкт-Петербург қ.), яғни мұражай жұмысын ұйымдастыру, мұражай ісімен таныстыру және оқыту, тарихи ескерткіш іспетті қазақ ұлттық киімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
2008 – «Караван» республикалық газетінде ҚҚЭУ этнотеатры мен этномұражайының ұжымы туралы мақала; "Ұрпақтар сабақтастығы" жаңа бағдарламаларының қойылымы, университеттің ұжымдық мерекелік кештерінде "Жаңа жыл", «Наурыз-2008» «Тарих керуені» атты бағдарламамен қатысу.
Қойылым алдында
Этнотеатр және Этномұражай ұлттық мәдениеттен сусындаған болашақ мамандарды даярлауда жоо-ның жаңашылдық қызметінің базасы ретінде қалыптасты. ҚҚЭУ мұражайы, тек қазақ ұлттық киімдерін қалыпқа келтіру, сақтау және қазақ ұлттық киімдерін зерделеу орны ғана емес, ол мәдени, білім беру, ақпараттық және демалыс орталығына айналды. Этномұражайда университет пен колледждің қонақтарына, студенттеріне 100-ден аса экскурсия өткізілді. 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедраларының оқытушылары (Келмағамбетова Ш.С., Билял Б.К., Баербекова А.Е.) мен шет және орыс тілдері кафедраларының оқытушылары (Иманбаева Б.Д., Бейсембек А.С.) "Елтаным" тақырыбын осы этномұражайда өткізді.
ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары этномұражайда
Қарағанды экономикалық университетінің ұлттық киімдер этномұражайын құруда біз Еуропалық мұражай форумының директоры К.Хадсонның көзқарасын ұстандық. Оның пікірінше, мұражайдың ең басты мақсаты келушілердің ойынан шығу: «Жақсы мұражай - ол - кірген кезден гөрі, шыққан кездегі өзіңді жақсы сезініп шыққан мұражай».
Педагогикалық қызметтерге бағытталғандықтан болар, мұражайды жиі мектеппен салыстырады. Бірақ, мектеп қарапайым мектеп емес. Мұражайға келуші білім ғана алып қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына себепкер болады. Бұл мектепті аяқтау мүмкін емес, өйткені адам мұражай залдарын аралай отырып, өзі үшін белгісіз нәрсені көріп, бұл белгісізді адамзаттың данасы құрғанын түсініп жаңа дүние есігін ашады.
Этномұражай экспонаттары
ҚҚЭУ этномұражайы қарамағында «Өткеннің нысандары» үйірмесі жұмыс істейді, маңызды аспектілері келесілер болып табылады:
Тіл дамыту.
1. Эстетикалық бағыт (көркемдікті сезіну және шығармашылық бастауларын дамыту).
2. Тарихи-көркемдік бағыт (өнер тарихын зерделеу).
3. Әлеуметтік-нұсқаулық бағыт (Өнер - әлеуметтік бейімделу құралы)
«Өткеннің нысандары» үйірмесінің мақсаттары:
• ұлттық қолданбалы өнерге деген терең де, тұрақты қызығушылықты дамыту;
• ұлттық қолданбалы өнер шығармаларының мәдени-тарихи контекстік қалыптасуы мен болмысын анықтау дағдыларына үйрету;
• студенттің жеке адам болып қалыптасуының, олардың тұлғалық ерекшеліктерін оптималды дамытуға септігін тигізу, шынайы өмірге шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру.
• «Өткеннің нысандары» үйірмесіне қатысу студенттерге келесі дағдылар мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді:
• бағдарлық ой-санасындамыту;
• өзіндік ой пікірін түйіндеу;
• халықтың материалдық және рухани құндылықтарының эстетикалық, көркемдік жетістіктерін түйсіну;
• қоршаған ортаға деген белсенді шығармашылық қарым-қатынас.
Үйірме мүшелері тәрбие жұмысының белсенді субъектілері болып табылады: олар үйірме отырыстарында зерделенген мұражай экспонаттарын көрсетуде экскурсия жұмыстарын жүргізеді.
![]() |
![]() |
| Экскурсия жүргізушінің Оңтүстік Қазақстан әйелдерінің сұламасы туралы әңгімесі | Экскурсия жүргізуші мұражайға келушілерге сәукелеге тігілетін шашақпен таныстыруда |